Математика кафедрасы
Профессор-оқытушылардың жетістіктері
Профессор кафедры математики ЮКПУ им. О.Жанибекова Н.С. Иманбаев – ГНС от Института математики и мат. моделир.(г. Алматы) выиграл на конкурсе грантовое финансирование по научным проектам на 2024-2026 годы – 36 месяцев Комитета науки МНиВО РК Тема проекта: «Двухточечные нелокальные задачи для оператора двукратного дифференцирования со спектральным параметром в краевом условии. Анализ случаев»
23-ші мамыр 2024 ж. бас ғимараттың 234-ші ауд., сағ. 10.00-де Математика кафедрасында өткізілетін республика деңгейіндегі жалпы қалалық «Дифференциалдық теңдеулер және олардың қолданысы» атты ғылыми семинардың биылғы оқу жылындағы ресми соңғы отырысы өтті.
"Комплекс мәнді коэффициенті бар төртінші ретті параболалық теңдеу үшін кері есептің шешімділігі туралы" тақырыбында
Иманбетова Асельхан Бостандыковна — М.Әуезов атындағы ОҚУ, 2 курс докторанты, ғылыми жетекшісі: ф.-м.ғ.д., профессор Сәрсенбі Әбдіжаһан — Манапұлы жасады. Семинарға кафедраның аға оқытушылары, ф.-м.ғ.к. М.А. Жаманқараева мен Ph.D Б.Н. Сейлбеков, кафедра меңгерушісі,
пед.ғ.к. Г.О. Жетпісбаева, магистранттар мен 3-ші курс студенттері және ОАИУ-нен семинардың тұрақты мүшелері ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов пен ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой, М. Әуезов ат. ОҚУ докторанттары қатысты. Баяндамада алынған және халықаралық рейтингтегі көрсеткіші жоғары басылымдарда жарияланған нәтижелер қызу талқыланды. Пікірлермен қызу талқылауға семинардың жетекшісі, ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев пен
ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов және Ph.D Б.Н. Сейлбеков қатысып, диссертациялық жұмыстың құндылығын атап өтті.
25-ші сәуір 2024 ж. күні бас ғимараттың 234-ші ауд. Математика кафедрасының республика деңгейіндегі жалпы қалалық «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданысы» атты ғылыми сеаминары өтті. Семинардың ғылыми жетекшісі, ф.-м.ғ.к., профессор Нұрлан Сайрамұлы Иманбаев «Регулярлы шеттік шарттармен берілген үшінші ретті құрамдас типті теңдеудің меншікті мәндері мен меншікті функциялары» тақырыбында баяндама жасады. Меншікті мәндердә есептеу бүтін аналитикалық функцияның нөлдерін табумен, олардың комплексті жазықтықта орналасуымен тікелей байланысты екеніне мән беру керектігі туралы теорема дәлелденді. Семинар барысында ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов (ОАИУ) -алынған нәтиженің негізгі мағынасы берілген шеттік шарттардың күшейтілген регулярлы болуына байланысты меншікті функциялар жүесінің Рисс базистілігін құрайтындығына аса көңіл аудару туралы оң пікірлер айтты. ОАИУ-нен келген ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой пікілерімен бөлісті. Семинарға ф.-м.ғ.к. М.А. Жаманқараева, М.Әуезов ат. ОҚУ докторанттары, Ө. Жәнібеков ат. ОҚПУ, Математика кафедрасының магистранттары мен дипломдық жұмыс жазып жатқан студенттар мен 3-ші курс студенттері де қатысты. Бұл семинар Ғылым күні мейрамымен байланыстырылды.
28.03.2024 ж. сағ. 14.00 -де бас ғимараттың М. Шаханов атындағы аудиториясында Математика кафедрасының республика деңгейіндегі жалпы қалалық «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданысы» атты кезекті ғылыми семинары өтті. Семинарда екі баяндамалар тыңдалды. «Фармацевтикалық өндірістің инженерлік технологиясында MathCAD қолданбалы бағдарламалар пакетін пайдалану» тақырыбында М. Әуезов атындағы ОҚУ ғылыми қызметкері В.В. Гавриков баяндама жасады. Электрлік токтың кернеулігі мен ток қуатына байланысты дәрі жасау жабдықтарындағы математикалық модельдің құрылуы және MathCAD бағдарламалық пакеттің көмегімен есептеу әрекетін баяндады. «Бірінші ретті жүктелген периодтық шеттік шартпен берілген дифференциалдық оператормен толқытылмаған дифференциалдау оперторының меншікті функцияларының квадраттық жуықталуы» тақырыбында семинар жетекшісі, профессор Н.С. Иманбаев баяндама жасады. Характеристикалық анықтауышының бүтін аналитикалық функция болатындығы, оған Руше теоремасының қолданылуы туралы толықтай мәліметтермен дәлелдеулер көрсетілді. Талқылауда В.В. Гавриков, Ph.D Б.С. Сейлбеков, ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой пікірлерімен бөлісті. Факультет деканының орынбасарлары, магистрлер А. Битемір мен Қ. Әтірбек, магистрант Э. Лесбекова, докторант А. Қаратаев, 3-4 курс студенттері, М.Әуезов ат. ОҚУ — Ph.D Э. Мүсірепова, докторант Манат қатысты. Жалпы функциялар теориясымен дифференциалдық теңдеу арасындағы тығыз байланыстың дербес көрінісі демонстрацияланды.
128-ші ақпан 2024 ж. сағ. 12.00 -де Математика кафедрасында, 307-ші ауд. 30 жылдық тарихы бар республика деңгейіндегі жалпы қалалық «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты ғылыми семинары өтті. Семинарға арнайы Алматы қаласынан Математика және математикалық модельдеу институтының бас директоры, ҰҒА корр.-мүшесі, ф.-м.ғ.д., профессор, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Махмуд Абдысаметұлы Садыбеков келді. Семинарға ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой, ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов (ОАИУ, Шымкент), ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ОҚФА кафедра меңгерушісі М.Б. Иванова, ғылыми қызметкер В.В. Гавриков, Ph.D Ә.Ә. Сәрсенбі (Ж. Ташенев универ), Ph. D Э. Мүсірепова, ф.-м.ғ.к., кауымдастырылған профессор Ғ.Ә. Бесбаев (М. Әуезов ат. ОҚУ), Ph.D Б. Сейілбеков, Математика кафедрасының оқытушылары мен докторанттары, магистранттары, 3-4 курстың үздік студенттері, М.Әуезов ат. ОҚУ докторанттары қатысты. Семинар жетекшісі ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев пен ф.-м.ғ.д., профессор М.А. Садыбеков «Шеттік шарттарда спектралдық параметрдің сызықтық түрде енген бір спектралдық есептің түбірлік функциялар жүйесінің элементтерінен шартсыз базис құру» мәселесі бойынша күрделі мәселені талқылау аясында баяндама жүргізілді. ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов, ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой, Ph.D Б. Сейілбеков сұрақтар қойып талқылауға үлес қосты. Интегралдық толқыту 1-ші шеттік шартқа жасағандағы характеристикалық анықтауыштың айқын түрін профессор Н.С. Иманбаев көрсетті, толқытылған Самарский-Ионкин есебінің меншікті функциялар жүйесі арқылы квадраттық жуықтап есептеу қажеттігі туралы тың идеяны профессор Махмуд Садыбеков ұсынды. Жастарды ғылымға тарту, қазіргі таңда ғылымға жақсы қаражат бөлініп жатқандығы туралы да М. Садыбеков айтып өтті.
