«Болашақ» пікірсайыс орталығы – студенттердің бойында толеранттылық, шешендік өнер мен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін ерікті бірлестік.
«Болашақ» пікірсайыс орталығы – бұл:
- өз көзқарастары мен перспективаларын кеңейту тәсілі;
- студенттер мен басқа да жастардың қоғамдық бірлестіктері арасындағы ынтымақтастық пен байланыстарды дамыту;
- студенттердің әртүрлі қызыққа толы өмірін қалыптастыру;
- студенттердің бастамалары мен идеяларын жан-жақты қолдау;
- жаңа достар мен пікірлестерді табу.
«Болашақ» пікірсайыс орталығы 8 мектепке жетекшілік етіп, пікірсайыс өтеді. Мектептер арасында қалалық «Болашақ мектеп лигасы» құрылған.
Ұйымның құрамында 52 студент бар.
Орталық төрағасы – Төкен Асқар, Физика-математика факультеті, 1501-19 оқу тобының студенті