Академиялық кеңес жұмыс жоспары
Академиялық кеңес (бұдан әрі-АК) «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КЕАҚ (ОҚПУ) академиялық жұмысын алқалық басқару нысаны болып табылады. АК жұмысы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
АК отырысы екі айда бір рет өткізіледі.
АК отырысында қаралған мәселенің нәтижесі бойынша қатысып отырған мүшелерінің басым көпшілік дауысымен кеңестің ұсынысы қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен академиялық кеңестің шешімдеріне кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Егер АК отырысында оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып отырса, онда академиялық кеңес құқықты өкілетті деп табылады.
АК төрағасы жылына бір рет академилық кеңес қызметінің нәтижелері туралы университеттің Ғылыми кеңесінде есеп береді.
АК-тің әрбір мүшесі кеңестің барлық отырысына қатысуға, оның жұмысына белсенді араласуға, жүктелген тапсырмаларды уақытылы және нақты орындауға тиісті.