20 ақпан 2024 ж. сағ. 11.00 -де бас ғимараттың 307 аудиториясында, Математика кафедрасында республикалық мәртебесі бар жалпы қалалық «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданыстары» атты ғылыми семинары өтті. «Комплексті айнымалылы төртінші ретті гиперболалық теңдеу үшін қойылған кері есеп» тақырыбында Математика кафедрасының аға оқытушысы, ғылыми математика мамандығы бойынша Ph.D Сейілбеков Болат Нағашыбекұлы баяндама жасады. Баяндамада Дирихле және Нейман шекаралық шарттары бойынша комплекс мәнді коэффициенті бар төртінші ретті гиперболалық теңдеу үшін кері есептердің классикалық шешімі бар және жалғыздығы зерттеледі. Айнымалыларды бөлу әдісін қолдана отырып, өз-өзіне түйіндес емес төртінші ретті жай дифференциалдық оператордың меншікті функциялары бойынша Фурье қатары түрінде формальды шешімдер алынғандығы жайында жаңа ақпарат мәлімделді. Семинарға М. Әуезов атындағы ОҚУ -нен келген Ph.D Э. Мүсірепова, докторанттар, ғылыми қызметкер В.В. Гавриков, ОАИУ — дан келген ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой, Ж. Ташенев университетінен келген Математика-информатика кафедрасының меңгерушісі, Ph.D Пазылбек Сапарғали, IT факультетінің деканы Бексұлтан Оразов және Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ докторанттары Әтірбек Құралай, Қаратаев Абай, Математика кафедрасының оқытушылары, магистранттары, 3-ші курстың үздік студенттері, физика-математика факультетінің декан орынбасары Битемір Айдана, семинар жетекшісі ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев қатысты. Тақырыптың талдауына, жарыссөзге семинар жетекшісі профессор Н.С. Иманбаев пен доцент А.В. Роговой қатысты.
29 қаңтар 2024 ж. сағ. 11.00 -де бас ғимараттың 307-ші ауд. Математика кафедрасында профессорлар Н.С. Иманбаев пен Ә.М. Сәрсенбінің (М. Әуезов ат. ОҚУ) жетекшілігіндегі дәстүрлі біріккен жалпы қалалық «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты кезекті ғылыми семинар өтті.
Эльмира Мүсірепова (Ph.D — ғылыми Математика мамандығы бойынша, М. Әуезов ат. ОҚУ) «Инволюциясы бар толқын теңдеулері үшін аралас есептердің шешімділігі» тақырыбында баяндама жасады. ОАИУ-нен келген ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов пен ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой және Ph.D Б.Н. Сейілбеков (ОҚПУ), профессор Н.С. Иманбаев, тақырыпқа комментарийлермен бөлісе отырып талқылаулар жүргізді. Баяндамада классикалық Фурье әдісі арқылы айнымалыларды ажыратып, жәй 2-ші ретті инволюциялы дифференциалдық оператор үшін Дирихле, Нейман, периодтық, антипериодтық есептердің комплексті айнымалылы жағдайында меншікті мәндерінің еселігі есептеліп,сәйкес меншікті функциялар жүйесінің ортонормаланған базистілігі, сонан соң Рисс базисін құратындығы дәлелденген. Кері операторға сәйкес Грин функциясының айқын түрі жазылған, өзіне-өзі түйіндес емес оператордың айқын түрі келтірілген. Толқындық теңдеудің шешімділігі q(x) потенциалына байланысты анықталған. Семинарға физика-математика факультетінің деканы, пед.ғ.к. А.Б. Ибашова, Математика кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.к. Г.О. Жетпісбаева, декан орынбасары А. Битемір, докторант А. Қаратаев, магистранттар мен дипломдық жұмыс жазып жатқан 4-ші курс студенттері, М. Әуезов ат ОҚУ ғылыми математика бағытындағы докторант А. Бейсебаева және т.б. докторанттар қатысты.
2023 ж. 4-8 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясының Кабардин-Балкар Республикасы, Нальчик қаласындағы Қолданбалы математика және автоматизация институтында өткен «Бейлокалды шеттік есептер» атты VII -ші Халықаралық ғылыми конференциясына Математика кафедрасының профессоры Нұрлан Сайрамұлы Иманбаев арнайы шақырумен барып қатысты. 5-ші желтоқсан күні Қазақстан жағынан Шеттік есептер секциясының модератор-жетекшісі болды, 6-шы желтоқсан күні «Базистік қасиеттері жоқ 2-ші ретті регулярлы толқытылған дифференциалдық оператордың түбірлік векторлар жүйесі туралы» тақырыбында университетіміздің атынан баяндама жасады.
2023 ж. қарашаның 23-24 күндері Математика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Сайрамұлы Иманбаев Ташкент қаласындағы В.И. Романовский атындағы Математика институтында өткен «Дифференциалдық теңдеулердің заманауи мәселелрі мен қолданыстары» атты халықаралық ғылыми конференцияда, университетіміздің атынан «Сегменттегі жүктелген дифференциалдау операторының бүтін функцияның нөлдерімен байланысы» тақырыбында 24-ші қараша күні баяндама жасады.
07.10.2023 ж. сағ. 10.30 — да 307-ші аудиторияда ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев пен ф.-м.ғ.д., профессор Ә.М. Сәрсенбінің (М. Әуезов ат. ОҚУ) жетекшілігіндегі жалпы қалалық «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты ғылыми семинар болып өтті. ОАИУ, Шымкент қ. келген ф.-м.ғ.к., доцент Александр Викторович Роговой «Аралас типті оператордың минималдылық критерийі» тақырыбында баяндама жасады. Семинарға Математика кафедрасының 1- 2-i курс магистранттары мен М. Әуезов ат. ОҚУ докторанттары және ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов (ОАИУ), Ph.D Э. Мүсірепова, (М. Әуезов ат. ОҚУ), магистр-оқытушы А. Битемір, Ph.D, аға оқытушы Б.Н. Сейілбеков, ф.-м.ғ.к., аға оқытушы М.А. Жаманқараева қатысты. Семинар барысында талқылауға профессор Ә.М. Сәрсенбі, ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов, профессор Н.С. Иманбаев қатысып пікірлер білдірді.
02.10.2023 ж. — 07.10.2023 ж. аралығында Түркияның Анталья қаласында Түркия, Швеция, Ресей, Өзбекстан, Бельгия, Әзірбайжан мемлекеттерінің функционалдық анализ саласының белгілі ғалымдарының қатысуымен болып өткен International Mathematical Conference «Functional Analysis in Interdisciplinary Applications» конференциясында профессор Нұрлан Сайрамұлы Иманбаев «Construction of an unconditional basis from elements of the system of root functions of a spectral problem with a linear occurence of the spectral parameter in the boundary condition» тақырыбында 04.10.2023 ж. Анталья уақытымен сағ. 12.15-12.30 университет атынан баяндама жасады.
