Түлектер

ДЕРБІСӘЛІ  ӘБСАТТАР ҚАЖЫ

Филология ғылымдарының докторы, профессор.

Дербісәлі Әбсаттар қажы 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

 

Описание: https://okmpi.kz/sites/default/files/styles/medium/public/vypuskniki/3.jpg?itok=7lGoJa4K

САПАРБАЕВ ИСРАИЛ

Қазақтың көрнекті ақыны,

Шымкент қаласының құрметті азаматы.

Сапарбаев Исраил 1942 жылы Өзбекстанда, Самарқанд облысы, Қошрабат елді мекенінде дүниеге келген. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

 

Описание: https://okmpi.kz/sites/default/files/vypuskniki/4.jpg

     ШАХАНОВ МҰХТАР

Қазақстан Республикасының  Халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.

Шаханов Мұхтар 1942 жылы Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Шымкент педагогикалық институты филология факультетін бітірген.

 

Описание: https://adebiportal.kz/upload/1/2017/04/13/087c94d95bbc7d153d10f183890c1c70.PNG

БЕГАЛЫҰЛЫ НАРМАХАН

белгілі ақын, баспагер.

Бегалыұлы Нармахан 1943 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылында дүниеге келді. 1961 жылы Темірландағы А.Иманов атындағы орта мектепті бітірді. 1962 жылы Шымкент   педагогикалық институтының  филология факультетіне оқуға түсіп, 1966 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

 

 

 

Описание: https://okmpi.kz/sites/default/files/vypuskniki/7.jpg

ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ ХАНБИБІ

 Халықаралық «Алаш»  сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын.

Ханбибі Есенқарақызы 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Еңкес ауылында дүниеге келді.

1966 жылы  Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1972 жылы   бітірді.

 

Описание: https://okmpi.kz/sites/default/files/vypuskniki/15.jpg

    ӘБІЛДА  АЙМАҚ

  Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың иегері, белгілі ақын.

Әбілда Аймақ 1954 жылы Ордабасы ауданы, Қажымұқан атындағы кеңшарда дүниеге келді. Шымкент педагогика институтының филология факультетін  бітірген.

 

Описание: https://okmpi.kz/sites/default/files/vypuskniki/123.jpg

ЛЕУБАЕВА АҚМАРАЛ

   айтыскер ақын.

  филология ғылымдарының кандидаты

  Леубаева Ақмарал Пернебекқызы 1969 жылы Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылында дүниеге келген.   1987 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының филология  факультетіне түсіп, оны 1992 жылы үздік дипломмен бітірді.

 

Описание: Бақытжан Алдияр. Кінәз – басым сыймайды түгел заңға | Әдебиет порталы

Бақытжан  Алдияр

Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент бөлімінің филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар Одағына 2001 жылы мүше болып қабылданды. Шығармалары төрт ұжымдық жинаққа енгізілген. 1998 жылы «Жібек жолы» баспасынан «Көзайым» атты жеке жыр жинағы жарық көрді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШАХАНОВ МҰХТАР

Қазақстан Республикасының  халық жазушысы, ақын,

қоғам қайраткері

 

Описание: Картинка 17 из 197Шаханов Мұхтар 1942 жылы Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Шымкент педагогикалық институты филология факультетін бітірген.

Әкесінен 9 жасында айрылған М.Шаханов 7 сыныпты бітірісімен еңбекке ерте араласты. Ол трактордың тіркеушісі, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің корректоры, әдеби қызметкері, «Лениншіл жас» газетінің оңтүстік облыстар бойынша тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б. қызметтерді атқарды. М.Шаханов ҚСРО Халық депутаты, ҚСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Халық  депутаты болып сайланды. 1993-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасын-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін абыроймен атқарды, сонымен қатар әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХІХ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының президенті болды.

М.Шаханов қоғам қайраткері ретінде 1986 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет тоталитарлық жүйеге ұйымдасқан түрде ашық қарсы шыққан қазақ жастарын ақтап алуда, ол өз басына төнген қауіпке қарамай ерлікке барабар іс атқарды. Үлкен апат аймағына айналған Арал теңізі маңындағы адамдарды қорғау  туралы әлемдік  деңгейде дабыл қақты. 1988 жылы 62 жыл үзілістен соң Қазақстанда және Орта Азияда «Наурыз» мерекесінің қайта тойлануына мұрындық болды.

М.Шаханов – Қырғыз Республикасының халық ақыны, Қазақстан  Республикасының халық жазушысы, халықаралық Калифорния Ғылым академиясының академигі, т.б. шет елдік және отандық академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түркі Республикасының «Түрік дүниесіне сіңірген еңбегі үшін» халықаралық сыйлығының және  Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», «Түгелбай ата»  қоғамы сыйлықтарының лауреаты. Гуманистік бағыттағы поэзиялық шығармалары үшін 1997 жылы ЮНЕСКО-ның «Боорукер клубы» сыйлығы беріліп, Орталық Азиядағы ең мейірбан адам деп танылды. 2000 жылы М.Шахановқа Қазақстан меценаттарының тәуелсіз «Тарлан» сыйлығы тапсырылды және Бішкек қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

М.Шаханов публицист, драматург, композитор ретінде де кеңінен танымал. Оның Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы, «Сократты ескерту түні немесе миғұла терісі үстіндегі сот» атты драмасы көп тілдерге аударылып, өз республикамызда және шет ел сахналарында қойылды.

Кезінде Ф.Хитцер «Европа үстіндегі найзағай» деп атаған, дүние жүзінің көптеген тілдерінде  жарық көрген М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы» атты поэмасы  әлемдік поэзиядағы жаңа құбылыс деп бағаланды. 1999 жылы ЮНЕСКО  өзінің арнайы шешімімен Парижде өз штаб-үйінде поэманың тұсаукесерін өткізіп, ХХ ғасырдың гуманистік рухтағы айшықты ірі туындысы деп атады. М.Шахановтың Отырар қаһармандығын жырлаған «Жазагер жады космоформуласы» атты жаңа романы да әлем оқырмандарының қызу пікір таласын тудырды. Бұл шығарманың  «Шыңғысханның пенделік құпиясы» атты драмалық бөлімі Азия мен Европаның бірнеше театрларында қойылды.

Көрнекті қазақ ақыны М.Шахановтың шығармалары дүние жүзінің 30-дан астам тілдеріне аударылған. Ақынның поэзия  кештері Мәскеуде, Стокгольмде (Швеция), Глазгода, Эдинбургте (Шотландия), Ренеде (Франция), Кобэде (Жапония), Берлинде, Дрезденде, Кельнде (Германия), Исламабадта (Пакистан) т.б. елдерде өтті.

"Шәмшіні халқымыз "Қазақ вальсінің королі" деп қадірлейді. Шәмшінің әндері қашанда халықтың жүрегінде, ешқашан құндылығын жоймайды. Оның ақын Мұхтар Шахановпен бірлесіп жазған әндері елге кеңінен танымал. Әйгілі композитор мен атақты ақынның достығы – барша жұртқа үлгі. Жақында Шәмшінің іні-досы Мұхтар Шаханов сексен жасқа толады. Оның шығармашылық еңбегі қандай құрметке де лайықты. Ол – өте шыншыл, адал, ұлтжанды адам. Мен бүгін Мұхтар Шахановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойдым. Еліміздің ең жоғары марапатын ақынға Ұлт ұясы – Ұлытаудың төрінде тапсырғанды жөн көрдім", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың барысында құрылтай мүшесі, ақын Мұхтар Шахановты "Қазақстанның Еңбек ері" атағымен марапаттады. 

 

 

 

ДЕРБІСӘЛІ  ӘБСАТТАР ҚАЖЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти, филология ғылымдарының докторы, профессор

 

Дербісәлі Әбсаттар қажы 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти (2000), шығыстанушы ғалым болған. 1977 филология ғылымдарының кандидаты,  1988 жылы филология ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған.

Ә.Дербісәлі 1970-1975 жылдары КСРО ҒА-ның  Шығыстану  институтында  ізденуші, аспирант болды. 1975-1976 жылдары Марокко, 1985-1986 жылдары Тунис университеттерінде араб тілі мен  әдебиеті бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1976-1986 жылдары Қазақстан ҒА-ның Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, Қаз ҰУ-де ассисент, аға оқытушы, доцент, деканның орынбасары, кафедра  меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1986-1988 жылдары КСРО ҒА Шығыстану институтының докторанты болды. 1989-1990 жылдары ҚазҰУ шығыстану факультетінің деканы, 1991-1997 жылдары проректор, 1997-2000 жылдары Сауд Арабиясындағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі болған.

Ә.Дербісәлінің «Шыңырау бұлақтар» (зерттеулер мен мақалалар) (1981), «Араб әдебиеті». Классикалық дәуір (1982), «Арабоязычная литература Марокко» (1983),  «Мың бір түн» елінде» (1986), «Ежелгі араб жерінде» (1992),  «Литература Марокко»  (1993), «Қазақ даласының жұлдыздары» атты тарихи-филологиялық зерттеу (1995), «Мұхаммед Хайдар Дулати». Өмірбаяндық библиографиялық анықтамалық (1999)  және т.б. еңбектері бар.

Белгілі дінтанушы, шығыстанушы, исламтанушы ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі 2021 жылы 15 шілдеде 74 жасында дүниеден озған.

 

 

 

 

 

 

САПАРБАЕВ ИСРАИЛ

Қазақтың көрнекті ақыны,

Шымкент қаласының құрметті азаматы

75 36303b9330414b-38.jpg

Сапарбаев Исраил 1942 жылы Өзбекстанда, Самарқанд облысы, Қошрабат елді мекенінде дүниеге келген. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

1969-1973 жылдары Облыстық мәдениет басқармасында, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінде, Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде әр алуан қызметтер атқарды.

1973-1975 жылдары Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика  бөлімін  бітіріп, 1975-1983 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әр түрлі қызметтерде болады. 1983-1984 жылдары «Жалын», «Жазушы» баспаларында редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1984-1996 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильм» телестудиясы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды.1997-1998 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері бойынша департаментінің  1-хатшысы, 1998-1999 жылдары ҚР Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінде 2-хатшы болып істеді.

И.Сапарбаевтың алғашқы бір топ өлеңдері 1975 жылы «Көктем тынысы» атты ұжымдық жинақта жарық көрген. Кейінірек «Аққу арман», «Бозқараған», «Раушанғұмыр», «Қызыл-жасыл дүние», «Жүрегіме ұя салған қарлығаш», «Қызыл жел», «Гүласыл», «Ғашықтың тілі», «Бармақтай бақ» атты өлең кітаптары жарық көрді. И.Сапарбаев драматургия саласында да қалам тартқан. Оның «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», «Көзімнің қарасы», «Сыған серенадасы», «Махаббат мейрамы» атты пьесалары көптеген театрларда қойылды. Ақын 70-ке тарта ән мен 150-ден аса ән мәтіндерінің авторы.

И.Сапарбаев Қазақстан Жазушылар  одағы І.Жансүгіров атындағы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Түркі поэзиясы Халықаралық фестивалының лауреаты, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері.

 

 

 

                                  ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ ХАНБИБІ

 Халықаралық «Алаш»  сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын

 

Ханбибі Есенқарақызы 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Еңкес ауылында дүниеге келді.

