Профессор-оқытушылардың жетістіктері

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ АЛҒЫСЫМЕН Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Химия» кафедрасының ғалымы  Шертаева Нәйля Тұрдығалиқызы марапатталды. Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға  елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін алғыс хатқа ие болды. Құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ел игілігі жолындағы кәсіби қызметіңізге табыс, отбасыңызға амандық тілейміз.

 

Сүйінші! «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ!

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Химия» кафедрасының ғалымдары  Шағраева Б.Б.,Шертаева Н.Т.,Жылысбаева А.Н.,Абдуразова П.А "Ғылыми тағылымдамалар" санаты бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Мемлекеттік кеңесшінің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның  2023 жылғы 20 желтоқсандағы шешімінің қорытындысы бойынша профессор-оқытушылар  әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Ғалымдарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

       

 

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті  «Химия» кафедрасының доценті, PhD доктор Перизат Абдуразова ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің 2023 жылғы Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды!

 

Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректоры Г. Д. Сугирбаева 2023 жылдың Үздік кафедрасы деп "Химия" кафедрасын атап, 200.000 тенге сертификатын табыстады. Алдағы уақытта да кафедраның биіктерден көріне беруіне және шығармашылық табыстар тіледі