03 маусым 2023 ж. күні университетімізде математиктердің жалпы қалалық «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты ғылыми семинарының жоспардан тыс республикалық деңгейдегі отырысы болып өтті. Ғылыми семинарға Алматы қаласы Математика және математикалық институтынан арнайы келген академик Т.Ш. Кальменов пен ҰҒА корреспондент-мүшесі М.А. Садыбеков, М. Әуезов ОҚУ -нен ф.-м.ғ.д., профессор Ә.Ә. Сәрсенбі, ф.-м.ғ.д., профессор Т.Р. Аманбаев, техника ғ.д., профессор Б.Р. Исмаилов, Мирас университетінен ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой, ОҚ фарм. академияның кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.Б. Иванова, Шымкент университетінен ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов, ОҚМПУ-нен Ph.D Сейлбеков Б., магистр-оқытушылар А. Битемір, Қ. Әтірбек, ОҚМПУ мен М. Әуезов атындағы ОҚУ докторанттары мен магистранттары, бітіруші студенттер және семинардың жетекшісі, ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев қатысты. «Регулярлы шеттік есептердің шешімдерінің интегралдық түрлері» тақырыбында академик Тынысбек Шәріпұлы Кальменов баяндама жасады. Баяндамада шекаралық шарттардың өзіне-өзі түйіндестілігі құрылып, тұйіндес шеттік шарттармен түйіндес операторлардың табылатындығының дәлелдеуі айтылды. Пікір сайыста осы мәселені профессорлар М.А. Садыбеков пен Ә.Ә. Сәрсенбі қызу талқылады. Сонан соң, «Геллерстедт операторының минималдылық критериі» тақырыбында ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой мен академик Т.Ш. Кальменовтың бірге дайындаған баяндамасы тыңдалды. Баяндама үшбұрышты характеристикалық аралас аймақтағы Геллерстедт теңдеуінен туындайтын аралас типті дифференциалдық оператордың шешімділігінің қажетті және жеткілікті шарттары дәлелденгені жөнінде болды. Профессор М.А. Садыбеков қызу талқылай отырып, құнды пікірлер ұсынды. Соңғы баяндаманы ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев пен ҰҒА корреспондент-мүшесі М.А. Садыбеков «Шеттік шарттарында спектралдық параметрі сызықтық түрде енген екінші ретті дифференциалдық оператордың түбірлік функцияларының шартсыз базистілігін құру» тақырыбында бірге баяндама жасады. Гильберт кеңістігінде қарастырылып отырған оператордың меншікті функцияларының жүйесі тек қана жақшалы базис құрайтындығын, бірақ шартсыз базис болмайтындығын профессор Н.С. Иманбаев баяндады, сонан соң көмекші Рисс базисін құрайтын функциялар жүйесін таңдауды, сол жүйемен зерттеліп отырған есептің меншікті функциялар жүйесінің квадраттық жақындығын және бір элементін алып тастағаннан кейін ол жүйенің шартсыз базис құратындығын профессор М.А. Садыбеков тұбегейлі баяндап берді. Талқылауға, комментарийлерге профессор Ә.Ә. Сәрсенбі мен академик Т.Ш. Кальменов пен ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов ерекше құлшыныспен қатысты. Түстен кейінде бұл семинар өзінің жұмыстық формадағы жалғасын тапты. ҰҒА корреспондент-мүшесі М.А. Садыбеков, ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов, ф.-м.ғ.д., профессор Ә.Ә. Сәрсенбі мен ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев Штурм-Лиувилл операторының спектралдық теориясындағы базистілік мәселесіне байланысты бірнеше есептерді талқылады. Сонымен таңертең сағ. 10.00 -де басталған семинар кешкі 17.30- ға дейін жұмыс істеді.
24 мамыр 2023ж., сағ 11:00 де 307 аудиторияда Математика кафедрасында өткізілетін жалпы қалалық «Дифференциалдық теңдеулер және олардың қолданулары» атты ғылыми семинары өтті.
«Біртекті дифференциалдық теңдеулер жүйесінің шешімдерінің орнықтылығы» тақырыбында ф.-м.ғ.к. М.А. Джаманкараева баяндама жасады. Жарыссөзде профессор Н.С.Иманбаев, ф.-м.ғ.д., профессор А.М.Сәрсенбі, Ph.D. Б.Сейлбеков пікірлер айтты.
Аға оқытушы Ж.Садуакасова, магистр-оқытушы А.Битемір, Ж.Тәшенов университетінен ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ғ.А.Бесбаев, Ph.D. А.А.Сәрсенбі, Мирас университетінен ф.-м.ғ.к., доцент А.В.Роговой және магистранттар мен докторанттар қатысты.
Математика кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.к., Иманбаев Нұрлан Сайрамұлының Web of science базасындағы Хирш индексі (h=6), Scopus базасындағы Хирш индексі (h=8) көтерілді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Физика-математика факультетіне қарасты «Математика» кафедрасының 15.05.2023ж. күні педагогика ғылымдарының докторы, доцент Ибрагимов Раскул Ілімұлының 70-жылдық мерейтойына орай “МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР” атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өтті. Семинар мақсаты: Математиканы оқытудағы инновациялық технологияларды қолданудың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы тәжірибе алмасуы. Семинардың модераторы Физика-математика факультетінің деканы, п.ғ.к., А.Б. Ибашова жүргізді. ОҚМПУ-нің Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Е.Р. Керімбеков құттықтау сөзін сөйлеп семинарды ашып берді. Туркия мемлекетінің Анкара қаласының Гази университетінің ректор кеңесшісі Prof.Dr. HALİL İBRAHİM BÜLBÜL семинарға өзінің оң бағасын беріп, құттықтау сөзін айтты. Семинардың өзекті мәселесі болған «Виртуалды математика көмекшілері (SeMA): виртуалды болашақ математика мұғалімдері» атты тақырыпта Туркия мемлекетінің Анкара қаласының Гази университетінің Prof.Dr. Ahmet ARIKAN өз баяндамасын көпшілікке ұсынып, екі ел арасындағы ғылыми-практикалық жаңалығымен бөлісті. «Математиканы оқытудағы мобилдік технологиялар» атты тақырыпта Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы, жұмыспен қамту және кедейлікті азайту министрлігі, Еңбек нарығын зерттеу институтының инновация және докторантура бөлімінің меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Тожиев Мамаражаб өз баяндамасын көпшілік назарына ұсынды. «Болашақ ақпараттандыру саласы мамандарының лидерлік сапаларын жетілдірудің ерекшіліктері» атты тақырыпта Түркістан қаласы, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Беркимбаев Камалбек өз баяндамасын көпшілік назарына ұсынды. «Функцияның нүктедегі үздіксіздігін интуитивті зерттеуде maple компьютер математика жүйесін қолдану» атты тақырыпта Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Калимбетов Бурхан Тешебаевич баяндама жасап, тақырыптың өзекті болған тұстарына жеке-жеке тоқталып, компьютерлік бағдарламаларды қолдану ерекшелігіне талдау жасады. «Математиканы оқытуда сандық білім ресурстарын қолдану» атты тақырыпта Шымкент қаласының Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Жунисбекова Ултуар Дуйсебаевна өз баяндамасында сандық білім беру ресурстарын қолдану барысының ерекшеліктерін көпшілік назарына ұсынды. Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысушылар өздеріне қажетті дүниелерін алды деген сенімдеміз.
7-ШІ СӘУІР 2023 Ж. Профессор Н.С. Иманбаев «Кесіндідегі толқытылмаған және толқытылған дифференциалдау операторының квадраттық жақындығы » тақырыбында Алматы қаласында өткен ғылым күніне арналған Дәстүрлі халықаралық математикалық сәуір конференциясында Дифференциалдық теңдеулер және функциялар теориясы секциясында баяндама жасап қайтты.
