География кафедрасы
Оқу әдістемелік жұмыстар
2023-2024 оқу жылы бойынша
1.Кафедрада өткiзiлетiн пәндер бойынша лекция, лаборатория және практикалық сабақтардың мазмұндылығын, өту сапасын арттыру мақсатында профессор-оқытушылардың өзара сабаққа қатысу кестесi жасалған (№1 хаттама 28.08.2023). Кафедра меңгерушiсiнiң және оқытушылардың өзара сабаққа қатысуы оқу жылының басынан бастап жүргізілді. Кесте бойынша әрбiр профессор-оқытушылардың сабағына тағайындалған комиссия мүшелерi қатысады. Профессор-оқытушылар өздері қатысқан сабақтардың талдауын арнайы өзара сабаққа қатысу журналына тiркеген. Онда жетiстiктерi, кемшiлiктерi, қолданған көрнекі құралдары туралы нақты жазылған.
Кафедрада өткізілетін пәндер бойынша лекция, лабораториялық, практикалық және ОБСӨЖ сабақтардың мазмұндылығын, өту сапасын арттыру мақсатында профессор-оқытушылардың ашық сабаққа қатысу кестесі жасалған (№1 хаттама 28.08.2023 Кафедра меңгерушісінің және оқытушыларының ашық сабаққа қатысуы оқу жылының басында кафедраның оқу жоспары негізінде жасалған. Кесте бойынша тәжірибелі профессор-оқытушылардың сабағына кафедра мүшелері қатысып отырды. Профессор-оқытушылар өздері қатысқан сабақтардың талдауын арнайы ашық сабаққа қатысу журналына тіркеген. Онда жетістіктері, кемшіліктері, қолданған көрнекі құралдары, сабақтың қай деңгейді «инновациялық әдістерді» игергендігіне көңіл бөлінді. 2023-2024 оқу жылының бірінші жартыжылдығында кафедрада 6 өзара сабаққа қатысу жоспарланып өтілді. Жоспарланған 3 ашық сабақ өтілді.
2.География кафедрасының оқу –әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 15-қарашасында әдістемелік семинар өтті. Кафедраның оқытушысы Алимкулова А.С. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасын түсіндіру» тақырыбы бойынша кафедра деңгейінде баяндама жасады. Баяндамада кез келген дамушы қоғамға, оның ішінде қазақстандық қоғамға тән қоғамдық қатынастардың жоғары деңгейі, әсіресе әкімшілік-деликт заңнамасында көрініс табады. Өзекті мемлекеттік міндеттер мен бағдарламалық қондырғыларды шешуге бағытталған қабылданатын құқықтық шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында осы құқықтық қатынастарға тартылған тұлғалардың жауапкершілігін көздейтін нақты заң тетігін бекіту талап етіледі. Олардың ішінде айыппұл, тәркілеу, қызметті тоқтата тұру, лицензия сияқты әкімшілік жазалардың түрлерін қамтитын әкімшілік заңнаманың құралдары үлкен рөл атқарады, бұл неғұрлым оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тиісті құқықтық қатынастарға қатысушы адамдардың құқықтық жауапкершілігін белгілемей, осы міндеттерді іске асыру тиімділігінің төмендігі салдарынан болады, өйткені, қызметтік қатынастарда болмайтын құқықтық қатынастарға қатысушыларға тәртіптік жауапкершілік жүктеу мүмкін емес екенін атап көрсетті. Баяндамашы адам өміріндегі теориялық және әдіснамалық мәселелерді зерттеудің маңызы зор екендігіне тоқталды. Семинарда берілген мәліметтері ескеріліліп, оқытушылар күнделікті өмірде және оқытуда теориялық және методологиялық заманауи әдістерін қолдануды кеңейту мүмкіндігін қарастыру ұсынылыды.
3.География кафедрасы оқытушыларының 2023/2024 оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспарына сәйкес аға оқытушы Налмишова К.Н. «Түркістан облысының географиясы» және «Шымкент қаласының географиясы» оқу құралдарын жарыққа шығарды. Автор Ө.Жәнібеков ОҚПУ кітапханасына аталған оқу құралдарының 10 данасын тапсырды.
2022-2023 оқу жылы бойынша
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы кафедраның жылдық жоспары мен оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспары негізінде жүргізіледі.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен оқытудың жаңа әдістерін ендіру мен студенттердің танымдық қызметін белсендіру саласында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Кафедра оқытушылары лекция және семинар сабақтарының барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолданды. Атап айтқанда, проблемалық оқыту әдісі, ынтымақтастық педагогикасы, ізгілендіру технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, деңгейлеп және саралап оқыту технологиялары, бағдарламалы оқыту технологиясы. Осы педагогикалық технологияларды сабақ барысына енгізу студенттердің пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттырады.
2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығында оқытушылардың 8 өзара сабаққа қатысу жоспарланып отыр. Оның ішінде 5 лекция және 3 семинарлық сабағы. Өзара сабаққа қатысу құрылған кесте бойынша орындалып, сабаққа қатысып, пікір білдіру өзара сабаққа қатысу журналына толтырылды. Оның кестесі жыл басында кафедра мәжілісінде бекітілген.
Кафедра оқытушылары инновациялық әдістерді қолданудың студенттердің танымдық деңгейін арттырып, оларда тыңғылықты, дәлелді білім қалыптастыратынын есепке ала отырып, 2022-2023 оқу жылында оқу процесіне инновациялық әдістерді енгізуді қолға алуда.
Кафедраның 2022-2023 оқу жылының жылдық жоспары мен оқу-әдістемелік жылдық жоспарында кафедрада оқытылатын пәндердің жұмыс бағдарламаларының, силлабустардың сапасы мен дайындығы, әдістемелік құралдарды баспадан шығарудың орындалуы мен сапасы, пәндердің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуі, инновациялық тәсілдерді оқу процесіне енгізу, емтихан, сынақ, тест тапсырмаларының сапалылығы, оқу-дала практикасын ұйымдастыру мен өткізу туралы, т.б. мәселелер қаралды.
2023 жылдың 19 сәуір күні университеттің ұйымдастыруымен "Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру" тақырыбындағы Білім беру мекемелерімен тәжірбие аласуға арналған қалалық семинар өткізілді.
Семинарға 6В01405-Құқық және экономика негіздері мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша Е.Г.Искандеров Назарбаев зияткерлік мектебінің экономика пәнінің мұғалімі, Г.М. Сулейменова Назарбаев зияткерлік мектебінің экономика пәнінің мұғалімі, Г.Б. Шокеманов №90 дарынды балаларға арналған мектеп гимназиясының құқық негіздері пәнінің әдіскерлері және 1405-11 оқу тобының студенттері қатысты.
6В01506- География мұғалімін даярлау, 6В01511-География-тарих мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша Акилбаева Сауле Батырхановна-«Cambridge Line» мектебінің география пәні мұғалімі, педагог-эксперт, К.Қасымұлы атындағы №33 атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің оқытушысы Анетбекова Зауре Асеновна , кафедра оқытушылары мен бб студенттері қатысты.
География кафедрасының оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 7 қазанда 2022 ж. күні «Түркістан облысының киелі жерлер географиясы курсын оқытуда өзекті мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты оқытудың келелі мәселелерді айқындау. Жаңа формациядағы мұғалімдерді дайындау үшін, жаңартылған білім берудің басты қағидаттарын, өз өлкесінің табиғаты мен тарихын, киелі орындарын білу, жаңа инновациялық технологияларды әдістемеде пайдалана алуды меңгеру, қоғам қажеттіліктеріне байланысты білім беру миссиясының өзгеруінің өзекті мәселелерін қарастыру, ЖОО білім беру бағдарламаларының жоспарлану деңгейі, білім беру бағдарламасындағы келелі мәселелер, қазіргі таңдағы мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын жоғарылату мәселелері. Ғылыми-әдістемелік семинар талапқа сай жоғарғы деңгейде өткізіліп, кафедра мәжілісінде талқыланып хаттамаға енгізілді.
Кафедра профессор-оқытушылар құрамы баспадан шығарылған оқулықтары, оқу құралдар және оқу әдістемелік нұсқауларын сапасы түрде, кредиттік оқыту жүйесінің талаптарына сай дайындаған. Дайындалған оқулықтар, оқу құралдары және т.б. кафедраның әдістемелік кеңесінде қаралып, талқыланып, ғылыми мектеп кеңесінде қарауға және баспадан шығаруға ұсыныстар жасалды. Баспаға ұсынылған оқу құралдырының хаттамалары және пікір берушілердің пікірлері факультет кеңесінде қаралып тіркелген
2021-2022 оқу жылы бойынша
Факультет деңгейінде 2020 жылдың наурыз айында ЖОО-мен ынтымақтасуға дайын жұмыс берушілермен кездесу өтті: оқудан кейін жас кадрларды жұмысқа қабылдау жөнінде. Бұл іс-шараға "География" кафедрасы да қатысты. Кездесу барысында 2021-2022 оқу жылына арналған білім беру бағдарламалары қызу талқыланды
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен оқытудың жаңа әдістерін ендіру мен студенттердің танымдық қызметін белсендіру саласында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Кафедра оқытушылары лекция және семинар сабақтарының барысында жаңа педагогикалық технологияларды қолданды. Атап айтқанда, проблемалық оқыту әдісі, ынтымақтастық педагогикасы, ізгілендіру технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, деңгейлеп және саралап оқыту технологиялары, бағдарламалы оқыту технологиясы.
