Студенттік парламент (Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы) – студенттердің оқуын, тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өздік, қоғамдық қызметінің ерекші үлгісі.
ОҚМПУ Студенттік парламентінің мақсаттары:
• Университеттің беделін арттыру;
• Студенттердің оқуға байланысты мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
• Студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуына жәрдемдесу;
• Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
• Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту;
• Студенттердің университет өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
• Жастардың бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту.