Академиялық жұмыстар
Академиялық жұмыс: білім беру процесін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымының қызметі.
Қызметтері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып білім беру бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларының сараптауын ұйымдастыру; факультеттердің әдістемелік жұмыс жоспарларын қарау және келісу; жеке пәндер бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын талқылау; жетілдіру жұмыстарын жүргізу; университетте оқу процесін қамтамасыз ету үшін әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау; оқулықтарды, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды, электрондық оқу құралдарын және дидактикалық материалдарын дайындауды ұйымдастыру; оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және педагог қызметкерлерге, жұмыс берушілермен тығыз қарым қатынас орнатуға бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау; элективті пәндер каталогын қарау және бекіту; білім алушылардың білімін, оқу нәтижелерін бағалау үшін тест тапсырмаларын және басқа қорытынды бақылау түрлерінің сапасын сараптамадан өткізу; білім алушылардың өзіндік жұмысын және оқытушының қолдауымен өткізілетін өзіндік жұмыстарды бақылау; оқу процесін цифрлық және әдістемелік қамтамасыз ету; цифрлық, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, вебинарлар, конференциялар, кеңестерді ұйымдастыру және өткізу; білім беру процесін күтілетін оқу нәтижеге жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік, цифрлық және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету; оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс ғылым мен білімді интеграциялау, оқу процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу; университетте педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; ағымдық бақылаудың қорытындыларын талқылау; білім алушылардың құзыреттілігінің сапасын талдау және нәтижелерді жақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу; еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлер мен өндірістік оқыту шеберлеріне оқу сабақтарын өткізу; Сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау; ғылым және техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және практикаға енгізу; оқытудың жаңа технологиялары бойынша, оның ішінде кредиттік технология және қашықтықтан оқыту бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу және енгізу; студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-әдістемелік жұмысының мазмұны мен нысандарын ұйымдастыру, үйлестіру, талдау жатады.