Осы педагогикалық технологияларды сабақ барысына енгізу студенттердің пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттырады.
Кафедра оқытушылары инновациялық әдістерді қолданудың студенттердің танымдық деңгейін арттырып, оларда тыңғылықты, дәлелді білім қалыптастыратынын есепке ала отырып, 2018-2019 оқу жылында оқу процесіне инновациялық әдістерді енгізуді қолға алуда.
Кафедрада өткізілетін пәндер бойынша лекция, зертханалық және практикалық сабақтардың мазмұндылығын, өту сапасын арттыру мақсатында профессор-оқытушылардың өзара сабаққа қатысу кестесі жасалған, ол кафедра мәжілісінде (№3 хаттама, 15.10.18ж.) қаралып, кестесі бекітілген. Профессор-оқытушылар өздері қатысқан сабақтардың талдауын арнайы өзара сабаққа қатысу журналына тіркейді. Онда жетістіктері, кемшіліктері, қолданған көрнекі құралдары туралы нақты жазылған.
2018-2019 оқу жылының 1 жартыжылдығында оқытушылардың 7 өзара сабаққа қатысу жоспарланып, ол дер кезінде орындалған. Оның ішінде 4 лекция және 3 семинарлық сабағы.Өзара сабаққа қатысу құрылған кесте бойынша орындалып, сабаққа қатысып, пікір білдіру өзара сабаққа қатысу журналына толтырылды. Оның кестесі (Тіркеме № 9) жыл басында кафедра мәжілісінде бекітілген (№3 хаттама, 15.10.18ж.).
Биылғы оқу жылының І-ші жартысында кафедрада 3 ашық сабақ өткізу жоспарланған (кесте 4). Оның кестесі кафедра мәжілісінде (№2 хаттама, 18.09.18ж.бекітілген. Бұл жоспар толығымен орындалып, ашық сабақтардың сапасы, деңгейі туралы пікірлер кафедра мәжілістерінде (№ 4 хаттама, 15.11.18ж.) талданды және ұсыныстар берілді, қорытындысы арнайы журналға тіркелген.
2018-2019 оқу жылында академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар бойынша География кафедрасының атқаратын жұмыстары жөнінде жоспар жасалды. Кафедраданың ПОҚ академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыс орталығы өткізген жиналыстарға қатысып, орталықтың тапсырмаларын дер кезінде атқарып отырды. География кафедрасы бойынша 2018-2019 оқу жылындағы академиялық ұтқырлық бойынша ақпараттар келесі кестеде көрсетілген
Кесте
№ |
Аты-жөні |
Ғылыми атағы |
Мерзімі |
Келді |
Кетті |
Ескерту |
ОПҚ-ның академиялық ұтқырлық бойынша мәліметі |
||||||
1 |
Мустафа Ахмед Селми |
PhD, доктор |
08.10.- 03.11.2018 |
Суец Каналы Университеті, Мысыр |
- |
Сыртқы АҰ |
2 |
Душински Марцин Эдвард |
MSc, профессор |
01.10-27.10.2018 |
Жоғары Бизнес академиясы, Жаңа Сонче қаласы, Польша |
- |
Сыртқы АҰ |
Студенттердің академиялық ұтқырлық бойынша мәліметі |
||||||
1 |
Жакауова Майра Есенбайқызы, 115-17 |
5В011500- Құқық және экономика негіздері |
1 академиялық семестр
|
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті |
- |
Ішкі АҰ |
2 |
Ермахан Ақнұр Серікқызы 116-16 |
5В011600-География |
1 академиялық семестр |
- |
Абай атындағы ҚазҰПУ |
Ішкі АҰ |
3 |
Қожабаев Қуаныш 129-88 |
5В012900- География-тарих |
1 академиялық семестр |
- |
Карой Эстерхази атындағы университет Эгер қаласы, Венгрия |
Сыртқы ҰА |
PhD, доктор Мустафа Ахмед Селми, 116-17а оқу тобы
MSc, профессор Душински Марцин Эдвард 115-17, 116-17а оқу топтары
Кафедрада ғылыми-әдістемелік семинар үздіксіз жұмыс атқарып келеді. Семинар отырысы жүйелі түрде өткізіледі. 2018 жылдың қазан айынан бастап семинарда 2 баяндама жасалған. Өткізілу туралы құжаттар жинақталып баяндамалар жайлы мәліметтер төмендегі кестеде берілген. 2018 жылдың 30-қарашасында География кафедрасында «Жаңартылған білім берудің - кәсіби маман таңдаудағы маңызы» оқу-әдістемелік семинары өтті.