1966 жылы  Сарыағаш қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектепті бітірді. 1967 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1972 жылы сырттай оқып бітірді. Институтта оқып жүріп, Макаренко атындағы орта мектепте мұғалім, 1968-1972 жылдары Сарыағаш аудандық «Қызыл ту», «Красное знамя» газеттерінде әдеби қызметкер, 1973-1980 жылдар аралығында облыстық  халық шығармашылығы орталығында бас маман болып қызмет атқарып, 1987 жылы облыстық «Қайырымдылық және денсаулық қорын» басқаруға сайланады.

1989 жылы Ханбибі Есенқарақызы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын басқарған. Бұл салада ол мемлекеттік тілдің кең ауқымда өмірге енуіне атсалысып, «Тіл туралы» заңның жобасын жасауға қатысады. 1992 жылы Облыстық мәдениет басқармасын басқарады. Ханбибі Есенқарақызы қай жерде де өз міндетіне асқан жауапкершілікпен қарай отырып, халыққа қызмет ететін мәдениет ошақтарын сақтап қалу үшін күресті. 1994 жылы Облыстық филармонияны басқару кезеңінде, «жекешелендірудің» тырнағына ілінген өнер ордасын сот арқылы алып қалуға, 1996 жылы Ш.Қалдаяқов атын беруге ықпал етсе, 1998 жылы филармонияда күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп, филармония алдына  Ш.Қалдаяқовтың ескерткіш-мүсінін орнатуға мұрындық болды.

Х.Есенқарақызы 1986 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының  мүшесі, басқарма мүшесі,  14 көркем әдеби  кітаптың авторы. Өлеңдері орыс, украин, қырғыз, өзбек, якут тілдеріне аударылған. «Алтынай», «Нүрикамал», «Қадиша», «Дос іздедім», «Көңіл-гүл», «Махаббат-өмірлері» деген өлеңдеріне ән жазылып, халық арасына кеңінен таралды. Х.Есенқарақызының 1998 жылы отан алдындағы еткен еңбектері үкімет тарапынан ескеріліп, «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» атағына ие болды.

Х.Есенқарақызы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің және облыстық мәслихаттың, Ақмола облысы, Астана қаласы, Шымкент қалалық әкімдігінің алғыс хаттарымен, М.Әуезов бейнесі бар ЮНЕСКО, «Астана қаласына - 10 жыл», Түркістанның 1500 жылдығына орай, Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған және Астанадағы  Гумилев атындағы Еуразия университеті медальдарымен, сондай-ақ Сарыағаш ауданының Құрметті азаматы атанып, 2008 жылы «Парасат» орденімен, 2010 жылы 14 мамырда «Золотая Есенинская» медалімен, 2011 жылы Қазақстандағы Британ консульствосының сертификатымен марапатталды.

2012 жылы ақпан айында Халықаралық «Алаш»  әдеби сыйлығының лауреаты атағы беріліп,  осы жылдары Халықаралық «Үздік адамдар энциклопедиясының Батыры» атты  құрмет белгісі мен дипломының иегері атанды.

Х.Есенқарақызы 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры қызметін атқарып келеді. Бұл мұражай 2010 жылы 30 желтоқсанда облыстық мәдениет және өнер саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін 2010 жылдың «Үздік мәдениет және өнер мекемесі» номинациясының иегері болып танылды.   

 

 

 

                                            ҚАЛМЫРЗАЕВ ӘМЗЕ

ақын, баспагер

 

  Қалмырзаұлы Әмзе 1953 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 1984 жылы Шымкент педагогика институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

  1983 жылы өткен Республикалық шығармашыл жастардың «Жігер» фестивалінің дипломанты, 2002 жылдан Әлемдік монғолтанушылар ассоциациясының мүшесі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.

  Ол әр түрлі деңгейдегі газет редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінде жұмыс істеген. 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан және Өзбекстан жас ақын-жазушыларының  тәуелсіз «Игілік» ассоциациясын өмірге әкеліп, президенті болды. Сол жылы «Игілік» ассоциациясы құрылтайшылығымен тәуелсіз «Ақтолғай», ал 1991 жылы қазақ, өзбек, тәжік, қырғыз, түркімен тілдерінде  200000 данамен жарыққа  шыққан «Наурыз» газетінің өмірге келу идеясының авторы және редакторы. Қазақстанда тұңғыш жекеменшік кітаптар дүкенін ашып, қазір сол ассоциация негізінде құрылған  (1990) ЖШС «Қасиет» баспасының бас редакторы және директоры қызметінде.

  Ә.Қалмырзаевтың «Күн саңы», «Арман қуып адассам, кешір мені...», «Адуын ағыстар»,  «Құбылыс» атты жеке жыр жинақтары, «Мен сені көргелі», «Кереметнама», «Он екі таным», «Туысқан», «Теберік дүние», «Ойдың күші» т.б прозалық кітаптары, сондай-ақ 1999 жылы «Өмірдің он сегіз жылы» айдарына топтастырылған үш томдығы («Алшы», «Көз аясындағы әлем», «Қалтарыстағы қазына»)  Алматыдан, 2001 жылы «Аспан мен Даланың төрт ұмытылған тарихы» атты тарихи-философиялық жанрдағы кітабы Мәскеуде жарық көрді. 2003 жылы «Шыңғыс ханның шындығы - қазаққа жасырылған құпия» атты монографиясы роман-газет болып оқырмандарға жол тартты. 2004 жылы «Алтын төркін» атты роман-эссесі және «Ой гладиаторы» атты көлемді әдеби-зерттеу еңбегі басылып шықты.

1989 жылдан бері бес рет қайта жаңарып, жарыққа шыққан «Түркістан теберігі» кітабы 2005 жылы ағылшын, орыс, түрік тілдеріне аударылған нұсқасымен қоса европалық қазақ туыстарға арнап латын әрпімен берілген қазақша нұсқасы бірігіп, үлкен кітап болып жарық көрді. Сондай-ақ бүркеншік атпен «Даналық сүрлеуі», «Жақсы сөз», «Денсаулықнама» т.б кітапшалары жарық көрген.

