МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІ
Мәдениет бөлімі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен студенттерді өнерге, мәдениет салаларына баулуды, талантты жастардың шығармашылығына қолдау көрсету, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу, өнерлі жастарды қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға дайындауды, қазақ эстрадасына, өнер әлеміне жетелеуді мақсат етіп қойған.
Сонымен қатар, эстетикалық тәрбие беруді және бос уақытын тиімді пайдалануды, жастардың талант көздерін ашуды, жаңа тың көзқарастағы жастардың прогрессивті ой-өрісін дамытуды көздейді.
Мәдениет бөлімінің дыбыс режиссерінің міндеті – мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу істеріне байланысты (концерттер, би кештері, фестивальдер, байқаулар) мәдениеттің түрлі бағыттарындағы көрсетілген іс-шараларда дыбыс шығарушы, дыбыс күшейтуші, электронды және саздық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуші.
Жастарға шығармашылық қызмет көрсету жұмысының әртүрлі құралдары, нысандары мен әдістерін қолдана отырып студенттік жылдардың мазмұнды да қызықты өтуін қамтамасыз етуге, музыкалық өнер өлкесінде елге танымал дарынды жастармен кездесулер өткізіп, студенттердің өнер әлеміне қызығушылығын арттыруға міндеттенеді.