Кафедрамыздың аға оқытушысы Болат Нағашбекұлы Сейлбеков Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің "6D060100 – Математика, D092 Математика" білім беру бағдарламасы бойынша PhD - Философия ғылымдарының докторы ғылыми атағын алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жетістіктер
23-ші ақпан 2023 ж. Математика кафедрасында жалпы қалалық дәстүрлі «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты ғылыми семинары болып өтті. Семинарда Шымкент қ. ОАИУ-нің доценті, ф.-м.ғ.к. Александр Викторович Роговой «Свойства решений переопределенной задачи Коши для вырождающегося гиперболического уравнения Геллерстедта с младшими членами» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада арнайы функциялардың қолданылуы аса анықталған теңдеу есеп үшін көрсетілді. Талдау барысында семинар жетекшілері, профессорлар Ә.М. Сәрсенбі мен Н.С. Иманбаев, ОҚФА кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., қауыдастырылған профессор М.Б. Иванова сұрақтар қоя отырып, пікірлер айтты. Семинарға ОҚМПУ мен М.Әуезов атындағы ОҚУ -дың математика мамандығында оқитын магистранттары мен докторанттары қатысты.
01.02.2023 ж. Математика кафедрасында жалпы қалалық «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» ғылыми семинарында Ph.D — Б.Н. Сейлбеков «Инволюциялы 4-ші ретті дифференциалдық теңдеудің кері есептері» тақырыбында баяндама жасады. Семинар барысында ф.-м.ғ.д., профессор Ә.М. Сәрсенбі меншікті функциялар жүйесінің толықтылығы, базистілігі, олардың айырмашылығы мәселелерін, ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев характеристикалық анықтауыштың нөлдерін табудың геометриялық мағынасын ашып көрсетіп түсіндірді. Семинарға ОҚМПУ мен М. Әуезов атындағы ОҚУ математика мамандығындағы докторанттары мен магистранттары және ОАИУ — нен ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой мен ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов, ОҚФарм. Академияның кафедра меңгерушісі ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.Б. Иванова, магистр-оқытушылар Қ. Әтірбек, А. Битемір, ф.-м.ғ.к. М.А. Жаманқараева, физика кафедрасының аға оқытушысы Б. Садық қатысты.
Бүгін, яғни 19.01.2023ж. профессорлар Н.С. Иманбаев пен А.М. Сәрсенбінің жетекшілігімен Математика кафедрасының кезекті жалпықалалық ғылыми семинары өтті. Баяндамашы ретінде 2004 жылғы ОҚМПУ түлегі, М. Әуезов атындағы ОҚУ 3-курс докторанты Эльмира Мусрепова "Дифференциалдық операторлар және олардың қосымшасы" тақырыбында сөз сөйледі. Ғылыми баяндаманың тақырыбы: "Инволюциясы бар толқындық оператордың спектрлік сұрақтары". Ғылыми семинарға Математика мамандықтарының барлық докторанттары мен магистранттары, сондай-ақ ф. - м.ғ. к. М. А. Жаманқараева, Ph.Д. Б. Сейлбеков, РН.D А. А. Сәрсенбі, ф.-м.ғ. к., доцент А. В. Роговой, магистр-оқытушылар Қ. Әтірбек, Д. Сәтім, кафедра лаборанты А. Тузелбай. Ф.-м.ғ. к. М. А. Бименов және семинар жетекшілері Н. С. Иманбаев пен А. М. Сәрсенбі қызу талқылаулармен сөз сөйледі.
Бүгін 02.12.22 ж. Математика кафедрасында профессор Н.С. Иманбаевтың ұйымдастыруымен «Ғалымның хаты өшпес...» атты университетіміздің 85-жылдық мерейтойына орайластырылған кеңейтілген ғылыми-
07.11.2022 ж. Математика кафедрасында қалалық «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» ғылыми семинары жоспарға сәйкес өтті. Семинарда М. Әуезов ОҚУ профессоры, техника ғыл. докторы Б.Р. Исмаилов «Математическое моделирование отрывных течений в контактной зоне тепло и массообменных аппаратов с вихревым взаимодействием фаз» тақырыбында баяндама жасады. Семинарда талқылауға семинар жетекшісі, профессор Н.С. Иманбаев, Ph.D Б. Сейлбеков, доцент А.В. Роговой қатысты. Сонымен бірге 2-ші курс магистранттары мен магистр-оқытушы, декан орынбасары Битемір А., ОҚУ докторанты Мүсірепова Э. қатысты.
01 қараша 2022 ж. Математика кафедрасының профессоры Н.С. Иманбаев Түркияның Анталья қаласында өткен "SIXTH INTERNATIONAL CONFERENCE ON ANALYSIS AND APPLIED MATHEMATICS (ICAAM — 2022)" халықаралық конференцияда университетіміздің атынан «On Eigenvalues of the Perturbed Differentation Operator on a Segment» тақырыбында әлемдік математиктердің алдында баяндама жасады. Қазақстандық делегацияның құрамында арнайы шақыру алған профессор Н.С. Иманбаев Белгияның Гетц университетінен келген әлемдік деңгейдегі ірі ғалым, профессор Майкл Рушанску, Ресейдің Кабардино-Балкария университінен келген профессор, ф.-м.ғ.д. А.В. Псху мен Түркияның әлемдік профессоры, ф.-м.ғ.д. Аллаберен Ашуралиевпен (Түркмен математигі) күрделі есептерді талқылап, пікірлер алмасып қайтты.
17 қазан 2022 ж. Математика кафедрасында ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев пен ф.-м.ғ.д., профессор Ә.М. Сәрсенбінің (М. Әуезов ат. ОҚУ) жетекшілігінде жүргізілетін жалпы қалалық «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты ғылыми семинарда жоспарға сәйкес ф.-м.ғ.д., профессор Төлеген Рахманұлы Аманбаев (М. Әуезов ат. ОҚУ) «Развитие математических моделей эпидемии с учетом изоляции особой в популяции» тақырыбында баяндама жасады. Семинарға ОҚМПУ, ОҚУ магистранттары мен докторанттары, ф.-м.ғ.к. М.А. Жаманқараева, PhD Б.Н. Сейлбеков, декан орынбасары А. Битемір,ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов (ОАИУ), ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой (ОАИУ) қатысты. Семинар барысында СOVID-19 эпидемиялық таралуына байланысты математикалық модельдеу мәселелеріне профессор Ә.М. Сәрсенбі мен ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов идеялы пікірлер қосып, талқылады.
12.09.2022 ж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде математиктердің жалпы қалалық 1997 жылдан бері келе жатқан дәстүрлі «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты ғылыми семинары биылғы 2022-2023 оқу жылындағы жұмысын бастады. Семинарға арнайы Алматы қаласынан Математика және математикалық модельдеу институтының «Дифференциалдық теңдеулер» бөлімінің меңгерушісі, ҚР ҰҒА Академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ф.-м.ғ.д., профессор, жерлесіміз Тынысбек Шәріпұлы Кальменов пен оcы институттың бас директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ф.-м.ғ.д., профессор Махмуд Абдысаметұлы Садыбеков келді. Семинарда 31.09.2022 ж. диссертация қорғаған Ph.D, Математика кафедрасының оқытушысы Болат Сейілбеков, ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев және Алматыдан келген Академик Т.Ш. Кальменов ғылыми баяндамалар жасап, дәлелдеген теоремаларымен пікір бөлісті. Семинарда Алматыдан келген ҰҒА корреспондент-мүшесі М.А. Садыбеков, семинардың жетекшілерінің бірі, М. Әуезов ат. ОҚУ-дан келген профессор, ф.-м.ғ.д. Әбжахан Сәрсенбі математикалық ғылыми пікірлерін ортаға салып, ерекше ойларын айтты. Семинарға көрші М.Әуезов ат. университеттен ф.-м.ғ.д., профессор Т.Р. Аманбаев, тех.ғ.д., профессор Б.Р. Исмаилов, ф.-м.ғ.к. М.А. Бименов, ф.-м.ғ.к., доцент А.В. Роговой, ф.-м.ғ.к., қауымдаст. профессор М.Б. Иванова, Ph.D Ә.Ә. Сәрсенбі, Түркістаннан ХҚТУ-дан келген Ph.D М. Бөріханов және Математика кафедрасының семинар мүшелері мен магистранттары және докторанттары қатысты. Семинардың ашылу салтанатын университетіміздің ректоры, тарих ғ.к., доцент Гүлжан Дәулетбекққызы Сүгірбаева мен университетіміздің проректорлары А.А. Құдышева, Б.Қ. Исабек, Б.С. Уалиханова қатысып ашып, ректор Г.Д. Сүгірбаева салтанатты түрде, аса құрметпен, келген қонақтар Академик Т.Ш. Кальменов пен ҰҒА корреспондент-мүшесі М.А. Садыбековке және осы семинардың жетекшісі, профессор, ф.-м.ғ.к. Н.С. Иманбаевқа Университетіміздің Құрметті профессоры атағын табыстады. Сонан соң, университеттің ректорат мәжілісінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен Математика және математикалық модельдеу институтының арасындағы ғылыми байланыс бойынша меморандумға ректорымыз Г.Д. Сүгірбаева мен Математика және математикалық модельдеу институтының бас директоры М.А. Садыбеков қол қойып, құжжаттар алмасты. Бұл меморандум математика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының математикалық ғылыми біліктілігін көтеруг және ғылыми коллоборация жүргізу мақсатындағы іс-шара болып табылады. Аталмыш Институтпен 10 жыл көлемінде ф.-м.ғ.к., профессор Нұрлан Сайрамұлы Иманбаев гранттық жобалардың бірнеше рет жетекшісі ретінде, сол Институттың бас ғылыми қызметкері ретінде коллоборациялық ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді.
1
07 шілде 2022 ж. ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев, Е. Букетов ат. Қарағанды университетінің Математика факультетінің жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі ретінде 6D060100- Математика мамандығы бойынша «Конустағы жылуөткізгіштіктің кеңістіктегі екі өлшемді айнымалылар бойынша шекаралық есептердің шешімділігі» тақырыбындағы Ph.D -дәрежесін алуға дайындалған Тулеутаева Ж.М. докторанттың диссертациясына ресми рецензент болып сын пікірін ОНЛАЙН режимде баяндады.
16-шы маусым 2022 ж. ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев пен ф.-м.ғ.д., профессор Ә.М. Сәрсенбі (М.Әуезов ат. ОҚУ) ғылыми жетекшілігенде өткізіліп келе жатқан «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты жалпы қалалық кәсіби математиктердің 2021-2022 оқу жылындағы соңғы ғылыми семинары өтті. Семинарда жоспарға сәйкес ф.-м.ғ.к., аға оқытушы М.А. Жаманқараева «Шеттік есептердің Грин функциялары» тақырыбында баяндама жасады. Классикалық әдебиттердегі белгілі нәтижелерге шолулар жасалды. Грин функциясының анықтамасы мен қаситтерін еске түсіре отырып, құру әдістері демонстрацияланды және математикалық физиканың әртүрлі облыстарындағы қолданулары талқыланды. Талқылау барысында профессор Ә.М. Сәрсенбі бірнеше рет ауқымды комментарийлер берді. Сонан соң жоспардан тыс семинар жетекшісі профессор Н.С. Иманбаев «Кесіндідегі жүктелген дифференциалдау операторының меншікті мәндерінің таралуы» тақырыбындағы алынған және өзінің жеке жариланған нәтижелері туралы баяндама жасады. Баяндамада классикалық теңдеулерге жатпайтын жүктелген бірінші ретті жифференциалдық оператордың периодты шартпен берілгендегі, өзгеруі шенеген функциямен байланысты болатын меншікті мәндері мен меншікті векторлар жүйесінің табылғандығы сипатталды және меншікті векторлар жүйесінің базистілік қасиеттері жайында жаңа мәліметтер баяндалды. Профессор Ә.М. Сәрсенбі маман ретінде бұл жаңалықты қолдады. Сөз соңында профессор Н.С. Иманбаев жыл бойында 12 баяндамалар тыңдалғаны туралы, олардың 8 жоспарға сәйкес, 4 жоспардан тыс баяндалғаны туралы айтып өтті. Жоспардан тыс Алматыдан Математика және Математикалық Модельдеу Институтынан Академик Т.Ш. Кальменов, біздің түлегіміз, Н.С. Иманбаевтың шәкірті Ph.D Қ.С. Төленов, көрші М. Әуезов ат. ОҚУ-дан химия ғыл. кандидаты, доцент Е. Оңғарбаев келіп, өздерінің керемет жаңа нәтижелері бойынша баяндамалар жасаған болатын. Сонымен көшпелі жалпы қалалық ғылыми семинар биылғы оқу жылындағы өз жұмысын бітірді.
04.05.2022 ж., сағ. 11.00 — 307 ауд. Математика кафедрасында Математика мамандығының профессоры Н.С. Иманбаевтың жетекшілігімен жүргізілетін «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты жалпы қалалық ғылыми семинарында «Инволюциясы бар екінші ретті дифференциалдық теңдеу үшін бейлокалды шеттік есеп туралы» тақырыбында ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының корреспондент-мүшесі, Қ. Сәтбаев атындағы Жаратылыстану ғылымдары сыйлығының лауреаты, ф.-м.ғ.д., Математика мамандығының профессоры Cәрсенбі Әбдіжахан Манапұлы баяндама жасады. Кері оператордың табылуы, Грин функцияларының құрылуы туралы жаңа мәліметтер баяндалды. Семинарға профессор Н.С. Иманбаев, ф.-м.ғ.к. М.А. Жаманқараева, Ph.D Сәрсенбі Әбсалам, магистр-оқытушылар Мұратбекова Ұ., Битемір А., Сейілбеков Б., докторант Қаратаев А., магистрант Әтірбек Қ., 1-ші курс магистранттары мен 4-ші курс студенттері қатысты.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 12-сәуір – Ғылым күніне орай мерекелік концерт өтті. Бұл мереке 2011 жылы 22 қазанда Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығымен бекітіліп, алғаш рет 2012 жылы аталып өтті. Мерекелік күннің 12-сәуір деп бекітілуінің себебі – дәл осы күні халқымыздың ұлы перзенті, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалап, тұңғыш президенті болған терең білімді ғалым-геолог, ұлт мақтанышы, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні. ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева оқытушы-профессорлар құрамы мен ардагер ұстаздарды аталмыш мерекемен құттықтады. Салтанатты сахна төрінде оқу ордамыздың бірқатар ұстаздары әр түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
Атап айтқанда математика кафедрасынан ардагер ұстаз Қырғызбаев Жүзбай ОҚМПУ профессоры атағын алды.
Ал «Үздік Ғалым» номинациясы бойынша университетішілік оқытушылар байқауының жүлдегері ретінде математика кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы танылды.
2022 жылдың 6-8 сәуірінде Алматы қаласында Математика және математикалық модельдеу институтында өткен Ғылым күніне арналған Дәстүрлі Халықаралық Математикалық Сәуір конференциясында «Жүктелген кесіндідегі дифференциалдауі операторының меншікті мәндері» тақырыбында профессор Н.С. Иманбаев баяндама жасап, қатысып қайтты.