 

 

 

ӘБІЛДА  АЙМАҚ

Қазақстан жазушылар одағының облысаралық бөлімшесінің төрағасы,  Халықаралық Физули атындағы сыйлықтың иегері, белгілі ақын

 

Описание: Картинка 5 из 8 Әбілда Аймақ 1954 жылы Ордабасы ауданы, Қажымұқан атындағы кеңшардың Коммунизм бөлімшесінде дүниеге келді. Коммунизм сегізжылдық мектебін бітіріп, орта мектепті сырттай аяқтаған. Еңбекке 16 жасынан араласқан ол 1969 жылдан 1981 жылға дейін сушы, тракторшы, шопан мамандықтары бойынша жұмыс істеп, кейін аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі қызметтерінде болды. 1981-1990 жылдары Шымкенттегі «Шымкентқұрылыс» тресіне қарасты мекемелерде тас қалаушы болып жұмыс істеді.

 Ә.Аймақ 1990 жылы Қазақстан жазушылар одағының облысаралық бөлімшесіне қызметке келді. 1993 жылдан осы бөлімшенің төрағасы, 2001 жылдан жазушылар одағы облыстық филиалының директоры. Шымкент педагогика институтының филология факультетін сырттай бітірген. 1989-1992 жылдары облыстық «Қазақ тілі» қоғамының бюро мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға араласты.

Ә.Аймақтың шығармашылық жолы 1972 жылдан басталды. 1983 жылы Республика жас жазушыларының кеңесіне қатысады. 1984 жылы жас ақындардың дәстүрлі жыр жинағы «Қарлығашқа» бір топ өлеңдері енеді. Оның шығармалары «Мерейлі мекен», «Мүшайра-92» жыр жинақтары арқылы оқырмандарға таныла бастайды. Ақынның «Ләйла», «Домалақ ана» кесенесі, «Жүрегімде махаббат», «Алтын бесік», «Түркістан», «Билік биігінде», «Ақ жол», «Талбесік» атты кітаптары бар.

Ә.Аймақ көптеген әндердің сөзін жазған. Ақын 1992 жылғы облыстық «Мүшайраның» жеңімпазы, 1993 жылғы Алматыда өткен республикалық жабық жыр конкурсының бас жүлдегері болды. Оңтүстік Қазақстан облысының Грамотасымен марапатталған. Соңғы жылдары Әбілда Аймақтың екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді. 2004 жылы Түркия Республикасы мәдениет және туризм Министрлігінің ұйымдастырумен «Түрік әлемінің жаңғырығы» атты Халықаралық ақындар жарысында 84 шығарманың ішінде 1-орын алып, Халықаралық Физули атындағы сыйлықты иеленді. Сондай-ақ Ә.Аймақ Қ.Қазиев атындағы республикалық сыйлықтың иегері.

 

 

              ТОЙШИЕВА ТҰРҒАНАЙ ТОЙШЫҚЫЗЫ (1930-2004)

ҚазССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, еңбек ардагері

 

Тойшиева Тұрғанай Тойшықызы 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Отырар ауданы,  Шәуілдір ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Шәуілдір ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектепті, 1949-1951 жылдар аралығында Н. Крупская атындағы Шымкент мұғалімдер институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіреді.

1951-1953 жылдары Шәуілдір ауылы Кеңес бастауыш орта мектебінің мұғалімі болып қызмет жолын бастады. 1953-1957 жылдары Шаян орта мектебіне ауысып, сонда мұғалімдік қызметін атқарған. Сол жылдары 1953-1955 жылдары Шаян аудандық  Кеңесінің 13 шақырылымының депутаты болып сайланған.

1957-1958 жылдары  Георгиевка ауданы, Ворошилов орта мектебі, 1958-1959 жылдары М. Горький атындағы орта мектепте жұмыс істеген.

1961 жылы Шымкент педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті мамандығын үздік дипломмен бітірген. ЖОО бітірген соң, 1964 жылдарға дейін Қайнарбұлақ орта мектебінде, 1964-1977 жылдары Алғабас ауданы, Глинково ауылындағы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте қызмет атқарды.

Осы кезеңдердегі жеткен жетістіктері үшін 1968 жылы «ҚазССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағымен, 1970 жылы И. Лениннің 100 жылдығына орай «Еңбектегі ерлігі  үшін»  медалімен марапатталған. 1971 жылы облыстық кеңес депутаты болып сайланған. 1977-1983 жылдары Алғабас ауданы, Красная Нива совхозындағы К.Сәтпаев, 1984-1986 жылдары С.Ерубаев атындағы орта мектебінде қызмет атқарған.

Тұрғанай Тойшықызына Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1978 жылы 23 мамырдағы жарлығы бойынша ҚазССР-на «Еңбегі сіңген мұғалім»  құрметті атағы беріліп, Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық мұғалімдер съезінің делегаттығына сайланды. 1980 жылы «Методист мұғалім» деген атақ беріліп, 1983 жылы «Еңбек ардагері» медалін иеленген.

 

 

                         КАЛГИНБАЕВ САКИМБЕК ШАИҚУЛЫ

ветеран труда

 

Калгинбаев Сакимбек Шаикович родился в 1936 году в Яныкурганском районе Кызылординской области.  Закончил Чимкентский педагогический институт в 1960 году и получил специальность учителя русского языка и литературы, казахского языка и литературы.   Вместе с ним  эту  же специальность получила и супруга Зереш Баймурзаевна, которая более сорока лет проработала в сфере образования.

