Материалдық техникалық база
Зертханалық және арнайы кабинеттер туралы мәлімет.
«Химия» және «Химия-биология» мамандықтары бойынша оқу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында Химия кафедрасында төмендегідей зертханаларық кабинеттер толықтай жабдықталып, іске қосылған. Олар: 401, 402, 412, 420 - зертханалық кабинеттер, 407- химияны оқыту әдістемесі және химияны оқытудың инновациялық тәсілдерін қолдану тәсілдері кабинеті.
Сонымен қатар, зертханалар мен кабинеттерде интерактивті SMART, ESPriT тақталары, МФУ, компьютерлер бар және Интернет желісіне қосылған. Зертханалар арнайы реактив сақтайтын темір шкафтармен, химиялық ыдыстар қоятын стеллаждармен, ауа сорғыш тартпа шкафтарымен жабдықталған. Зертханалар толық жөндеуден өткізілген. Жарық көзі, су құбырлары стандартқа сай жүргізілген.
Санитарлық нормаға сәйкес техника қауiпсiздiк бұрышы жабдықталған (техника қауіпсіздік ережесі, өрт қауіпсіздік ережесін сақтау нұсқасы, жұмыс орнындағы нұсқаулықтарды тіркеу журналы, өрт сөндіргіш ГОСТ 51057-2001, аптечка, алғашқы көмекке арналған ерітінділер 1% CH3COOH6, 1% NaHCO3). Әр кварталда оқытушылар және студенттер ТБ және ПБ нұсқаулықтармен танысып,тіркеу журналына қол қойылады.
Әр зертхананың зертхана паспорттарында қондырғылар мен құрал-жабдықтар, жиһаздар тіркелген. Реактивтермен және прекурсорлармен жұмыс жүргізуге лицензия алынған (ҚР ІІМ 22.11.2019 года№ 19022872).Барлық зертханалар антисептик құралдармен жабдықталған.
Кесте:1 Зертханалар туралы мәліме.
№ |
Мамандандырылған дәрісхана түрі |
Шаршы метр |
1 |
№ 412 Бейорганикалық химия және жалпы химия зертханасы |
64,4 |
2 |
№ 420 Аналитикалық химия және химиялық анализдеу әдістері зертханасы |
80,9 |
3 |
№ 401 Органикалық химия және химиялық синтез зертханасы |
31,6 |
4 |
№ 402 Физикалық және коллоидтық, химиялық технология зертханасы |
31,9 |
5 |
№ 407 Химияны оқыту әдістемесі және химияны оқытудың инновациялық тәсілдерін қолдану кабинеті |
48,1 |
№ 401- Органикалық химия және химиялық синтез зертханасы |
|
№ 402 Физикалық және коллоидтық химия, химиялық технология зертханасы |
|
№ 412 Бейорганикалық және жалпы химия зертханасы |
|
№ 420 Аналитикалық химия және химиялық анализдеу әдістері зертханасы |
|
№ 407 Химияны оқыту әдістемесі және химияны оқытудың инновациялық әдістерін қолдану зертханасы |
|