Кафедра тарихы
Химия кафедрасының тарихы
Химия кафедрасы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының Дене шынықтыру факультеті құрамында 1986 жылы ашылып, оның алғашқы меңгерушісі болып доцент Әбділлаев Болат Әбділлаұлы тағайындалды.
1986 жылдан – 1991 жылға дейін Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан қызметтерін атқарған.
1989 жылы «Химия-биология» факультеті құрылып, «Химия» және «Биология» кафедралары болып екіге бөлінді. Химия кафедрасының меңгерушілігін х.ғ.к., доцент Момбеков С. атқарды.
1994 жылы маусым айында «Жалпы химия» кафедрасының негізінде «Бейорганикалық және аналитикалық химия», «Органикалық химия» кафедралары ашылды.
«Органикалық химия» кафедрасының меңгерушілігіне х.ғ.к., доцент С.Момбеков тағайындалды.
1994 жылы желтоқсан айында «Органикалық химия» кафедрасының меңгерушілігіне х.ғ.к., доцент Мадыханова Қ.С.
1995 жылы маусым айынан бастап «Органикалық химия» кафедрасына х.ғ.к., доцент Өрісбаев Т. меңгерушілік етті.
1995 ж. қыркүйек айынан «Физикалық және коллоидты химия» кафедрасы ашылып, меңгерушілік қызметін х.ғ.к., доцент Есжанов С.Е. атқарды.
Ал 1994 - 1997 жылдың маусым айына дейін «Жалпы, бейорганикалық және аналитикалық химия» кафедрасына техн.ғ.д., профессор Туртабаев С.Қ. қызмет атқарды.
1997 ж. желтоқсан айында барлық кафедралар біріктіріліп, жаңа заман талабына сай «Химия» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушісі қызметін х.ғ.д., - Жаңабаев Б.Ж. атқарды. Студенттерді оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында профессорлар Қазақстан Республикасы академиясының академиктері Әшіров Ә.М., Жаңабаев Б.Ж., Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Есжанов С.Е. оқулықтар жазды. Атап айтқанда Б.Ж.Жаңабаевтың Д.В.Сокольскиймен және П.П.Занозинамен бірігіп шығарған монографиясы «ҮІІ топтағы металдарда арендерді адсорбциялау және гидрлеу», С.Е.Есжановтың «Физикалық химия» – ІІ бөлімі, «Физикалық химия пәніне арналған есептер жинағы», «Коллоидты химия» оқулықтары баспадан шықты.
2000 жылы ақпан айында «Химия» кафедрасы «Органикалық және физикалық химия» және «Бейорганикалық және аналитикалық химия» кафедралары болып екіге бөлінді.
«Органикалық және физикалық химия» кафедрасының меңгерушісі қызметіне х.ғ.д., профессор Жаңабаев Б.Ж.тағайындалды.
2003-2008 ж. аралығында «Органикалық және физикалық химия» кафедрасының меңгерушісі қызметін х.ғ.к., доцент Қобланова О.Н. басқарды.
Ал «Жалпы, бейорганикалық және аналитикалық химия» кафедрасын техн.ғ.д., профессор Әшіров Ә.М.,
2005 жылдың 1-қыркүйегінен 2006 жылдың 23 қазанына дейін «Химия» кафедрасының меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Қыстаубаев Е.И.басқарды.
2008 жылдың қыркүйек айынан «Органикалық және физикалық химия» кафедрасын х.ғ.к., доцент Мәдібекова Ғ.М., «Жалпы, бейорганикалық және аналитикалық химия» кафедрасын т.ғ.д., профессор Ауешов Ә.П.басқарды.
2009 жылы екі кафедра біріктіріліп, «Химия» кафедрасы болып қайта құрылып, меңгерушілігіне т.ғ.д., профессор Ауешов Ә.П.тағайындалды.
2010-2016 жылдары аралығында «Химия» кафедрасын х.ғ.к., доцент Мәдібекова Ғ.М. басқарды.
2017 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін «Химия» кафедрасын х.ғ.к., доцент Шағраева Б.Б.басқаруда.
Оқытушылардың ғылыми потенциалы жоғары. Қазіргі уақытта кафедрада 18,25 штат бірлігінде 19 оқытушы - профессор, оның ішінде 1 ғылым докторы, профессор, 11 ғылым кандидаты, доценттер, 2 доктор РhD және 4 аға оқытушы, 1 оқытушы дәріс береді.
Оқу процесін жүргізуге қосалқы қызметкерлер ретінде 1 лаборатория меңгерушісі, 1 инженер, 3 лаборант қызмет атқарады.