В студенческие года он активно участвовал  во всех мероприятиях института. В 1957 году Сакимбек Шаикович как участник художественной самодеятельности педагогического института делегируется на  VI  Всемирный  фестиваль молодежи и студентов  в  Москве.  В 1958 г.  он вместе с Кларой Байменовой, студенткой физико-математического факультета,  исполнил  танец «Мерген» на сцене Колонного зала Дома Союзов в рамках II Декады казахского искусства и литературы в Москве, войдя в состав делегации от Чимкентского педагогического института.

Трудовую деятельность начал в художественной мастерской Казхудфонда, затем  в 1961г. стал преподавателем кафедры педагогики. С 1963 года  Сакимбек Шаикович на комсомольской и  партийной работе. Почти 10 лет был директором Ванновского гидромелиоративного техникума, затем секретарем Тюлькубасского райкома компартии Казахстана.

С 1988 г.  возглавлял  Управление народного образования Южно-Казахстанской области. С 1996г. вплоть до выхода на заслуженный отдых возглавлял Секретариат областного Маслихата.

На каких бы постах ни работал Сакимбек Шаикович,  он везде проявлял себя как профессионал, человек, болеющий душой за образование. И сейчас он активно участвует в жизни области, является членом Президиума совета ветеранов ЮКО, пользуется большим уважением руководства области.

Награжден  множеством  медалей, является Почетным гражданином Тюлькубасского  района ЮКО, Персональным пенсионером Республики Казахстан.

 

 

САЙРАМБАЕВ ТАЛҒАТ (1937-2009)

филология ғылымдарының докторы, профессор

 

Сайрамбаев Талғат 1937 жылы Алғабас ауданы, Сыпатаев атындағы кеңшарда дүниеге келген.

1960 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп,  орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. 1961-1964 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аспирантурасын оқып, бітірген соң, 1964-1971 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында оқытушы болды. 1971-2009 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінің қазақ филологиясы кафедрасының доценті, меңгерушісі, профессоры және тіл білімі бойынша кандидаттық, докторлық диссертация қорғайтын кеңестің төрағасы қызметтерін атқарды.

Т.Сайрамбаев 1966 жылы кандидаттық, 1983 жылы  докторлық диссертациясын қорғаған. 1985 жылдан профессор. 30-дан астам ғылым кандидатын, 4 ғылым докторын даярлады. 200-ден астам жарық көрген ғылыми мақалалары мен еңбектері бар. Негізгілерін атасақ: «Қазіргі қазақ тілі, І бөлім. Сөз тіркесі» (1973), «Сөз тіркесі құрылысының кейбір мәселелері» (1976), «Есім пысықтауыш» (1976), «Қазіргі қазақ тіліндегі қаратпалар» (1980), «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері» (1981), «Сөз тіркесі мен жай сөйлем» (1996) т.б. еңбектерін студенттер мен магистранттар, аспиранттар пайдалануда.

 

 

 

 

                                    ЖАПБАРОВ АМАНГЕЛДІ

педогогика ғылымдарының докторы, профессор

 

Жапбаров Амангелді 1942 жылы дүниеге келді. 1959 жылы Төрткүл орта мектебін бітіріп, 1965 жылы Шымкент педагогикалық институттың филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді.

А.Жапбаров педагогикалық қызметті бастауыш сыныптардың мұғалімдігінен бастап, жоғары оқу орнында 50 жылдай қызмет етті. Ол қазіргі Қазығұрт ауданында мұғалім, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, директор, аудандық оқу бөлімінде әдіскер қызметтерінде болды.

1983 жылдан Шымкент педагогика институтындағы пионер, комсомол жұмыстарының теориясы мен методикасы, педагогика кафедраларының меңгерушісі, филология факультеті деканының орынбасары, деканы болып қызмет етті. 1992 жылдардан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің практикалық қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақ тіл білімі кафедраларының меңгерушісі, филология факультетінің деканы қызметтерін атқарды. А.Жапбаров кандидаттық диссертациясын 1982 жылы Мәскеу қаласында, докторлық диссертациясын 2004 жылы Алматыда қорғаған.

А.Жапбаровтың жетекшілігімен 7 магистрлік, 6 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Сондай-ақ ол Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы докторлық қорғататын Арнаулы Кеңестің және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жанындағы Арнаулы Кеңестің мүшесі болды. Ол 7 докторлық және 11 кандидаттық диссертацияларға оппоненттік жасады.

А.Жапбаров «Қазақстан халық ағарту жұмысының озық қызметкері» белгісімен және «Жоғары оқу орнының үздік қызметкері» белгісімен марапатталған. 2010 жылы «Университеттің үздік профессоры» атанды. Ол 160-тан астам ғылыми жұмыстардың авторы. Қазір 15 кітаптан тұратын монографиясы мен оқу құралдарынан тұратын ғылыми әдістемелік еңбектерін жазып бітірді.

 

 

 

БЕГАЛЫҰЛЫ НАРМАХАН

белгілі ақын, баспагер

Бегалыұлы Нармахан 1943 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылында дүниеге келді. 1961 жылы Темірландағы Амангелді Иманов атындағы орта мектепті бітірді. 1962 жылы Шымкент   педагогикалық институтының  филология факультетіне оқуға түсіп, 1966 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша диплом алды.

1966 жылы Бөген ауданы және Арыс қалалық «Коммунизм  таңы» «Заря Коммунизма» газеттерінің редакциясы жанындағы радиохабарын тарату бөлімінің редакторы болып, еңбек жолын бастады. 1967 жылдың наурызынан осы газеттердің жауапты хатшысы, 1969 жылдың желтоқсанынан редактордың орынбасары, 1974 жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін «Ордабасы оттары» газетінде  редактор қызметтерін атқаруда.

Бүгінде «Ордабасы оттары» аталатын газет адам танымастай өзгерді, облыс, республика көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдары арасында өзіндік қолтаңбасы бар, беделді басылымдардың біріне айналды.

