«ШЕКСІЗ ҮМІТ» волонтерлар ұйымы – жастартардың қоғамдық жұмыстарға деген қызығыушылығын арттыруға, жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және сақтау, дене шынықтыруды және спортты дамыту, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге үлес қосады.
Негізгі мақсаты -қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда «Biz Birgemiz» волонтерлық қозғалыс 4 бағыт бойынша жұмыс атқарады. Олар:
• Спорт
• Қайырымдылық
• Тарихи-мәдени
• Экологиялық
Негізгі міндеттері:
1) қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу;
2) волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау;
3) халықтың әртүрлі нысаналы топтарымен және санаттарымен өзара іс-қимылжасауда волонтерлік қызметтің рөлін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
4) волонтерлерге консультация беруді, ақпарат беруді және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізу;
5) волонтерлер топтарын – жоба іс-шараларын орындаушыларды жасақтау;
6) волонтерлық бағыттығы шаралырды көбейту.