Шетел тілдері кафедрасы
Оқу әдістемелік жұмыстар
Шетел тілдері кафедрасының оқытушылар құрамы барлық педагогикалық білім беру бағдарлама бойынша (6В01703 – басқа ) шетел тілі пәнінен сабақ береді. Шетел тілдері кафедрасының оқу-әдістемелік құжаттары: стандарттар, үлгілік оқу бағдарламасы, оқу бағарламалары (силлабус), СӨЖ, СОӨЖ жоспары, оқытушылардың баспадан шығарылған оқу-әдістемелік құралдары қамтамасыз етілді.
Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге біліктілік арттыру курсын 72 сағат көлемінде өтіп, сертификаттар иеленген.
Оқытушылардың сабақ барысында жаңа белсенді инновациялық әдістері мен мультимедиалық құралдарды сабақтарда қолданылады: оқытушы мен студенттер тарапынан рефлексивті оқыту тәсіліне негізделген студенттерді шоғырландыра оқыту, интерактивті практикалық сабақ (проблемалық тақырыптар, пікірталас алаңы, «Сұрақтар-жауаптар-талқылау»), интерактивті қатынас, рөлдік ойындар, бейне материалдарды түсіру, кейс-стади (нақты жағдаяттарды талдау), презентация жасау, эссе жазу, интерактивті ойындар, топтық жұмыстар / жоба, тыңдалым, инновациялық технологияларды қолдану (JamBoard, Flipgrid, Padlet, Google Doc Test, Kahoot).
Шетел тілдері кафедрасының оқытушылары әр оқу жылына оқу-құралдарын жоспарлап оларды баспадан шығарады. Оқу-құралдары барлық факультет мамандықтарына бағытталған.
Сонымен қатар кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен оқу-әдістемелік семинарлар жоспар бойынша өткізіледі. Білім алушылар арасында дебаттар өткізіледі. Дебатқа барлық факультеттің студенттері белсенді қатысады. Қатысушылар берілген тақырып бойынша ағылшын тілінде мысалдар, фактілер келтіреді, дәлелдейді, түсіндіреді және де қорытындылайды. Дебаттың жеңімпаздары анықталып оларға сертификаттар табысталады. Пікірталастың негізі-еркін сөйлеу, ұсынылған тезис бойынша пікір алмасу. Қатысушылар өз идеяларын қолдау үшін дәлелді дәлелдер келтірді, фактілерді растады, түсіндірді, қорытындылады. Пікірталас студенттерді көпшілік алдында ауызша сөйлеу мәдениетіне, басқаларды тыңдау және есту қабілетіне, өз мүмкіндіктерін бағалауға және де қатысушыларға өз көзқарастарының лайықты дәлелі бола алатын дәлелдерді іздеуге үйретеді. Сондай-ақ, қатысушылар пікірталастарды дайындау және өткізу барысын, ішкі тәртіп пен өзін-өзі бақылауды дамытып, нақты регламентті ұстануды үйренеді.