Н.Бегалыұлы редакция аясынан Қосжан Мүсірепов атындағы әдебиет-өнер бірлестігін құрып, бірнеше рет халықаралық айтыс ұйымдастырды. Ауданымыздың тарихи Ордабасы атымен аталуының, халқымыздың қасиетті орыны Ордабасы тауының атақ-абыройын республика көлеміне жете таныстыруға, ондағы тау қопару, тас қиыршықтау жұмысын тоқтатуға байланысты қозғалыстардың басында болды. Оның тікелей бастамасымен 1990 жылы өткен «Ордабасыға оралу» атты ұлы жиын 1993 жылы Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан Республикалары Президенттерінің басын қосқан үлкен іс-шараға жалғасты.

Н.Бегалыұлы баспадан «Шаттық күйі», «Жиде жұпар шашқанда», «Жотадағы жол», «Ботагөз бұлақ» деп аталатын төрт жыр кітабын, екі томдық жинағын шығарып, қазақтың танымал ақынына айналды. Американдық маман Поль Брегтің «Ашығудың құдіреті», Моловичконың «Бүйректегі тазарту» ғылыми кітаптарын қазақшаға аударды. Қазақстан Республикасы Баспасөз және полиграфия жөніндегі комитеті мен «Жалын» жұрналы ұйымдастырған республикалық жабық конкурстың жүлдегері. Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан жорналшылар одағының мүшесі. Н.Бегалыұлының шығармагерлік талантын Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары Сырбай Мәуленов, Қадыр Мырза Әлі, Ғафу Қайырбеков, Қуандық Шаңғытбаев, Төлеген Айбергеновтер жоғары бағалаған Нармахан Бегалыұлы Ордабасы ауданында Республика бойынша тұңғыш рет «Ақындар аллеясын» жасауды ұйымдастырды. Қазақтың атын әлемге паш еткен бабамыз Қажымұқан Мұңайтпасұлының туылғанына 130 жыл толу мерейтойы құрметіне «Ордабасы» баспасынан шығарған, энциклопедиялық үлгідегі «Қажымұқан қағанаты» кітабы, Ордабасы өңірінің табиғатын, тарихын зерделеген, ауданның әлеуметтік жағдайын жақсартуға, экономикасы мен мәдениетін өркендетуге үлес қосқандар жайлы баяндайтын «Ордабасы» энциклопедиясы бүгінде көпшіліктің іздеп жүріп оқитын рухани қазынасына айналған.

Н.Бегалыұлы Ордабасы ауданының  Құрметті азаматы. Ол «Құрмет» орденімен, Ресейдің К.Симонов атындағы халықаралық сыйлығы және Алтын медалімен, «Еңбектегі ерлігі үшін, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалдарымен, үш рет Облыстың Құрмет грамотасымен, екі рет облыс әкімінің «Зерде» стипендиясымен, бір рет  «Бауырмал»  сыйлығымен марапатталған.

Халық сенім білдіріп, облыстық, аудандық мәслихаттардың депутаты болып сайланған,  сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан Жорналшылар Одағының Ә.Әлиев атындағы «Ең үздік редактор» номинациясының жеңімпазы.

 

                                   БОРАНБАЕВ ЖАРЫЛҚАСЫН

 ақын

 

Боранбаев Жарылқасын 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қос Тұра-Ақбастау елді мекенінде дүниеге келген. Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқып бітірген. Ата жұрты Шу бойындағы Тасты, Шу елді мекендерінің аралығындағы Қарадөң дейтін жер.

«Көктем тынысы», «Жанартаулар», «Мәңгілік өмір», «Гүлдесте», «Жаздың жылы жаңбыры», «Мазасыз әлем» жыр жинақтарының, «Баба Түкті Шашты Әзіз», «Қарабура», «Ұлылардың ұлағаты» деп аталатын тарихи танымдық кітаптардың авторы.

Жырлары оқулықтарға, түрлі жинақтарға, кітаптарына енген. Халыққа кеңінен танымал «Қазақы дастарханым», «Аппағым», «Қоштасқым келмейді», «Созағым», «Әзіреті Қаратау», «Оралды ортамызға», «Сен екеуміз», «Туған жер» т.б. әндердің мәтінін жазған.

1996 жылы жазған публицистикалық мақалалары үшін «Ана тілінің саңлағы» атағы берілген. Бірнеше фестивальдің, жыр мүшәйрасының жеңімпазы. Орта мектеп оқушыларына арнап «Қамбар батыр» диафильмін, «Халық мұғалімі Айтқалиев» оқу фильмін жасаған.

 

 

                                        МОЛДАБЕК ҚҰЛАХМЕТ

филология ғылымдарының докторы

 

Молдабек Құлахмет 1947 жылы Ордабасы ауданы, Шұбар ауылында дүниеге келген.

1954 жылы Тұмсық бастауыш мектебіне оқуға барып, 1965 жылы Шымкент қаласындағы №7 Қ.Сыпатаев атындағы орта мектепті бітіреді. Сол жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түседі. Оны 1969 жылы бітіріп, сол кездегі Бөген ауданы Бөржар ауылындағы Абай атындағы орта мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады.

1977 жылдың 17 қаңтарында Шымкент  педагогикалық институтының бастауыш оқу теориясы мен әдістемесі кафедрасында лаборант, 1979 жылы оқытушы, 1983 жылы аға оқытушы, 1989 жылы доцент, 1993 жылдан кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақтан мемлекеттік университетінің бастауыш оқу теориясы мен әдістемесі  кафедрасында профессор және кафедра меңгерушісі қызметін атқарса, қазіргі күні Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтында ғылыми істер жөніндегі проректор  қызметін атқаруда.

