География кафедрасы

Кафедра тарихы

 

ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ

 

"География" кафедрасы 6В01506 – География мұғалімін даярлау, 6В01511 - География-Тарих мұғалімін даярлау, 6В01405 - Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау, 7М01506-География педагогін даярлау және 7М01405-Құқық және экономика негіздері педагогін даярлау білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде география бойынша мамандарды даярлау 2000 жылы басталған. "Тарих және география" мамандығы бойынша дайындықты Қазақстан тарихы кафедрасы жүзеге асырды. "География" кафедрасы 2008 жылы құрылды. Кафедраның бірінші жетекшісі география ғылымдарының кандидаты, доцент Токбергенова Айгуль Абдугапаровна болды. 2011 жылдан бастап кафедраны г.ғ.к., аға оқытушы А.Т.Саулембаев, 2012-2013 жылдары г.ғ.к., доцент М.Д. Мамадияров басқарды. 2013-2014 ж.ж. кафедраны г.ғ.к., аға оқытушы А.Д. Тажекова, 2014-2015 ж.ж. – г.ғ.к., доцент М.Д. Мамадияров, 2015-2016 жылдары –  аға оқытушы Г. Б. Алпамысова, ал 2016-2018 жылдары – э.ғ.к., аға оқытушы Г. Б. Исатаева, 2018-2021 ж.ж. аралығында кафедраны г.ғ.к., доцент м. а. А.Д. Тажекова, 2021-2022 оқу жылдары  э.ғ.к., аға оқытушы Ж.Ж. Темирова басқарған. 

Қазіргі уақытта кафедраны г.ғ.к., аға оқытушы З.К.Мырзалиева басқарады.

 

География кафедрасы Жаратылыстану факультетінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Кафедраның қызметі университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес ұйымдастырылады және оларды жүзеге асыруға бағытталған.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы - 18 оқытушы, оның ішінде  8 ғылым кандидаты, 6 магистр-аға оқытушы және 4 магистр-оқытушы. Кафедраның ғылыми әлеуеті 50 пайызды құрайды.