ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
• Орталықты құру мақсатымыз ЖОО-ның білім беру үрдісін ұйымдастыру үшін әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау, студенттер мен оқытушылардың, қызметкерлердің психологиялық қорғалуын қамтамасыз ету, олардың психикалық денсаулығын қолдау мен нығайту.
Негізгі міндеттер:
• студенттер мен қызметкерлердің әсіресе оқыту мен тұлғааралық қарым-қатынас аумағындағы психологиялық мәдениеті мен стресске тұрақтылығын арттыру;
• өзгермелі әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайларына әлеуметтік бейімделуге психологиялық көмек көрсету;
• білім беру үрдісі қатысушыларының негізгі мәселелерін анықтау және олардың туындау себептерін, оларды шешу жолдары мен тәсілдерін айқындау;
• студенттердің ЖОО-да білім алу үрдісінде тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби қалыптасуына ықпал ету;
• білім беру үрдісі қатысушыларын қиын және қысылтаяң жағдайларда психологиялық көмекпен қамтамасыз ету;
• студенттердің жеке тұлғасының шығармашылық дамуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік, психологиялық , педагогикалық және кәсіби жағдайларды жасау;
• шетелдік студенттерге психологиялық көмек көрсету;
• ЖОО оқытушылар құрамының заманауи жастармен жұмыс жасаудағы психологиялық біліктілігін арттыру;
• педагогикалық ұжымға ЖОО-ғы әлеуметтік-психологиялық климатты үйлестіруге көмектесу;
• ЖОО педагогикалық қызметкерлерінің қызметін психология саласындағы ғылыми-әдістемелік материалдармен және нұсқаулармен қамтамасыз етуге көмектесу;
• қажет жағдайда білім беру үрдісі қатысушыларына психологиялық қолдау мен кеңес беру қызметін ұйымдастыру;
• білім беру мекемелерінің психологтарына, мұғалімдерге, ЖОО оқытушыларына, денсаулық сақтау, пенитенциарлық мекемелердің, құқық қорғау органдарының, әскери бөлімдердің тәжірибелік психологтарына кәсіби біліктілігін арттыру контексінде психологиялық оқыту.
СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС:
• психологиялық кеңес беру;
• психологиялық диагностика (жеке және топтық);
• әлеуметтік-психологиялық бағыттағы тренингтер (серіктестік қарым-қатынас дағдылары мен сенімді мінез-құлық дағдылары секілді белгілі бір дағдылар мен икемдерді қалыптастыруға бағытталған);
• жеке тұлғаға бағытталған тренингтер (ішкі жай-күйді түзетуге бағытталған);
• имидж-класстар;
• арт терапия;
• гештальт терапия;
• тақырыптық апталықтарды өткізу (темекіге қарсы, есірткіге қарсы, оқу орнының имиджі, психологиялық қызметтің ашық есік күндері);
• студенттер мен магистранттармен, жалпы білім беру мекемелері психологтарымен және т.б. «дөңгелек үстел» мен конференциялар өткізу;
• психологиялық мастер-класстар өткізу;
• психотерапия саласындағы басқа да білікті мамандар мен тәжірибелік психологтарды шақыру.
"Психологиялық қолдау" орталығы 2ші жатақхана студенттерімен кездесті. Бірінші кезекте студенттердің қазіргі жағдайлары, көңіл-күйлері сұралынып, жаңа семестрді жоғары деңгейдегі қарқынмен бастауларын тіледі. Қазіргі таңда жастар арасында көп кездесетін "Кибербуллинг түрлерінен қорғаудың алдын-алу" тақырыбында семинар-тренинг жүргізіп, түсіндірме жұмыстары өтті. Сонымен қатар, кибербуллинг құрбаны болудың алдын-алу шаралары ескертіліп, тап болуы мүмкін жағдайлар мысалыға келтірілді. Студенттермен осы тақырыпта алдағы уақытта да жұмыстар жасалынуын жоспарладық.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Г.Д.Сүгірбаеваға келіп түскен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусынының
сұраныс хаты бойынша 26.01.2023 жылы «Психологиялық қолдау» орталығы арнайы ұсынысы негізінде «Кәсіби дағдарыс пен күйзеліс жағдайында дәрігер резиденттерге психологиялық көмек көрсету» тақырыбында дәрігер резиденттерге семинар өткізді. Семинар барысында орталық басшысы Г.Т.Айтжанова дәрігер резиденттерге және оқытушыларға күйзелісті жеңу жолдары, емделушілермен жақсы қарым-қатынас орнату бағытында жұмыстар жүргізіп Төлеген Ж.А. және Күмісбек Ұ.Ж психологиялық тренингтер өткізді. Семинар соңында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусынының ұжымы Басқарма төрағасы – ректор Г.Д.Сугирбаеваға және Басқарма мүшесі-Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Б.Қ.Исабекке, «Психологиялық қолдау» орталығына алғыстарын білдірді.