Факультет тарихы
1937 жылғы Қазақстанда мамандар даярлау жайлы Орталық партия комитетінің қаулысына сәйкес Республика астанасы Алматы мен кейбір облыс орталықтарында жоғары оқу орындары ашыла бастады. Осы қаулыға сәйкес Қазақ ССР Халық комиссарлар кеңесінің 19 наурыз 1937 ж. № 203 қаулысы негізінде Шымкент мұғалімдер университеты ашылды. Алғаш тарих-филология деп аталған факультеттің 1-курсына 1937-38 оқу жылында тұңғыш рет 120 студент қабылданды. Олардың басым көпшілігі филологтар – қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті мамандары болды. 1954 жылғы 7-шілдедегі Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің қаулысына байланысты бұрынғы екі жылдық мұғалімдер университеті педагогтік университет болып, мәртебесі жоғарылап қайта құрылды.
1965 жылы 12 шілдедегі жоғары және орта арнаулы Білім министрлігінің №881 бұйрығы негізінде сол уақытқа дейін тарих-филология факультеті аталып келген факультет жеке-жеке тарих және филология факультеттері болып қайта ашылды. Осылайша филолог мамандар даярлайтын факультеттің дербес тарихы, жаңа кезеңі басталды. Тарих-филология факультеті болып тұрған кезде Р.Барлыбаев, Ж.Оспанова, Ә.Ибраев, Қ.Монтаевтар декандық қызмет атқарды.
1965 жылы өз алдына жеке бөлінген филология факультетінің алғашқы деканы болып тәжірибелі, білікті маман Рахым Барлыбаев сайланды.
1972-1977 жылдар арасында факультет деканы қызметін филология ғылымдарының кандидаты, доцент М.С.Бектұров атқарды. Факультеттің материалдық-техникалық базасы нығайды.
1977-1987 жылдары филология факультетіне филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ә.Мұсақұлов басшылық етті.
1987-1990 жылдары филология ғылымының кандидаты, доцент К.Сыздықов факультет деканы болып қызмет атқарды.
1990-1999 жылдары факультетті филология ғылымдарының кандидаты, профессор О.Жұмашев басқарды.
1999-2002 жылдар аралығында факультет деканы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ө.Танабаев болды.
2002-2003 жылдар аралығында факультетті филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Бекмырза басқарды.
2003-2005 жылдар аралығында факультетті филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Ө.Таукеев басқарды.
2005-2012 оқу жылдар аралығында филология ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Айнабекова басқарды.
2012-2014 оқу жылдары аралығында факультет ұжымын филология ғылымдарының кандидаты Қ.Сапарбаева басқарды.
2014-2015 оқу жылынан бастап университет құрылымына өзгерістер енгізу туралы 29.08.2014ж. күнгі №4-91 бұйрығына сәйкес филология ғылыми мектебі болып өзгертілді. Ғылыми мектептің директорының қызметін филология ғылымдарының кандидаты Э.Б.Оразбаева атқарды.
05.05.2015ж. күнінен бастап университет құрылымына өзгерістер енгізу туралы 05.05.2015ж. күнгі №4-32 бұйрығына сәйкес филология факультеті болып өзгертілді.
15.06.2015ж. күннен бастап филология ғылымдарының кандидаты Н.Ж.Нұрпейісов филология факультетінің деканы қызметін атқарды.
2017-2020 жж аралығында факультет деканы қызметін филология ғылымдарының кандидаты А.А.Жаппарқұлова атқарды.
01.04.-27.07.2020 жж аралығында филология ғылымдарының кандидаты А.Байғұтова декан міндетінде жүйелі жұмыс жүргізді.
2020-2021 жж конкурс негізінде факультет деканы болып, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.Ж.Нұрпейісов атқарды.
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап факультет деканы болып филология ғылымдарының кандидаты Э.Б.Оразбаева тағайындалды.
Факультетте 8 білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалаврлары және магистрлер мен докторанттар дайындалады:
1. 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау;
2. 6В01702-Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау;
3. 6В01703-Ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімін даярлау;
4. 6В01704-Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау;
5. 6В01705-Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау;
6. 6В02302-Филология;
7. 6В02301-Аударма ісі;
8. 6В01706- Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау
1. 7M01701-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау
2. 8D011701- Қазақ тілі мен әдебиеті
3. 7M01702- Орыс тілі мен әдебиеті
4. 6D011800-Орыс тілі мен әдебиеті
5. 7M01703-Шетел тілі: екі шетел тілі
Филология факультетінде мамандық шығарушы 3 кафедра, 1 сервистік кафедра бар:
1) «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы;
2) «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы;
3) «Ағылшын тілі» кафедрасы;
4) «Шетел тілдері» кафедрасы
Қазіргі таңда факультеттегі профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 76, оның ішінде ғылым докторлары мен профессорлары – 2, PhD доктор – 3, ғылым кандидаттары мен доценттер – 34, аға оқытушылар, ғылым магистрлері мен оқытушылар саны – 37.
Факультеттің ғылыми-кадрлық әлеуеті 50,84%
Факультет оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі зерттеулер (оқулықтарды, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды қалыптастыру және т.б.);
- студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік ету;
- Факультет оқытушыларының ҚР ҰҒА-мен, республиканың жоғары оқу орындарымен, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің университеттерімен ғылыми байланыстарын дамыту;
- ғылыми мектепте конференциялар өткізу жөніндегі ғылыми-ұйымдастыру жұмысы және оқытушылардың университеттен тысқары әр түрлі дәрежедегі конференцияларға қатысуы;
Факультет алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтарымен қарым-қатынас орнатқан. Қырғызстан, Өзбекстан, Германия, Чехия, Польша, Түркия, Испания, Әзірбайжан, Армения, Украина, Белоруссия унсиверситеттерімен, Ресей Ғылым Академиясының Тіл білімі университеті, Халықтар Достығы Ресей университетінің Шетел тілдері университеті, М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті жанындағы Экономика жоғары мектебі Мемлекеттік университеті, Оңтүстік Уральск мемлекеттік университеттерімен және ондағы ғылыми-зерттеу орталықтарымен мына бағытта жұмыс жүргізеді:
а) біліктілік жетілдіру
ә) ғылыми-зерттеу жүргізу;
б) ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялау;
в) ғылыми конференциялар өткізу, т.б.