Информатика кафедрасы
Кафедра тарихы
«Информатика» кафедрасы
Информатика» кафедрасы 2002 жылға дейін «Алгебра және ықтималдықтар теориясы», «Информатика және есептеуіш техника», «Ақпараттандыру» деген аттармен белгілі.
Кафедра меңгерушіcі қызметін профессор Қ. Бектаев, доцент Г. Тілеубергенова, доцент Б.Сариев, 1996-2008 жылдары ХҚТУ профессоры А. Әмірбекұлы атқарған.
2002-2003 оқу жылында «Ақпараттандыру» кафедрасынан «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасы бөлініп шықты. «Ақпараттандыру» кафедрасын ХҚТУ профессоры, п.ғ.к., доцент А.Әмірбекұлы, п.ғ.к. Р.Джеренова, ф.-м.к.ғ. доцент А.Ниязымбетов басқарса, «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасын п.ғ.к., доцент Г.Т.Жақыпбекова, ф.-м.ғ.к., доцент Н.Е.Ержанов, п.ғ.к., доцент Г.К.Нурмуханбетова басқарған.
2011-2012 оқу жылында кафедралар «Информатика» болып қайтадан бірікті. «Информатика» кафедрасын 2011-2012 оқу жылы п.ғ.к., доцент Е.И. Байдыбекова басқарды. 2012 жылдан бастап кафедраны т.ғ.к. Б.Ш. Мырзахметова басқарды.2017 жылдан бастап кафедраны т.ғ.к. Л.А. Сулейменова басқарып келеді.
Қазіргі уақытта доценттер: э.ғ.к. Н.Ф.Сарсенбиева, п.ғ.к. Г.К.Нурмуханбетова, т.ғ.к. Б.С.Қалдарова.
аға оқытушылар: т.ғ.к. Мырзахметова Б.Ш., п.ғ.к. Адылбекова Э.Т., п.ғ.к. А.О.Әлиева.,п.ғ.к.,С.Е. Алдешов.,Л.М.Байырбекова, магистр-оқытушылар:К.М.Құлжатаева, Ж.И.Курманбаева, Г.П. Одаманова, Ә.Б.Орал, Н.С.Бүркитбаева, Сейсенбек М. Ә, информатика ғылымының қыры мен сырын студенттерге терең меңгеру жолында жемісті еңбек етіп келеді.
Кафедраға 6 компьютерлік дәрісхана бөлінген, барлығы толық заманау техникалармен жабдықталған.
Ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуге байланысты мамандықтарда көп тілді академиялық топтар мен ағылшын тілінде оқитын топтар ашылған. Осыған байланысты сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен келісім-шарттар бойынша байланыстар орнатылған.
Отандық ЖОО-ы Абай атындағы ҚазҰПУ-мен, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетімен, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетімен, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-не студенттер алмасып оқуға жіберіліп, ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мамандарды кәсіби дайындау жүйесінде студенттердің құзыреттілігін арттыру үшін мектептермен байланысты жүзеге асырып, жұмыс берушілермен бірлесе отырып «Информатика» кафедрасы мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында №7 К. Спатаев атындағы мектеп- лицейде және Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда келісім шарт негізінде кафедра филиалдары құрылған.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011100-Информатика мамандығы бойынша әр оқу жылында студенттер қатысып жүлделі орындарға қол жеткізуде.