Факультет тарихы

Физика-математика факультеті

«Физика-математика» факультеті университетіміздің ең ежелгі және үлкен факультеттерінің бірі. Факультет 1938 жылы Шымкент мұғалімдер институтының  негізгі екі факультетінің бірі болып ашылған. Факультеттің декандары болып келесі тұлғалар қызмет жасады: М.С.Сарсенбаев(1950-1960 ж.); М.И.Ерімбетов (1960-1965 ж.); Қ.Б.Бектаев (1965-1968 ж.); С.Е.Тлеуқабылов (1968-1971). 1971 жылы факультет екіге бөлініп, математика факультетін У.Н.Нурбаев (1971-1983ж.), ал физика факультетін С.М.Волочаев (1971-1972 ж.),  Л.И.Мамаев (1972-1975 ж.) және Ұ.Б.Байтасов(1975-1983 ж.) басқарды. 1983 жылы бұл екі факультет қайта бірігіп оның деканы болып У.Н.Нурбаев (1983-1989 ж.), Л.И.Мамаев (1989-1993 ж.) қызмет атқарды.1940-1993 жылдар аралығында факультеттің физика және метематика мамандықтарының күндізгі бөлімін 6000-ға жуық студент, ал сыртқы бөлімді 3000-нан аса студенттер бітіріп шыққан. Олардың көпшілігі облысымыздың және Республикамыздың мектептерінде, жоғары оқу орындарында және өкімет орындарында лауазымды қызметтер атқарады. Атап айтар болсақ:экономика ғылымдарының докторы М.Өтелбаев,бірнеше жыл сенатор болып және ҚР қаржы министрлігінің қаржы мониторинг комитетінің төрағасы қызмет атқарған; педагогика ғылымдарының докторы М.Құдайқұлов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры; педагогика ғылымдарының докторы Д.Рахымбек ОҚМПУ профессоры; физика-математика ғылымдарының докторы М.Ж.Жұмабаев ОҚМПУ профессоры; Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы орта мектептердегі физика, математика және информатика пәні мұғалімдерінің 80%-ға жуығы факультетіміздің түлектері болып табылады.

2012-2013 оқу жылында факультет деканы қызметін ф-м.ғ.к., доцент Қ.Абдрахманов атқарды.

2013-2016 оқу жылында факультет деканы қызметін ф-м.ғ.д., профессор М.Ж.Жұмабаев атқарды.

Қазіргі уақытта «Физика-математика» факультетін педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Б.Ибашова атқаруда. Факультетте үш кафедра жұмыс істейді: «Математика», «Физика» және «Информатика» кафедралары.

Бүгінде факультеттің профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 56. Факультетте 4 доктор мен профессорлар, 28 ғылым кандидаттары мен доценттер және 24 магистрлер жұмыс жасауда. Факультеттің ғылыми-кадрлық әлеуеті 60,7%.

Факультет қажетті оқу-әдістемелік базамен толық қамтамасыз етілген, яғни оның ішінде компьютерлік кластар және қазіргі заман талабына сай жабдықтар мен техникалық оқу құралдары бар маманданған зертханалар бар. Факультетте «Робототехника»  зертханасы ашылды.

 

Факультетте 6 білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлары дайындалады:

Бакалавриат

  1. 6В01501-Математика мұғалімін даярлау
  2. 6В01502-Физика мұғалімін даярлау
  3. 6В01503- Информатика мұғалімін даярлау
  4. 6В01508-Математика-Физика мұғалімін даярлау
  5. 6В01509-Математика-Информатика мұғалімін даярлау
  6. 6В01510-Физика-Информатика мұғалімін даярлау.

Магистратура

  1. 7М01501-Математика педагогін даярлау
  2. 7М01502-Физика педагогін даярлау
  3. 7М01503-Информатика педагогін даярлау

Докторантура

  1. 8D01501-Математика педагогін даярлау
  2. 8D01502 - Физика педагогін даярлау
  3. 8D01503-Информатика педагогін даярлау

Үш тілді білім беру бағдарламасы бойынша физика-математика факультетінде жолға қойылып отыр.

Факультет студенттері профессор-оқытушылар жетекшілігімен әртүрлі  байқауларға қатысып жүлделі орындарды иеленуде.

Физика-математика факультеті 80 жылдың ішінде информатика, математика, физика ғылымдарының әртүрлі салалары бойынша ғылыми-зерттеу мекемелерінде, мектептерде тек қана Қазақстанның білім беру саласында ғана емес, ТМД елдерінде, сонымен қатар алыс шет елдердің білім саласында қызмет атқаратын 10 мыңнан аса мамандар даярлады.