1985 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясына қарасты А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында физика-математика ғылымдарының кандидаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Бектаев Қалдыбайдың жетекшілігімен «Төменгі сынып оқушыларына арналған текстерді лингвостатистикалық зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын,  2010 жылы «Бастауыш мектеп те қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады.

Осы уақытқа дейін 200-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектерін жариялады. Атап айтсақ,  «Балалар әдебиеті текстінің алфавиті жиілік сөздігі», «Учебно-методическое пособие по использованию казахско-русских словарей», «Бастауыш класс оқулықтары текстінің сөздігі», «Қысқаша қазақша-орысша сөздік», «Бастауыш класта тіл дамыту», «Бастауыш класта зат есімді оқыту», «Бірінші класс оқулықтары тексінің түсіндірме сөздігі», «Дифференциация обучения в начальной школе», «Бастауыш мектепте жазу жұмыстары арқылы тіл дамыту», «Бастауыш мектепте тіл дамыту», «Проблемный урок в начальной школе, «2-сынып Математика және Табиғаттану оқулықтары мәтіндерінің түсіндірме сөздігі», «2-сынып Ана тілі оқулығы мәтінінің түсіндірме сөздігі», «Интенсификация учебного процесса в начальной школе», «Қазақ тілі (Фонетика, лексика)», «Бастауыш мектепте зат есімді оқыту (2, 3 – сыныптарда)», «Қазақ тілі (Морфология, синтаксис)» атты оқу және оқу-әдістемелік құралдары мен «Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың теориялық негіздері», «Бастауыш мектеп оқушыларына қазақ тілін қатысым әдісі арқылы оқытудың әдістемелік негіздері», «Қатысым әдісі теориясы мен әдістемесі» атты монографиялары жарық көрген. Бұл еңбектері оқу үдерісінде пайдаланылуда.

Бірнеше ғылым кандидаттарын дайындап шығарды.

 

 

БӘШЕН ҰЛЫҚПАН МҮСІНҰЛЫ

“Құрмет” орденінің иегері,

Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері,

Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, полковник

 

Бәшен Ұлықпан Мүсінұлы 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жуан-Төбе кеңшарында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, Шымкент педагогикалық институтында жоғары білім алды. Жоғары оқу орнын 1971 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Келес ауданы, келес арнайы    мектеп-интернатында мұғалім болып бастады. 1972-1973 жылдары Ресейде азаматтық борышын өтеп келген соң, Бөген ауданы, ХХІІ партсъезд ауылындағы К.Маркс атындағы мектепте ұстаздық жолын жалғастырды. Өзінің біліктілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түскен Ұлықпан Мүсінұлы 1974-1977 жылдары Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы болып қызмет атқарды.

Ұ.М.Бәшен 1977 жылы Қазақстан ЛКЖО Келес аудандық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне тағайындалады. Бұл қызметті 1979 жылдың желтоқсанына дейін абыройлы атқарған Ұлықпан Мүсінұлы он жыл бойы Келес ауданындағы С.Сейфуллин атындағы, Жетісай ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектептерде директор қызметін атқарды. 1989-1991 жылдары ОҚО, Арыс қалалық білім бөлімін басқарды.

Жастарға тәлім-тәрбие беруде, мектеп, білім саласын басқаруда өзін парасатты тәлімгер, іскер басшы ретінде көрсете алған Ұлықпан Мүсінұлы 1991-1992 жылдары ОҚО білім басқармасы бастығының орынбасары, 1992-1998 жылдары Арыс ауданы әкімінің орынбасары, білім, мәдениет және денсаулық сақтау басқармасының бастығы қызметтерін абыроймен атқарды. 1998-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің бастығы болды. 2000 жылдан бері Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов атындағы Республикалық әскери мектеп-интернатының бастығы қызметін абыроймен атқарып келеді. Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, елін-жерін қорғайтын ержүрек азамат болуға тәрбиелеудегі еңбегі жоғары бағаланған Ұлықпан Мүсінұлы түрлі марапаттармен қатар полковник шеніне дейін көтерілді.

Білім саласына сіңірген ерен еңбегі үшін Ұлықпан Мүсінұлы 1993 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, 1998 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, 2002 жылы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл» мерекелік медалімен, 2003 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2003 жылы Ресейдің психологиялық ғылымдары Халықаралық академиясының құрметті мүшесі, 2004 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, 2004, 2007 және 2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет Грамоталарымен, 2008 жылы «Астанаға 10 жыл медалімен, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

 

ӘБУБӘКІРОВ ИСАХ

 

Әбубәкіров Исах 1950 жылы Ордабасы ауданы, Көкбұлақ ауылында туған. 1967 жылы Төлеби ауданының “1 Май” елді мекенінде орта мектепті бітірді.

Еңбек жолын 1968 жылы “Оңтүстік Қазақстан” газетінде есепші болып бастап, 1979 жылға дейін осы редакцияда әртүрлі қызмет атқарды.

         1973 жылы Шымкент педагогика институтының қазақ тілі, әдебиеті факультетін, 1981 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірді.

         1982-1986 жылдары партия-кеңес жұмысында, 1986-97 жылдары “Білім” қоғамы облыстық басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметінде істеген. 1997 жылдың 1 қыркүйегінен бүгінге дейін облыс әкімшілігі ауыл шаруашылығы департаменті инвестиция және сырт елдермен байланыс бөлімінің бастығы. 1999 жылдан облыс әкімшілігі Ауылшарушылығы департаментінің органы – “Ауыл ақпараты” газетінің бас редакторы.

         Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

 

 

 

 

 

 

                                  ӘДІЛОВА ШАРА ДӘУІТҚЫЗЫ

филология ғылымдарының кандидаты

  

Әділова Шара Дәуітқызы 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылында туған. 1980 жылы Шымкент педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша  бітірген. 1980 жылы Шымкент қаласындағы №24 орта мектепте қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1993 жылдан бастап Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы пединститутта оқытушы, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент институтында оқытушы болып қызмет істеген.

