Шетел тілдері кафедрасы
Кафедра меңгерушісі және эдвайзерлер
Дилдабекова Анар Кулбаевна
Дилдабекова Анар Кулбаевна 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 1984-1995 жылдары Абай атындағы №27 мектепте оқып, үздік аттестатпен бітіріп шығады. Осы жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінінің (бұрынғы Шымкент қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент филиалы) филология факультеті ағылшын тілі мамандығының 1-курсына қабылданады. 1999 жылы аталған жоғары оқу орнын қызыл дипломмен аяқтады. 2014 жылы педагогикалық ғылымдардың магистрі ғылыми дәрежесін иеленді. 2018 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеті «Аударма ісі» мамандығы бойынша докторантураны бітірді.
Еңбек жолын 1999 жылы М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің шетел тілдері кафедрасында оқытушы болып бастады.
2002-2008 жылдары Шымкент қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ағылшын тілі кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары Академиялық инновациялық университетінде ағылшын тілі оқытушысы ретінде жұмыс жасады.
2011-2012 оқу жылында қайта ашылып, қалпына келтірілген Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ағылшын тілі кафедрасының аға оқытушысы, 2022 ж. Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы қызметтерін абыройлы атқарды.
2019 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқаруда.
Ньюкасл (Ұлы Британия) «Enhancing Learning and Teaching in Higher Education» біліктілігін арттыру бағдарламасы, Астана қаласында Педагогикалық шеберлік орталығында (ПШО) тренер курсы «Қазақстан Республикасы мұғалімдеріне арналған үздіксіз білім беру бағдарламалары негізінде оқытушылар даярлайтын жоғары оқу орындарының магистранттарына қосымша кәсіби білім беру бағдарламасы», Ресей халықтар достығы университетінде Мәскеу қаласында «Аударма теориясы мен практикасы» үздіксіз білім берудің міндетті бағдарламасы, Назарбаев Университетінде, «Дистанционные образовательные технологии для разработки онлайн курсов ОУР» (ЮНЕСКО, Қазақстан) және ҚР БҒМ және АҚШ елшілігімен бірлескен «Virtual training on English language teaching methodology, content and curriculum development» біліктілік курстарынан өткен. Бірнеше халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде өткен ғылыми, әдістемелік, тәрбиелік іс-шараларға қатысып, сертификат алған.
Бірнеше халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференция, семинар сертификаттары мен ҚР БжҒМ Акредиттеу туралы куәлігін иеленген.
«ОҚМПУ -80 жылдық» төсбелгісімен (2021) және ОҚМПИ мадақтамалармен марапатталған.
40-тан аса ғылыми және публицистикалық мақалалардың, бірнеше оқу-әдістемелік оқу құралдарының авторы.