+
16-шы наурыз 2022 ж. сағ. 11.00, 307 ауд. Математика кафедрасында,өткізілетін, ф.-
24.02.2022 ж. 307-ші ауд. сағ. 11.00-де Математика кафедрасында профессорлар Н.С. Иманбаев пен Ә.М. Сәрсенбінің (М. Әуезов ат. ОҚУ) жетекшілігінде өткізілетін «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты қалалық ғылыми семинарының жоспарға сәйкес кезекті баяндамасы тыңдалды. «Адамар мысалы және көп өлшемді Геллерстедт теңдеуі үшін аралас Коши есебінің шешімділігі» тақырыбында (ОАИУ, Шымкент қ.) келген ф.-м.ғ.к., доцент Александр Викторович Роговой баяндама жасады. Цилиндрлік аймақтағы көп өлшемді Геллерстедт теңдеуі үшін аралас Коши есебінің күшті шешімділігінің шартын таба отырып, теңдеудің айрықшылығының дәрежесінен шешімнің орнықтылығынывң тәуелді болатындығы туралы теорема дәлелдеді. Профессор Ә.М. Сәрсенбі баяндамаға комментарий жасады. Профессор Н.С, Иманбаевтың тарабынан үзіліссіз тәуелділік пен қойылған есептің қисындылығын анықтауда оның шешімінің орнықтылығына байланысыты боладыма? деген сұрақ қойды. Оған профессор Ә.М. Сәрсенбі пікір білдіріп, оң жауабын айтты. Семинардың тұрақты мүшелері ф.-м.ғ..к., қауымдастырылған профессор М.Б. Иванова (ОҚФА), ф.-м.ғ.к. М.А. Жаманқараева, кафедра меңгерушісі, пед.ғ.к Г.О. Жетпісбаева, хатшы-магистр, оқытушы Ұ. Мұратбекова, магистр-оқытушылар Б. Сейлбеков, А. Битемір, докторант А. Қаратаев және сонымен бірге семинарға келген докторант Б. Алимкулова, ф.-м.ғ.к., доцент Ж. Қырғызбаев пен химия ғ.к., доцент Е.С. Оңғарбаев (М. Әуезов ат. ОҚУ) қатысты.
17.02.2022 ж. Қарағанды қаласында Е. Букетов атындағы университетінде өткен Республикалық математика пәні мұғалімдерінің съезіне кафедра меңгерушісі, пед.ғ.к. Г.О. Жетпісбаева мен ф.-м.ғ.к., профессор Н.С. Иманбаев қатысып қайтты. Бүгінгі таңдағы мектеп және ЖОО арасындағы математика пәніндегі түйткіл мәселелер, мектеп оқулықтарының сапасы, олемпиадалық есептер мәселелері, ғылыми математика мен математика педагогын дайындау арасындағы интеграция туралы ақпараттармен бөлісіп, Министр А.Қ. Аймағанбетовтың, Академик Асқар Жұмаділдаевтың, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, Математика және математикалық модельдеу институтының бас директоры Махмуд Садыбековтың, Академик А. Әбілқасымованың құнды баяндамаларын тыңдап оралды.
21.01.2022 ж., 11.00-де 307-ші ауд. Математика кафедрасында «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты кезекті қалалық ғылыми семинар өтті. Ғылыми семинарда кафедраның доценті, ф.м.-ғ.к. Құрмыш Елеу Құрмышұлы «Жалпы біртекті шеттік шарттары бар біртекті емес екінші ретті дифференциалдық теңдеулердің шешімдері» тақырыбында, ОҚФарм. академияның кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, ф.м.-ғ.к. Иванова Марина Борисовна «Параметрлік және параметрлік емес критериилер. Статистикалық қорытындының теориясы» тақырыбында баяндамалар жасады. Семинарда бірінші баяндама бойынша тұрақтыларды вариациалау әдісі мен Крамер әдісін қолданып берілген есептің айқын шешімін тапқанын Е. Құрмыш көрсетті. Екінші баяндама бойынша М.Б. Иванова COVID-19 індетінің әлемдік таралуындағы медициналық мәселелер бойынша математикалық күтім, корреляция, дисперсиялық таралымның шарттары мен математикалық заңдылықтарының моделін сипаттады. Семинар жетекшісі профессор Н.С. Иманбаев қорытындылай келе баяндамашыларға алғыс білдірді. Семинарға ф.м.-ғ.к., доцент Роговой А.В., ф.м.-ғ.к. М.А. Жаманқараева, Ph.D Ә.Ә. Сәрсенбі, магистрлер Б. Сейілбеков, семинар хатшысы М. Мұратбекова, А. Битемирова, Ж. Хабибуллаевтар қатысты.
29.12.2021ж. Кафедрамыздың ф-м.ғ.к.,Профессор Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы “2021 жылдың Үздік Ғалымы” марапатына ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! #оқмпу #оқмпужетістіктері
28.12.2021 ж. сағ. 11.00-де 307-ші ауд. Математика кафедрасында өткізілетін қалалық «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты қалалық ғылыми семинарда Алматы қаласынан арнайы келген, Математика және Математикалық Модельдеу Институтының жетекші ғылыми қызметкері, ғылыми математика мамандығы бойынша Ph.D, Математика кафедрасының 2009 жылғы түлегі, профессор Н.С. Иманбаевтың шәкірті — Қанат Төленов «Гильберт түрлендіруі және оның симметриялық кеңістіктердегі шенелгендігі» тақырыбында баяндама жасады. Семинар барысында Гильберт түрлендіруі және оның негізгі қасиеттері баяндалды және сонымен қоса, бұл оператордың симметриялық кеңістіктердегі шенелгендік қасиеттерінің ерекшеліктері көрсетілді. Семинар жетекшілері, профессорлар Ә.М. Сәрсенбі, Н.С. Иманбаев және доцент Е. Құрмыш, магистр Б. Сейілбековтер бірнеше сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды және пікірталастар болды. Семинарға доцент В.А. Роговой, Ph.D Ә.Ә. Сәрсенбі, семинар хатшысы, магистр Ұ. Мұратбекова, магистр А. Битемір, докторант А. Қаратаев, докторант Э. Мусрепова (М.Әуезов ат. ОҚУ) , магистрант Қ. Әтірбек қатысты. #ОҚМПУ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі 21-ші желтоқсан 2021 ж. өткен ғылыми Математика мамандығы бойынша Ph.D қорғау диссертациялық кеңесіндегі профессор Н.С. Иманбаевтың кеңес мүшесі және ресми рецензент ретінде қорғау процесінен көрініс.
“Псевдопараболалық 3-ретті теңдеу үшін шеттік есептің шешімі” тақырыбында “6D060100-Математика” мамандығы бойынша Phd дәрежесін алу үшін қорғайтын диссертацияға 15.12.2021 ж. сағ. 14:00 де Zoom платформасында Академик Е.Букетов атындағы Қарағанды Университетінің диссертациялық кеңесінің мүшесі ретінде профессор Н.С.Иманбаев қатысып, пікірлер мен жарыссөздерде есеп туралы шолу жасады.#оқмпу #оқмпужетістіктері
Кафедра ОПҚ-ның елеулі жетістіктері:
Кафедра меңгерушісі Р.И.Кадирбаева ҚР БжҒМ-нің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында «Болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін ақпараттық-коммуникациялық пәндік орталарды әзірлеу арқылы қалыптастыру» тақырыбында 14 768 955,98 тенге көлемінде грант ұтып алды.
