Кәсіби бағдар

Ақпараттық күн "Қайда оқығым келеді?". 10.03.2023ж. күні Физика-математика факультетінің деканы - п.ғ.к., доцент м.а. А.Б.Ибашова, Математика кафедрасының оқытушысы Қ.Әтірбек 2022-2023 оқу жылының кәсіби бағдар жұмыстары бойынша № 52 мектеп-лицейінің бітіруші сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті туралы толық ақпарат беріп,оқушыларды университетімізге оқуға түсуге шақырды. Кездесу соңында оқушылар педагогикалық мамандықтарға түсу үшін қажетті ҰБТ шектік балл туралы, университетіміздің үйірмелері, техникалық базасы, кітапхана, жатақханалары жайлы маңызды сұрақтарына мардымды жауап алды.

 

 

«ОҚМПУ-ға  85 жыл»: 2022 жылғы мектеп түлектері

 ұстаздар ұстаханасымен танысты.

 

Шымкент қалалық Білім басқармасымен ОҚМПУ арасындағы 2020 жылы 11 қарашада түзілген Ынтымақтастық меморандум аясында болашақ педагог мамандар даярлайтын  ЖОО-ның  85 жылдығына орай 2021 жылы 22-29 қазан аралығында  «Мен 85 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнын таңдаймын»  апталық - акция өткізілуде. Өткен аптада бастау алған іс-шараны бүгін Физика-математика факультеті жалғастырды. Шараға 275 мектеп оқушысы қатысты, олар: БИЛ, №77, №7, №93, №33, №131, №41, №92, №2, №51, №49, №89, №90, №96, №60 мектептер.

Акция барысында қала мектептерінің бітіруші сынып оқушылары мен колледж студенттері университет базасымен, профессор-оқытушылар құрамымен, ғалымдармен, студенттермен танысып, университеттің жетістіктері мен заманауи мүмкіндіктері туралы ақпараттармен алмасты. Факультетке қарасты БББ бейне-ролик арқылы таныстырылды. Салтанатты жиынды оқу ордамыздың ректоры Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы ашып, оқушыларға сәттілік тілеп, киелі қара шаңыраққа оқуға шақырды. Келесі кезекте Басқарма төрағасының орынбасары- академиялық мәселелер жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызы және факультет деканы Ибашова Альмира Байдабековна сөз алып, оқушыларға мамандық таңдаудан қателеспеулерін, педагог мамандардың сұраныста екенін түсіндіріп өтті. Және де факультеттің үздік студенті Президенттік шәкірт ақы иегері Бимырзақызы Ұлдана сөз алып, оқушыларға өзі таңдап түскен ОҚМПУ-дың ерекшеліктері мен білімгерлерге жасалған ерекше жағдайлар жайлы әсерімен бөлісті. Талапкерлерге университетіміздің нұсқаулық журналы, буклеттер үлестірілді.