География кафедрасы
Практикалық база және еңбекпен қамту
2023-2024 оқу жылы бойынша практикалық база
2023-2024 оқу жылында өткізілген практикалар
2-курс Психологиялық-педагогикалық практика
2022-2023 оқу жылы бойынша практикалық база
Кафедрада тұтынушылардың сұраныс-талаптарын зерттеу және болашақта еңбекпен қамтамасыз ететін ұйымдарда студенттердің іс-тәжірибелерін өткізу мақсатында бітіруші мамандарды тұтынатын мекемелермен тұрақты байланыс орнатылған. 2022-2023 оқу жылындағы практика базалары төменде көрсетілен мектептермен келісім шарттар түзілген:
Кафедра мамандықтарына кәсіби (педагогикалық-психологиялық, педагогикалық, педагогикалық өндірістік) практиканың түрлерін өтуге төмендегі базалармен келісім-шарттар түзілген:
- № 65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия,
- № 52 М.Өтемісұлы атындағы орта мектеп,
- № 13 Мукими атындағы жалпы орта мектеп,
- № 7 Қ.Спатаев атындағы мектеп лицей,
- № 47 Т.Тәжібаев атындағы мектеп гимназия,
- № 50 А.Байтурсунов атындағы мектеп гимназия,
- № 3 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп,
- № 1 Үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп,
- № 46 Шымкент қаласындағы білім беру мектеп-лицей,
- № 80 мектеп-лицей,
- № 25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназия,
- № 28 Жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
- № 33 Кенесары Қасымұлы атындағы ЖОМ,
-№88 Шағын орта білім беру мекемесі
-№31 Жалпы орта мектеп коммуналды мемлекеттік мекемесі
-Ақсу-Жабағлы» қорығы,
-Сайрам-Өгем Ұлттық паркі,
-Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы және т.б
Практика бағдарламасы білім алушыларға әлемдік және ұлттық руханият, имандылықпен адамгершілік тәрбиесі, ізгілендіру, қоғамның жоғары саналы азаматы ретінде қалыптасуына ықпал етіп, география және география-тарих, құқық және экономика негіздері мамандықтары саласында кәсіби қызмет мазмұнын толыққанды меңгеруіне мүмкіндік береді. Жұмыс бағдарламасы мамандықтың үлгілік оқу жоспарына сәйкес кәсіптік практика түрлері оқыту процесінде алған сарамандық дағдысының қалыптасуына, теориялық білімді бекітуге сонымен қатар озық тәжірибе атқаруға бағытталған. Оқыту процесінде кәсіби практика түрлері География кафедрасында дайындалатын мамандықтың Білім беру бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады. Білім беру бағдарламасы мен мамандықтың жұмыс оқу жоспарына сәйкес келесідей практика түрлерінен өтеді: оқу, педагогикалық, өндірістік(педагогикалық) және дипломдық жұмысын орындайтындар үшін дипломалды практика жоспарланған. Студенттердің практикасы толыққанды өтілу үшін қазақ және орыс топтарына мамандыққа сәйкес практиканың күнделіктері, практика өтілетін орындарға белгіленіп көрсетілетін жолдамалар СМЖ талабына сәйкес дайындалған
Кәсіптік практика білім алушының оқу жұмысының міндетті компоненті болып табылады.
ОП ерекшелігіне сәйкес практиканың келесі түрлері ұйымдастырылады:
- оқу;
- педагогикалық;
- өндірістік;
- диплом алды.
Оқу практикасының мақсаты - оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету, зерттеу қызметінің негіздерін қалыптастыру, іс қағаздарын жүргізу және іскерлік хат-хабарлармен жұмыс істеу, практикалық іскерліктер мен жұмыс дағдыларын меңгеру.
Оқу практикасы барлық білім алушылар үшін ұйымдастырылады, ББ ерекшелігіне, бағытына сәйкес жүргізіледі, кафедра отырысында қаралады және практика бағдарламасында көрсетіледі.
Педагогикалық практиканың мақсаты - жалпы ғылыми, мәдениеттанушылық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндерден білімді бекіту және тереңдету, сондай-ақ теориялық білім негізінде педагогикалық шеберлікті, дағды мен құзыреттілікті қалыптастыру.
Өндірістік тәжірибе дайындық бейініне сәйкес келетін мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда жүргізіледі.
Диплом алдындағы практика дипломдық жұмысты орындайтын барлық мамандықтағы білім алушылар үшін бітіруші курста жүргізіледі. Диплом алдындағы практикаға басшылық етуді диплом жұмысының ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.
2022-2023 оқу жылында өткізілген практикалар
2 - курс. Психологиялық - педагогикалық практика
3 - курс. Педагогикалық практика
Қорытынды конференция
30 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде Жаратылыстану факультеті География, Биология, Химия кафедраларының 1-4-курс студенттерінің кәсіптік практикасының қорытынды конференциясы болып өтті.
Алғы сөзді Жаратылыстану факультетінің деканы А.Т. Саулембаев алып, ұлы ұстаз болудың мәні туралы, ұстаздық қызметтегі тәжірибенің маңызы туралы ой қозғап, конференцияны ашып берді.
Конференция барысында 1-курс студенттері оқу практикасында алған әсерлерімен, 2-курс студенттері психологиялық-педагогикалық практика барысында жинаған тәжірибелерімен, ал 3-4-курс студенттері педагогикалық практика барысында қол жеткізген нәтижелерімен бөлісті.
ОҚМПУ Кәсіптік практика бөлімінің басшысы Қ.У. Қоразбекова практика жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша студенттердің ұсыныстарын тыңдап, олардың дені іске асырылып жатқандығын, дені алдағы уақытта міндетті түрде ескерілетіндігін алға тартты.
Конференцияға практиканың педагог-әдіскері А. Ортаева мен психолог-әдіскері А. Умбеталиева да қатысып, студенттердің кәсіптік практика барысында атқарған жұмыстарына жоғары баға берді.
п