СҒЗЖ
26.05.2023 ж Түркістан облысы, Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінде “Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру – заманауи білім нәтижесіне қол жеткізудің кепілі” тақырыбындағы ғылыми практикалық конференция өтті.Мақсаты: Жоғарғы оқу орнының ғылыми қызметкерлерімен өзара тәжірибе алмаса отырып, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Ең алдымен ААӘДБ басшысының м.а, п.ғ.д. профессор Б.А.Тойлыбаев сөз бастады. Өз сөзінде аудандық білім бөлімінің физика, математика, информатика пән әдіскерлері, білім беру мекемелерінің физика, математика, информатика әдістеме бірлестік жетекшілері, физика – математика факультеті профессор – оқытушылар құрамы, студенттер жиналып отырғанын, 38 мың оқушы білім алып, осы жылы 44 оқушы елбасы медальімен марапатталғанын сөзге тиек етті. Б.А.Тойлыбаев ОҚМПУ ұжымына өз ұсыныстарын білдіре отырып, ОҚМПУ-мен меморандумға тұру туралы ұсыныс тастады. Меморандум мына 3 бағыт бойынша жүргізіледі:
1) Тікелей жұмыспен қамту;
2) Әдістемелік көмек;
3) Өзара тәжірибе алмасу.
ОҚМПУ студенттерінің білімді, алғыр, жан-жақты екендігін ескере отырып, жұмыспен қамту туралы келісімшарт жасасуды жөн көргенін айтты.
ОҚМПУ-ң физика – математика факультетінің деканы, п.ғ.к. Ибашова Альмира Байдабековна білім беру бағдарламаларын (физика, математика, информатика) талдай келе:
- Мамандықтардың ерекшеліктерін;
- Күтілетін нәтижесін;
- Траекториялар (жұмыс берушілер)
- Бітіруші модель
- Түркиямен (Гази университетімен) ортақ диплом тақырыптарын да қозғады.
ОҚМПУ-ң информатика кафедрасының доценті, п.ғ.к. Нурмухамбетова Гулира Кенжеевна «STEAM білім беру негізінде ғылыми жобалар дайындау» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.
Келесі кезекте, ОҚМПУ-ң математика кафедрасының 3-курс студенті Аманова Алтынай Ержановна «Мамандығым – мақтанышым» тақырыбында кәсіпкерлік дағды туралы сөз қозғады.Сабақ өту барысында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді әдістермен, жүйелермен бөлісті.Дәл осы бағытта оқушылардың білім сапасын тиімді әдіспен көтеру жолдары туралы Қасқасу шжжоббм математика пәнінің мұғалімі - Есмурзаев Бауыржан жалғастырды.
ОҚМПУ-ң математика кафедрасының 1 курс магистранты Үмбетов Руслан Балтабекович өз тәжірибесінен оқушыларды математика пәнінен олимпиадаға даярлау туралы өз әдістерімен бөлісті. Физика пәнінен олимпиадалық, яғни стандартты емес есептерді шығаруда MS Excel және Macromedia Flash бағдарламаларын қолдану мәселелері туралы ОҚМПУ-ң физика кафедрасының 1502-19 тобының студенті Оралхан Ұлданай Сәрсенқызы сөйледі. Ортаға өз авторлық кітабын көрсетіп, бағдарламалардың әрқайсысына тоқталып өтті. Ал, физикалық эксперименттік есептерді шығаруда AR және VR әдістері, ОҚМПУ базасы туралы ОҚМПУ-ң физика кафедрасының 1502-19 тобының студенті Әбілқасым Аружан Бауыржанқызы айтып өтті.
ОҚМПУ-ң 1-курс магистранты Миннахмитова Лаура Раисовна «Развитие вычислительного мышления младших школьников при обучении Scratch» тақырбында сөз қозғаса, математика сабақтарында цифрлық білім беру ресурстарын қолдану туралы ОҚМПУ-ң математика кафедрасының оқытушысы Егембергенова Маржан Ыбырайханқызы, 4-курс 1508-29 тобының студенттері Жұмаева Назым Әмірқызы, Палванова Гулноза Мухиддинова сөз сөйлеп, Padlet тақтасы арқылы конференция мүшелерінен кері байланыс алып, қорытындылады.
Қорытындылай келе, конференция өте жоғары деңгейде өтті, құнды мәліметтер айтылды. Төлеби ауданында өтілген конференция алдағы көптеген жақсы жаңалықтардың бастауы болатынына сенеміз!