Факультеттің халықаралық жұмысы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Физика-математика факультетіне қарасты «Математика» кафедрасының 15.05.2023ж. күні педагогика ғылымдарының докторы, доцент Ибрагимов Раскул Ілімұлының 70-жылдық мерейтойына орай “МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР” атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өтті. Семинар мақсаты: Математиканы оқытудағы инновациялық технологияларды қолданудың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы тәжірибе алмасуы. Семинардың модераторы Физика-математика факультетінің деканы, п.ғ.к., А.Б. Ибашова жүргізді. ОҚМПУ-нің Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Е.Р. Керімбеков құттықтау сөзін сөйлеп семинарды ашып берді. Туркия мемлекетінің Анкара қаласының Гази университетінің ректор кеңесшісі Prof.Dr. HALİL İBRAHİM BÜLBÜL семинарға өзінің оң бағасын беріп, құттықтау сөзін айтты.  Семинардың өзекті мәселесі болған «Виртуалды математика көмекшілері (SeMA): виртуалды болашақ математика мұғалімдері» атты тақырыпта Туркия мемлекетінің Анкара қаласының Гази университетінің Prof.Dr. Ahmet ARIKAN өз баяндамасын көпшілікке ұсынып, екі ел арасындағы ғылыми-практикалық жаңалығымен бөлісті. «Математиканы оқытудағы мобилдік технологиялар» атты тақырыпта Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы, жұмыспен қамту және кедейлікті азайту министрлігі, Еңбек нарығын зерттеу институтының инновация және докторантура бөлімінің меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Тожиев Мамаражаб өз баяндамасын көпшілік назарына ұсынды. «Болашақ ақпараттандыру саласы мамандарының лидерлік сапаларын жетілдірудің ерекшіліктері» атты тақырыпта Түркістан қаласы, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Беркимбаев Камалбек өз баяндамасын көпшілік назарына ұсынды. «Функцияның нүктедегі үздіксіздігін интуитивті зерттеуде maple компьютер математика жүйесін қолдану» атты тақырыпта Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Калимбетов Бурхан Тешебаевич  баяндама жасап, тақырыптың өзекті болған тұстарына жеке-жеке тоқталып, компьютерлік бағдарламаларды қолдану ерекшелігіне талдау жасады. «Математиканы оқытуда сандық білім ресурстарын қолдану» атты тақырыпта Шымкент қаласының Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Жунисбекова Ултуар Дуйсебаевна өз баяндамасында сандық білім беру ресурстарын қолдану барысының ерекшеліктерін көпшілік назарына ұсынды. Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысушылар өздеріне қажетті дүниелерін алды деген сенімдеміз.

 

ОҚМПУ-нің Ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректор Е.Р. Керімбековтің құттықтауы

 

Туркия мемлекетінің Анкара қаласының Гази университетінің ректор кеңесшісі Prof.Dr. HALİL İBRAHİM BÜLBÜL

Туркия мемлекетінің Анкара қаласының Гази университетінің

Prof.Dr. Ahmet ARIKAN

Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласы,

Еңбек нарығын зерттеу институтының

инновация және докторантура бөлімінің меңгерушісі,

п.ғ.д., профессор Тожиев Мамаражаб

Түркістан қаласы, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Беркимбаев Камалбек

Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің

физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Калимбетов Бурхан Тешебаевич

Шымкент қаласының Ж.Аймауытов атындағы

№64 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі

Жунисбекова Ултуар Дуйсебаевна

15.05.2023ж. күні педагогика ғылымдарының докторы, доцент Ибрагимов Раскул Ілімұлының 70-жылдық мерейтойына орай

“Математиканы оқытудағы инновациялық технологиялар” атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар қорытындысынан естелік

 

 

 

Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша  «6В01503 - «Информатика  мұғалімін даярлау» 2  курс 1503-10 оқу тобының студенті  Жаңбыр Шұғыла  Түркия елінің ең беделді жоғары білім ордасына оқуға аттанады. Олар Анкарадағы Гази университетінде бір оқу семестрі бойына білім алмақ. Оларды ауқымды ізденістер күтіп тұр. Шетелге оқуға баратын студенттермен университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева арнайы кездесіп, оларға сәттілік тіледі.