Серіктестер

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылыми жұмыстар және инновация проректоры Ержан Рақымжанұлы Керімбеков пен университеттің Әкімшілік және шаруашылық жұмыстары жөніндегі проректоры Ербол Сәбитұлы Шаланов Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Түрік Ынтымақтастығы Координация агенттігінің (TİKA) Қазақстан өкілдігінің директоры Исмаил Гүрлек мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Университетіміз бен TİKA арасында тығыз ынтымақтастық орнату мәселесіне айрықша ден қойылды. TİKA ұйымы арқылы Түркияның алдыңғы қатарлы университеттерімен ұдайы байланыс орнатып, жоғары білім және ғылым, оқу ордаларының инфрақұрылымын дамыту және ортақ платформа арқылы медиа жарияланым мүмкіндіктерін арттыру бағытында тың жобалар әзірлеуге ерекше маңыз берілді. Әсіресе, TİKA-ның ғылым мен білім беру саласындағы қаржыландырылған, нәтижелі іске асырылған тәжірибелері аса қызығушылықпен талқыланды.

Тараптар ОҚМПУ-дың оқытушы-профессор құрамын, студенттерді Түркияға апарып, сондағы жергілікті университеттерінің озық жетіктіктерімен таныстырып, тәжірибе алмасу мәселесін ұйымдастырудың қажеттілігіне қатысты өзара түсіністік танытты.

TİKA ұйымы мен ОҚМПУ арасындағы өзара достық пен әріптестік ауанындағы байланыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.