Профессор Н. Иманбаевтың 0-ден жоғары импакт-факторлы журналдарда (Thomson Reutors, Scopus, Shpringer) 10-нан сатам мақаласы жарық көріп, Web of Science, Thomson Reuters ақпараттық деректер қорындағы Хирш индексі h=4-ке, Scopus ақпараттық деректер қорындағы Хирш индексі h=4-ке көтерілді. 2018-2019 оқу жылындағы университет профессор-оқытушылар құрамының арасындағы рейтингте 1908 балл жинап, I-ші көш басшы орынға ие болды және 1 монографиясы Германияда басылып шығарылды. ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым Комитетінің 2015-2017 ж.ж. аралығында Математика және математикалық модельдеу институтынан жеңіп алған "Неусиленно регулярные спектральные задачи: Описание классов краевых условий и устойчивость свойства базисности корневых векторов" тақырыбындағы 0825/ГФ4 нөмірлі ғылыми жобаның жетекшісі болды. 2018 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізген ұлттық рейтингтің жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар құрамының (ТОП-50) бас рейтингісіне енгізілді және 2017 жылы «Жоғары орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері болды. |
|
Доцент Ш. Алтынбеков Ресей жаратылыстану Академиясында бірнеше марапатқа ие болды: Для соискание почетного звания «Заслуженный работник науки и образования» в Президиум РАЕ представлена справка о научно-педагогической деятельности и решением Президиума Российской Академии Естествознания (от 27 апреля 2016 года); Диплом профессора естествознания.(Россия 9 июня 2016г); Степень доктор наук решением Президиума Российской Академии Естествознания 2016; «Primus Inter Pares» - Первый Среди Равных орденімен марапатталды (28.09.2016)
|
|
2018-2019 оқу жылында академиялық ұтқырлық негізінде 03 қазан -30 қазан күндері аралығында визитинг профессор Антони Пардала (Польша) академиялық ұтқырлық шеңбері аясында «Мектеп курсы геометриясынан есептер шығару» пәні бойынша «Математика» мамандығының 4 курс студенттеріне күнтізбелік жоспарға сәйкес дәріс және тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар, төмендегі тақырыптар бойынша кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарда баяндама жасады: 1.Күні: 04.10.2018. Тақырыбы: Информатизация как стимулятор современного математического образования 2. Күні: 11.10.2018. Тақырыбы: Информатизация общего и предметного образования для будущего - проблема образовательного web – квеста по математике 3. Күні: 18.10.2018, Тақырыбы: Informations about international conference CME' 2018: Contemporary mathematics education – Mathematics in the Real World. 4. Күні: 25.10.2018, Тақырыбы: Современные проблемы математического образования детей и подготовки для них учителей в Польше.
|
|
2018 жылдың 25 қараша -29 қараша күндері аралығында п.ғ.к., доцент Әмірбекұлы А. Польшаға Радом Экономика Академиясына және Жешув Университетіне тәжірибе алмасу мақсатында ғылыми іс-сапарға барып келді. Ғылыми іс-сапар барысында Әмірбекұлы А. жетекші шетел ғалымдарымен бірнеше кездесулерге, дискуссияларға және семинарға қатысты.
|
|
Студенттердің елеулі жетістіктері:
2018-2019 оқу жылының күзгі семестрде 5В010900 -Математика мамандығы бойынша 2 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орнында оқып келді (Эгер қаласы, Карой Эстерхази университеті, Венгрия). 1. Ауесханов Наурызбай Асанұлы, 109-26а тобы. 2. Жумабек Бексұлтан Нургалиұлы, 109-17а тобы
|
|
Математика кафедрасының 2021-2022 оқу жылында жеткен жетістіктері
№ |
Кафедра оқытушылары, түлектерінің аты-жөні
|
Ғылыми атағы, дәрежесі |
Жетістігі |
Ғылыми-зерттеу жұмыстар бойынша жетістіктер |
|||
1 |
Иманбаев Нурлан Сайрамович |
Ф.-м.ғ.к., профессор |
Web of Science базасындағы Хирш индексі h=4. Scopus базасындағы Хирш индексі 4-тен h=5 – ке көтерілді. |
2 |
Иманбаев Нурлан Сайрамович |
Ф-м.ғ.к., профессор |
Иманбаев Нурлан Сайрамовичтің жетекшілігімен 12.10.2021ж. бастап «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы» атты іргелі математика саласындағы тұрақты жұмыс жасайтын қалалық ғылыми семинар ашылды. |
3 |
Иманбаев Нурлан Сайрамович |
Ф-м.ғ.к., профессор |
22.10.2021ж. 307-ші аудиторияда семинардың ашылуына орай Иманбаев Н.С. «О неловком возмущении задачи на собственные значения оператора дифференцирования на отрезке» тақырыпта баяндама жасады. Ғылыми семинарға ф.-м.ғ.к.,доцент Роговой А.В. (М. Сапарбаев ат. универ), ф.-м.ғ.к., қауымд. проф. Иванова М.Б., (ОҚМФА, каф. меңг.), ф.-м.ғ.к., доцент Құрмыш Е., магистрлер Мұратбекова Ұ., Сейлбеков Б., Битемір А., Гавриков В., магистрант Әтірбек Қ. және 4-ші курстың дипломдық жұмысты таза математикадан жазып жатқан студенттері қатысты. 01 қараша 2021 ж. Математика кафедрасының базасында өтілетін, тарихи маңыздылығы орын алған «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты жалпы қалалық ғылыми семинарға Алматы қаласынан Математика және математикалық модельдеу институтының Дифференциалдық теңдеулер бөлімінің меңгерушісі, ҰҒА академигі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ ССР -нің ғылым мен техникасын дамыту қайраткері, аты аңызға айналған ұлы ғалым-математик, осы семинардың негізін қалаушы Тынысбек Шәріпұлы Кальменов Ньютондық потенциалдарға байланысты шеттік шарттардың қойылуы туралы баяндама жасады. Сонымен бірге Қазақстандағы бүгінгі таңдағы таза математикалық ғылымның дамуы туралы, оның дүниежүзіндегі алатын орны туралы, жастардың математикадаға орны туралы тереңнен ой қозғады. Семинарға Түркістаннан Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ҒЗИ директоры, профессор ф.-м.ғ.д. Б. Қалымбетов, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің профессоры, техника ғыл, докторы Б. Исмаилов, семинар жетекшілері ф.-м.ғ.к., профессор Н. Иманбаев, ф.-м.ғ.д, профессор Әбжахан Манапұлы Сәрсенбі (М. Әуезов ат. ОҚУ), семинар мүшелері ф.-м.ғ.к, доцент Роговой А.В. (М. Сапарбаев ат. универ), ф.-м.ғ.к., қауымд. проф. Иванова М.Б., (ОҚМФА, каф. меңг.), ф.-м.ғ.к., доцент Құрмыш Е., магистрлер Мұратбекова Ұ., Сейлбеков Б., Битемір А., Гавриков В., магистрант Әтірбек Қ. және 4-ші курстың дипломдық жұмысты таза математикадан жазып жатқан студенттері қатысты. |
4 |
Кадирбаева Роза Изтлеуовна |
П.ғ.д.,доцент |
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 2020-2021 оқу жылында ҚР БжҒМ ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған тізім бойынша отандық басылымдарда 2 мақала жариялады. |
5 |
Иманбаев Нурлан Сайрамович |
