Тәрбие жұмыстары
Бүгін университетіміздің 85 жылдық мерейтойы аясында жазушы ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ 90 жылдық мерейтойына орай
Физика-математика факультеті мен университет кітапханасы бірлесіп «Қазақтың Шерағасы» тақырыбында оқырмандар семинары өтті.
Бүгін 28-қыркүйек белгілі халық жазушысы, қоғамдық-саяси қайраткер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, баспасөз баһадүрі Шерхан Мұртазаның туған күні.
Жазушы биыл 90 жасқа келер еді. Осы атаулы күні факультет студенттері жазушының рухына тағзым етіп, «Бір кем дүние» кітабынан үзінділер оқыды, ән айтылып, әуезді күй шертілді.
Жастарға «Шерхан Мұртаза – қазақ әдебиетінің қызыл жебесі” атты библиографиялық көрсеткіш үлестірілді.
2022 жылғы 14 қыркүйек, сағат 16:00-де ОҚМПУ, «Шаңырақ» ғимаратының, 236 аудиторияда Басқарма мүшесі – Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызының қатысуымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 1-қыркүйек күнгі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау, түсіндіру мақсатында факультет ОПҚ және студент жастармен «Берекелі қоғамның берік іргетасы» тақырыбында семинар жиын өтті.
Іс-шара барысында факультет деканы, п.ғ.к., Ибашова Альмира Байдабековна «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» тақырыбында баяндама жасады.
Келесі кезекте сөз алған «Математика» кафедрасының меңгерушісі Жетпісбаева Гүлжан Оразбекқызы «Жаңа экономикалық саясат» және «Физика» кафедрасының меңгерушісі Орманова Ғания Кемаловна: «Мемлекетіміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық жаңғыруына, Әділетті Қазақстан құруға бағытталған бастамалар» және «Информатика» кафедрасының меңгерушісі Сулейменова Лаура Аскарбековна «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму» тақырыптарында өз баяндамаларымен жолдаудың саяси және заңды сабақтастықтарына терең тоқталды.
Жиын барысында факультет студенттерінің жолдау бойынша көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға баяндамашылар тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды. Жиынды қорытындылаған Басқарма мүшесі – Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қашқынқызы Жолдаудағы айтылған тапсырмаларды орындау мемлекеттің болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстар екеніне тоқтала келе, ұжым мүшелері мен жастарды жолдауды қолдау мен жүзеге асыруда ұйымшылдық танытуға шақырды.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 100 Жаңа оқулық залында болып жатқан көрмеге "Физика-математика" факультетінің 2-курс студенттері қатысып, өздеріне қажетті оқулықтарды таңдап алды. Студенттердің оқуына қажетті жаңа оқулықтармен қамтамасыз етіп жатқан Университет Басқармасына алғыс білдіреміз.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Физика- математика факультетінің “Студенттік ғажап шақ, қадірін біліп ұға алсақ!” атты 1-курс студенттеріне “АРНАУ” кеші өтті.
Университет басшылығы бастаған көрермендерге факультеттің өнерлі жастары,
"Еркем ай” би тобы және робототехник дарындар өнер көрсетті.
Кеш соңында бітіруші курс студенттері 1-курстарға арнап естелікке №1 Студенттер үйінің аллеясына ағаш екті.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Физика-математика факультетінің, Информатика кафедрасының магистр-оқытушылары №4 Студенттер үйінде кезекшілікте болды.
Кезекшілік барысында қыздарға тазалық, тәртіп туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар студенттер үйінің оқу залында студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында " Сандық әлем" тақырыбында тренинг өткізілді. Сондай ақ Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына арналып жасалған сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Студенттер белсене қатысты.
Тексеру іс-шаралары әр апта сайын жүргізілетіні ескертілді, тәртіпті бұзғандар мен тазалықты сақтамағандарға тиісті шаралар қолданылатыны ескертілді.