Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай ұйымдастырылған  XV Республикалық  пән олимпиадасында ОҚМПУ студенттері жүлделі орын иеленді

2023 жылдың 25-26 сәуір күндері Семей қаласында ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай ұйымдастырылған  XV Республикалық  пән олимпиадасында 19  команда арасынан ОҚМПУ студенттері жүлделі III орын иеленді.

Олимпиадаға қатысушы 6В01701-қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Нұрланқызы Нұрлы, 4-курс студенттері Есіркеп Қарлығаш және Тұрар Әлима.

Жетекшілік еткен Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Пазылова Алмагүл Советханқызы