Ф.-м.ғ.к., профессор |
Web of Science, Scopus базаларында тіркелген импакт-факторы жоғары ғылыми журналдарда «On Basis Property of systems root vectors of a Loaded Multiple differentiation operator», «On a problem that Does not Have Basis Property of Root Vectors.Associated With a Pertupbed Regular operator of Multiple Differentiation» атты 2 мақала жариялады. |
6 |
Кадирбаева Роза Изтлеуовна |
П.ғ.д.,доцент |
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 2020-2021 оқу жылындағы 31.08.2021ж. Ғылыми кеңесте жарияланған рейтинг көрсеткіші бойынша (жалпы балл-1711) алғашқы орын иеленді. |
7 |
Иманбаев Нурлан Сайрамович |
Ф.-м.ғ.к., профессор |
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 2020-2021 оқу жылындағы 31.08.2021ж. Ғылыми кеңесте жарияланған рейтинг көрсеткіші бойынша (жалпы балл-1258) жоғары орын иеленді. |
8 |
Джаманкараева Мадина Алдановна |
Аға оқытушы |
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 2020-2021 оқу жылындағы 31.08.2021ж. Ғылыми кеңесте жарияланған рейтинг көрсеткіші бойынша алғашқы ондыққа кірді. |
9 |
Джаманкараева Мадина Алдановна |
Аға оқытушы |
ISI Web of Science (Thomson Reuters), Scopus базасында «Discrete-event simulation of aggregation processes in batch and flow tubular reactors based on the stochastic lattice models» атты мақала жариялады. |
10 |
Кадирбаева Р.И.,
|
П.ғ.д.,доцент |
РИНЦ базасында «Исследование вопроса формирования профессиональной компетентности будущего педагога математики», «Информационно-педагогическая технология формирования профессиональной компетентности будущего педагога-математика» атты 2 мақала жариялады. |
Әмірбекұлы А. |
П.ғ.к.,доцент |
||
Джаманкараева М.А. |
Аға оқытушы |
||
11 |
Кадирбаева Р.И.,
|
П.ғ.д.,доцент |
РИНЦ базасында «Исследование информационно-образовательной среды в начальной школе в условиях SMART-образования» атты мақала жариялады. |
12 |
Қаратев Абай Оңғарбекұлы |
Магистр оқытушы |
28.08.2021ж. Бұйрық №2/309 8D01501-Математика педагогін даярлау БББ докторантураға түсті |
13 |
Тасболатов Ж., Нұрбек А., Келесова Г., |
түлектер |
28.08.2021ж. Бұйрық №2/309 7M01501-Математика педагогін даярлау БББ магистратураға түсті |
14 |
Абдуалиев С., Давлетиярова А. |
түлектер |
28.08.2021ж. Бұйрық №2/309 7M01502-Физика педагогін даярлау БББ магистратураға түсті |
Оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша жетістіктер |
|||
1 |
Кадирбаева Роза Изтлеуовна |
П.ғ.д.,доцент |
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің дәстүрлі түрде ұйымдастыруымен өткен «Үздік әдіскер» байқауынан ІІІ орын иеленді. |
2 |
Рахымбек Досымхан |
П.ғ.д.,профессор |
Бірінші кітап «Оқытудың жалпы әдістемесі: ғылыми негіздері және оқыту үдерісі» Алматы,2021ж. Екінші кітап «Оқытудың жалпы әдістемесі: оқытудың мазмұны мен көлемі» Алматы,2021ж. Үшінші кітап «Оқытудың жалпы әдістемесі: оқытудың әдіс-тәсілдері» Төртінші кітап «Оқытудың жалпы әдістемесі: оқыту қалыптары мен сабақ» Алматы,2021ж. Бесінші кітап «Оқытудың жалпы әдістемесі: оқушылардың ойлау және сөйлеу әрекетін дамыту» Алматы,2021ж. атты әдістемелік оқу құралын шығарды. |
3 |
Байжуманов Абдусаттар Абдукадирович |
Ф.-м.ғ.к., аға оқытушы |
«Математикалық логика негіздері» Алматы, 2020ж. оқу құралын шығарды. |
22.10.2021 ж. Математика кафедрасында "Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы" атты мамандандырылған дәстүрлі қалалық ғылыми семинары өз жұмысын бастады. Математика кафедрасының ф-м.ғ.к., профессоры Иманбаев Н.С. "Сегменттегі бейлокалды толқытылған дифференциалдау операторының меншікті мәндерін зерттеуге қойылған есеп" тақырыбында баяндама жасады. #ОҚМПУ https://youtu.be/EelhdAksR4M
01.11.2021 ж. Математика кафедрасының базасында өтілетін, тарихи маңыздылығы орын алған «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданулары» атты жалпы қалалық ғылыми семинарға Алматы қаласынан Математика және математикалық модельдеу институтының Дифференциалдық теңдеулер бөлімінің меңгерушісі, ҰҒА академигі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ ССР -нің ғылым мен техникасын дамыту қайраткері, аты аңызға айналған ұлы ғалым-математик, осы семинардың негізін қалаушы Тынысбек Шәріпұлы Кальменов Ньютондық потенциалдарға байланысты шеттік шарттардың қойылуы туралы баяндама жасады. Сонымен бірге Қазақстандағы бүгінгі таңдағы таза математикалық ғылымның дамуы туралы, оның дүниежүзіндегі алатын орны туралы, жастардың математикадаға орны туралы тереңнен ой қозғады. Семинарға Түркістаннан Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ҒЗИ директоры, профессор ф.-м.ғ.д. Б. Қалымбетов, М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің профессоры, техника ғыл, докторы Б. Исмаилов, семинар жетекшілері ф.-м.ғ.к., профессор Н. Иманбаев, ф.-м.ғ.д, профессор Әбжахан Манапұлы Сәрсенбі (М. Әуезов ат. ОҚУ), семинар мүшелері ф.-м.ғ.к, доцент Роговой А.В. (М. Сапарбаев ат. универ), ф.-м.ғ.к., қауымд. проф. Иванова М.Б., (ОҚМФА, каф. меңг.), ф.-м.ғ.к., доцент Құрмыш Е., магистрлер Мұратбекова Ұ., Сейлбеков Б., Битемір А., Гавриков В., магистрант Әтірбек Қ. және 4-ші курстың дипломдық жұмысты таза математикадан жазып жатқан студенттері қатысты. #ОҚМПУ https://youtu.be/2b-HPEFY0-I
Кафедрамыздың ф-м.ғ.к., профессор Иманбаев Нурлан Сайрамовичтің SCOPUS базасындағы хиршасы (H=6) көтерілді.
29.11.2021, 11.30 -да 307 ауд. «Дифференциалдық операторлар және олардың қолданылуы» атты қалалық ғылыми семинарында «Инволюциялы параболалық типтегі дифференциалдық теңдеулер үшін қойылған аралас есептердің қисындылығы» тақырыбында Халықтар достығы университетінің математика кафедрасының меңгерушісі, Ph.D — Әбсалам Әбжаханұлы Сәрсенбі кезекті баяндама жасады. Баяндамада Фурье әдісін қолдану арқылы жәй дифференциалдық инволюциялы оперторлық есепке келетіні туралы және кері оператордың бар болуы туралы, Грин функциясының айқын түрінің көрсетілуі жайында және олардың бағалануына байланысты бастапқы есептің базистілік қасиеттерін айқындайтын теореманы Ә.Ә. Сәрсенбі тұжырымдады. Талқылауларда баяндамашымен бірге доцент Е. Құрмыш және семинар жетекшісі, профессор Н. С. Иманбаев талдаулар жасап, пікірлер бөлісті. Семинарға магистрлер Мұратбекова Ұ., Битемір А., Гавриков В.В., Сейілбеков Б., педагогикалық математика мамандығы бойынша докторант Қаратаев А., доцент Роговой А.В., ассоц. профессор Иванова М.Б. және кафедра меңгерушісі Жетпісбаева Г.О. қатысты.