Математика кафедрасы

Кафедра тарихы

 

 « МАТЕМАТИКА»  КАФЕДРАСЫ

            «Математика» кафедрасының негізі 1938 жылы қаланған. 1938-1945 жылдары мұғалімдер институтында жалғыз ғана «Физика және математика» кафедрасы жұмыс істейтін еді, оның меңгерушісі Берн (Швейцария) университетін бітірген Шейнессон С.Г. болды. 1945-1954 жылдары бұл кафедра екіге бөлініп, математика (меңгерушісі Шейнессон С.Г.) және физика кафедралары құрылды  (меңгерушілері Горячко Г.В., Юделевич И.Г. кейіннен 1957-1971 жылға дейін Арипов Абдулла Әлімбайұлы).

Мұғалімдер институты педагогикалық институт болып қайта құрылғаннан кейін «Математика»  кафедрасы   1956 жылы екіге бөлінді: «Элементар математика» кафедрасы (меңгерушісі Бектаев Қ.Б. 1956-1971) және «Жоғары математика» кафедрасы (бұл кафедраның меңгерушілері қызметін доцент Цой А.Г. (1957-1958), (1960-1969), Цой И.П. (1958-1960), Абенова М.А. (1969-1974), Мамаев Л.И. (1974-1986) және Қырғызбаев Ж.Қ.(1986-1997) атқарды).

“Геометрия және математиканы оқыту әдістемесі” кафедрасы 1970 жылы ашылып оның меңгерушісі қызметін әр жылдары доцент Мостовой А.И. (1970-1977), доцент Абенова М. (1977-1989), доцент Ильясов Ш.М. (1989-1995), доцент Қ.Абдрахманов (1995-1997) атқарды. 1997 жылы бұл кафедралар «Жоғары математика» кафедрасына біріктіріліп, оның меңгерушісі қызметін доцент Қ.Абдрахманов (1997-2004), доцент Н.Иманбаев (2004-2007), доцент Абдрахманов Қ. (2007-2011) атқарды.

2011ж. шілдеде бұрынғы Шымкент педагогикалық институты қайта құрылып, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты» ашылғаннан кейін 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап жоғары математика, физика және кәсіптік оқыту кафедралары біріктіріліп, «Математика, физика және кәсіптік оқыту» кафедрасы болып ашылды. Оның меңгерушісі болып ф-м.ғ.к., доцент Қ.Абдрахманов тағайындалды. Кафедрада 27 оқытушы-профессорлар жұмыс істеді, олардың 4-і ғылым докторлары, 17-і ғылым кандидаттары.

2012ж. «Кәсіптік оқыту» мамандығының бөлінуіне байланысты «Математика, физика және кәсіптік оқыту» кафедрасы  «Физика-математика» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі болып ф-м.ғ.к. Д. Бердалиев, 2016 жылдан бастап п.ғ.д. Р.И.Кадирбаева  тағайындалды. «Физика-математика кафедрасында»  5В011000-Физика, 5В010900-Математика, 5В012600-Физика-математика, 5В012800-Физика-информатика мамандақтарының және осы мамандықтардан магистратура мен докторантура ашылуына байланысты 2018-2019 оқу жылынан бастап кафедра «Физика» және «Математика» болып екіге бөлінді. Қәзіргі таңда кафедрадағы білім беру мамандықтары 6В01501-"Математика мұғалімін даярлау" және 6В01508-"Математика-физика мұғалімін даярлау". 

Бүгінде «Математика» кафедрасының меңгерушісі - п.ғ.к. Жетпісбаева Г.О.  Кафедрада 20,0 штат бірлігінде 20 оқытушы-профессорлар жұмыс атқарады. Оның  ішінде ғылым докторы – 3 (1 профессор, 2 доцент), ғылым кандидаты  - 12 (1 профессор, 6 доцент, 1 PhD, 4 аға оқытушы), магистр оқытушы - 5. Кафедраның  ғылыми дәрежелілігі   75 % құрайды.  

   Профессор Н. Иманбаевтың 0-ден жоғары  импакт-факторлы журналдарда (Thomson Reutors, Scopus, Shpringer) 10-нан астам мақаласы   жарық көріп,  Web of Science, Thomson Reuters ақпараттық деректер қорындағы Хирш индексі h=4-ке, Scopus ақпараттық деректер қорындағы Хирш индексі h=4-ке көтерілді. 2018-2019 оқу жылындағы университет профессор-оқытушылар құрамының арасындағы рейтингте 1908 балл жинап, I-ші көш басшы орынға ие болды және 1 монографиясы Германияда басылып шығарылды.  ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым Комитетінің 2015-2017 ж.ж. аралығында Математика және математикалық модельдеу институтынан жеңіп алған "Неусиленно регулярные спектральные задачи: Описание классов краевых условий и устойчивость свойства базисности корневых векторов" тақырыбындағы 0825/ГФ4 нөмірлі ғылыми жобаның жетекшісі болды. 2018 жылы, 2020 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізген ұлттық рейтингтің жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар құрамының (ТОП-50) бас рейтингісіне енгізілді және  2018 жылы «Жоғары орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болды.

Кафедра п.ғ.д., доцент Р.И.Кадирбаеваның жетекшілігімен ҚР БжҒМ-нің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына қатысып, «Болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін ақпараттық-коммуникациялық пәндік орталарды әзірлеу арқылы қалыптастыру» тақырыбында 14 768 955,98  тенге көлемінде грант ұтып алып, оның қорытынды есебі өткізілді.  Осы ғылыми-зерттеулерімізді   жалғастыру мақсатында биылғы жылы «Іске асыру мерзімі 12 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа»  қатысып, нәтижесінде, «Аралас оқыту технологияларын қолдана отырып болашақ математика мұғалімдерін даярлау процесін жетілдіру» тақырыбында 5 млн тенге  қаржы көлемінде грант жеңіп алдық. Бұл жоба 2020 жылдың қазан айынан басталып, 2021 жылдың қазан айына дейін 12 ай жүргізіледі.

Соңғы 5 жылда  кафедрада 2 монография, 378 ғылыми мақала жарияланды, оның ішінде: жоғары импакт-факторы бар журналдарда: Scopus және Thomson Reuters, РИНЦ – 57; ККСОН басылымдарында – 56; халықаралық ғылыми конференциялар жинақтарында - 164; басқа басылымдарда  - 97; зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы 6 куәлік. Thomson Reuters және Scopus базасы бойынша кафедраның 2 оқытушысында Хирш индекстері бар: профессор Н.С.Иманбаевта - 5 (Thomson Reuters); 5 (Scopus), аға оқытушы М. А. Джаманқараевада – 1 (Thomson Reuters) және 1 (Scopus).