Шетел тілдері кафедрасы

Профессор-оқытушылардың жетістіктері

Сертификаты 

 2019 жылдың қазан айында мұғалімдер күніне орай Қазақстан Республикасы БжҒМ, Ғылым комитеті, Мемлекет тарихы институты, «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Қазақстанның құрметті ұстазы» және «Үздік педагог-2019»  атты республикалық байқауларына шетел тілдері кафедрасының доценті м.а., п.ғ.к. Киясова К.К. қатысты. Нәтижеде екі байқауда да топ жарып, «Қазақстанның құрметті ұстазы» және «Үздік педагог-2019» төсбелгілері және 1-орын Дипломдарымен марапатталды.  

 

   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 17.01.2022 ж. 14-2/39BH хатына сәйкес «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастырумен халықаралық білім және ғылым қызметкерлерін қолдау үшін Тәуелсіз мемлекеттер достығы «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ
ҚЫЗМЕТКЕР - 2023» атты ТМД елдерінің арасында ұйымдастырылған, халықаралық ғылыми жобаға «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі Дилдабекова А.К., п.ғ.к., доцент м.а. Карабаева Л.К., аға оқытушылар Артықбаева Ф.И., Султанова Г.Ф. қатысып, жүлделі 1 орындарға ие болып, ғылымға қосқан өз үлестері үшін, 1 дәрежелі диплом «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР - 2023» куәлік, төс белгілерімен марапатталды.

   

   Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Филология Шетел тілдері кафедрасының п.ғ.к. доцент м.а. Қиясова Қалия Құралбаевна Болашақ бағдарламасы шеңберіндегі "500 ғалым" жобасы аясында Ұлыбритания елінің (QS World University Rankings 2023) топ үздік 10 жоғары университетіне кіретін University of Warwick - те ғылыми тағылымдамадан өтті.