Академиялық кеңес
Академиялық кеңес (бұдан әрі-АК) «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» КЕАҚ (ОҚПУ) академиялық жұмысын алқалық басқару нысаны болып табылады. АК ОҚПУ басқарудың алқалық органдарының бірі болып табылады. АК төрағасы Академиялық істер жөніндегі проректор болып табылады.
Академиялық кеңестің негізгі міндеттері: оқу процесін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісін ұйымдастыру; университетте шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға жоспарлауды, сараптаманы және ұсынымды ұйымдастыру; университеттегі оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру; оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді талдау және тарату; біліктілікті арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу процесінің мазмұнын талдау; сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу процесін әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау; университетте әдістемелік жұмыстарды үйлестіру; университетте білім беру процесінің жаңа және қолданыстағы технологиялар, әдістер, құралдар нысандарын енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; профессор-оқытушылардың оқыту сапасын, оқу жетістігінің деңгейін сараптамалау және оқу-әдістемелік, шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру; педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды басқару; Білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру және оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; Білім беру саласындағы қызметкерлерді аттестаттауға қатысу.