Ұйым жетекшісі: Тұрсынбек Жанерке Нұржанқызы
Мақсаты:
Жастар арасында мемлекет басшысы және «Нұр Отан» партиясының саясатын қолдаушылар қатарын арттыру.
Сіз біз арқылы:
- Жаңа және сенімді достар таба аласыз;
- Мәдени және кәсіби деңгейіңізді көтере аласыз
- Сөйлеу, ортада өзінізді ұстау мәдениетіне уйрене аласыз;
- Елімізде патриотизмді дамытуға үлесіңізді қоса аласыз;
- Студенттік өміріңізді қызықты да, ерекше өткізе аласыз;
- Өмірлік және болашақ жұмысыңызға практика жинай аласыз;
- Оқу орныңыздың атын шығаруға үлесіңізді коса аласыз.
“Жас Отан ” ЖҚ мақсаты:
- “Жас Отан ” ЖҚ-ның мақсаты – Қазақстан Республикасы жастарының жан-жақты дамуы мен олардың зияткерлік және нақты әлеуетін, әлеуметтік мәртебесі мен экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және мәдениетін арттыру үшін әлеуметтік- экономикалық, саяси және басқа да жағдайлар жасау;
- “Жас Отан ” ЖҚ - “Нұр Отан ” партиясының саясатын белсенді жүргізуші жастар арасында оның қызметі мемлекет басшысының және «Нұр Отан» партиясының жастар арасында саясатын қолдаушыларды қалыптастыруға бағытталған;
- Қалыптасқан мемлекеттің берік іргетасын орната отырып, алдағы кезде де халқымыздың бірлігі мен келісімін нығайту;
- Біздің өзекті мақсатымыз – орнықты экономика мен қоғамдық-саяси тұрақтылықтың арқауы болып табылатын қуатты орта тапты қалыптастыру.
«Жас Отан» ЖҚ-ның міндеттері:
- Жастар ұйымдарымен және басқа елдердің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатып, тиісті келісімдер жасау;
- ҚР парламенті депутаттығына, жергілікті және өзін-өзі басқару органдарына кандидаттарды ұсыну;
- Республикада қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессия аралық келісімді қолдауға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізу және оларға қатысу;
- Қызметі «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарын, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететін барлық жастар ұйымдарымен ынтымақтастық жасау;
- Жастар бағдарламаларын, жастар саясаты саласындағы әлеуметтік маңызды жобаларды әзірлеуге, қаыблдауға, бекітуге және оларды іске асыруға белсенді қатысу;
- Еліміздегі жастардың мәдени-бұқаралық, спорт, қайырымдылық және балалар-жасөспірімдер және жастар қозғалыстарын дамытуға бағытталған басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
- «Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ қызметінің түрлі бағыттары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға қатысу.