Академиялық кеңес (бұдан әрі-АК) «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КЕАҚ (ОҚПУ) академиялық жұмысын алқалық басқару нысаны болып табылады. АК ОҚПУ басқарудың алқалық органдарының бірі болып табылады. АК төрағасы Академиялық істер жөніндегі проректор болып табылады.
АК мүшелері құрамынан АК төрағасының орынбасары болады.
АК мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
АК хатшысы ұйымдастыру және техникалық жұмыстарды орындайды, отырыстарға материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, отырыстардың хаттамаларын жүргізеді.
АК құрамына құрылымдық бөлімдердің басшылары, декандар, кафедра меңгерушілері, факультеттердің оқу-әдістемелік жұмыстарға жауапты оқытушылар кіреді.
АК төрағасы мен мүшелерінің міндеттері:
- университеттің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметтерінің негізге алынатын барлық сұрақтары бойынша шешімдердің қабылдануын ұйымдастыру;
-ОҚПУ құрылымдық бөлімшелерінен АК жұмысына қажетті құжаттар мен материалдарды сұрату және алу;
- білім беру бағдарламаларының тұжырымдамалары мен оқу жұмыс жоспарларын талдау және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі, мазмұнына қорытындылар дайындау үшін, білім беру бағдарламаларының даярлау бағыттары мен оқу-әдістемелік материалдарды рецензиялау үшін сарапшыларды тарту;
- АК жеке мәселелерді қарау тәртібін реттейтін құжаттарды бекіту;
- факультеттерде оқу- әдістемелік жұмыстарды жақсартуға ықпал ететін оқу-әдістемелік сипаттағы түрлі мәселелерді талқылауға шығару;
- АК-нің барлық отырыстарына қатысу және қаралатын мәселелерді талқылауға белсенді қатысу;
- белгіленген мерзімде АК тапсырмаларын орындау.