Шетел тілдері кафедрасы

Кафедра тарихы

ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫ

   Шетел тілдері кафедрасы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің белді кафедраларының бірі. Өткен ғасырдың 50-жылдарында  филология факультеті құрылғаннан бері, жеке кафедра ретінде жұмыс атқаруда.

   Кафедраның құрамы ағылшын және неміс тілдерінің оқытушыларынан құрылды. Кафедра тарихында  Р.С. Кратцев, Р.В.Стеле, В.Г.Лобин, Ж.Тұнғатаров сияқты атақты ғалымдардың атқарған қызметі зор.

   1994-2019 жылдары кафедраны филология ғылымдарының кандидаттары Н.А. Авазбаев, И.С.Шохахов,  А.М.Қарақұлова  басқарды. 2019 жылдың қыркүйек айынан бері кафедра меңгерушісі қызметін  А.К. Дилдабекова атқарып келеді.

   85 жылдық тарихы бар  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университінің шетел тілдері кафедрасы оңтайландыру мақсатында бірнеше рет ағылшын тілі кафедрасымен біріктіріліп, кейін қайта жеке кафедра болып өз жұмысын жалғастыруда.

 

Описание: C:\Users\user\Desktop\1.jpg

 

 Суретте кафедра меңгерушісі А.Н.Яцухин оқытушылармен  бірге.

 

   Н.А. Авазбаев, ф.ғ.д., шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған жылдары  көптеген ізденушілердің  ғылыми кандидаттық диссертацияларына жетекшілік жасап, ізденущілер абыроймен диссертацияларын қорғап шықты.

   А.М. Каракулова ф.ғ.к., Ұлыбритания, Бангор университетінде «Вербалды және вербалсыз коммуникация арқылы Еуропа және Азиялық этиникалық топтары арасындағы мәдениетаралық қарым-қатынастар» атты жоба бойынша ғылыми тағылымдама өтіп өз тәжірибесімен кафедра оқытушыларымен бөлісті.

Описание: C:\Users\user\Downloads\IMG-20221018-WA0170.jpg

 

Описание: C:\Users\user\Downloads\DSC_1329.jpg

Кафедра меңгерушісі А.М. Қарақұлова кафедра оқытушыларымен бірге