1999 жылдан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде филология кафедрасында аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы қызметтерін атқарды. 2009 жылдан бастап Қазақстан халықтар Достығы университетінде доцент міндетін атқарушы болып жұмыс істеп келеді.

2004 жылы ф.ғ.д., профессор К.Сыздықовтың жетекшілігімен «Т.Тоқбергенов – әдебиет сыншысы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 50-ден аса ғылыми мақалалар мен еңбектер жариялады. Ғылыми еңбектері әдеби сын, абайтану тарихының зерттелу мәселелеріне арналған.

«Әдебиеттануға кіріспе курсынан сырттай оқитын студенттерге арналған бақылау-пысықтау жұмыстары» (Шымкент, 2002), «Әдеби сын және Төлеген Тоқбергенов»  (Оқу құралы. Шымкент, 2006),  «Еуропа әдебиетінің тарихы» (Оқу құралы. Шымкент, 2009), «Шетел әдебиетінің тарихы» (Хрестоматия-оқулық. Шымкент, 2012) атты оқу құралдарын студенттер мен магистранттар пайдалануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЙЫМБЕТОВА  ЖҮЗІМКҮЛ  АРЗЫМБЕТҚЫЗЫ

филология ғылымдарының  кандидаты, доцент

 

Описание: http://aiu1937.kz/images/stories/Kaztiliadeb/kaz%20tili%20%285%29.jpgБайымбетова  Жүзімкүл  Арзымбетқызы 1955 жылы Төлеби ауданы, Әңгір-Ата ауылында  дүниеге келген. 1971 жылы Төлеби ауданы, «Абай» орта мектебін күміс медальмен бітірген. 1971-1973 жылдары Төлеби аудандық Кеңесінің депутаттығына сайланған. 1973-1974 жылдары Шымкент пединститутының даярлық бөлімінде, 1974-1978 жылдары Шымкент пединституты филология  факультетінде «Лениндік стипендиямен» оқып, 1978 жылы институтты үздік  бітірген. Шымкент пединститутының күндізгі бөлімінде оқып жүріп, кешкі екі жылдық шет тілдері курсын үздік бітірген. 1978-1980 жылдары Төлеби ауданы «Ақбастау» орта  мектебінде, 1980-1990 жылдары  Шымкент  қаласындағы  №37 орта мектепте қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі және мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 1984 жылы Қаз ССР Оқу министрлігінің «Құрмет Грамотасымен» марапатталса, 1985 жылы Қаз ССР Оқу министрлігінің №151 бұйрығымен «Оқытушы-методист» атағы берілген. 1990-1996 жылдары Шымкент  пединститутының қазақ тілі кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. 1994 жылы  ҚР ҰҒА Тіл білімі институтында ф.ғ.д., проф. А.Қалыбаеваның жетекшілігімен «ҚТТС-тегі етістік баяндауыштардың грамматикалық сипаты» деген тақырыпта «10.02.06 - түркі тіл білімі» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2002 жылы «10.02.02 - тіл білімі» мамандығы бойынша ЖАК-тың  шешімімен доцент атағын алды. 1996-1999 жылдары  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Тіл білімі кафедрасында, 1999 жылдан ХҚТУ ШИ-дің қазақ тілі кафедрасында қызмет атқарды. 2011 жылдың қыркүйегінен ОҚМПИ-дың  қазақ тілі және қазақ әдебиеті кафедрсында доцент қызметін атқарып келеді.

73 ғылыми еңбектері, 19 оқу, оқу-әдістемелік құралдары  жарияланған. Атап айтқанда, «Қазақ тілін үйренейік» оқу құралы (1998), «Етістікті оқыту» оқу құралы (2002), «Қазақ тілінің морф. методикалық кеңес және бақылау пысықтау жұмыстары» оқу құралы (2003), «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» оқу құралы (2005), «Тіл біліміне кіріспе» оқу құралы (2007), «Тіл біліміне кіріспе (Практикалық курс) оқу құралы (2008), «Қазіргі қазақ тілінің морф. теориялық және практикалық курсы» оқу құралы, І, ІІ кітап (2011), «Тіл білімінің теориялық және практикалық курсы» оқу құралы (2011), «Тіл білімі» оқу құралы (2012), «Морфология» оқу құралы (2012), «Қазақ тілінің сөзжасамынан лекциялар жинағы» (2012), «Қазақ тілінің морфологиясынан лекциялар жинағы» (2012), «Тіл біліміне  кіріспеден лекциялар жинағы» (2012), «Жалпы тіл білімі» (2012) оқу құралы т.б. «Етістік түбіріне сіңіскен қосымшалар» атты докторлық диссертациясының тақырыбы 2001 жылы  бекітіліп, осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі», «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» т.б. пәндерден  лекция оқып, практикалық   сабақ жүргізеді. Дайындаған шәкірттері ҚР ЖОО өткізілетін «Ең үздік ғылыми жұмыс» атты республикалық байқауларда үздік деп танылып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломдарымен марапатталған.

 

                             ӨМІРЗАҚОВ САТТАР ДОСАЛЫҰЛЫ

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Өмірзақов Саттар Досалыұлы 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Ленгір (қазіргі Төлеби) ауданы, Ақбастау елді мекенінде туылған. 1968 жылы Жаңабазар ауылдық округіндегі М.О.Әуезов атындағы мектептің табалдырығын аттайды. 1978 жылы А.М.Горький атындағы орта мектепті аяқтап, 1980 жылға дейін түрлі шаруашылық жұмыстарында қызмет істеген. 1980-1982 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болады. 1983-1987 жылдары түрлі шаруашылық жұмыстарында болады.

1987 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтына қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1992 жылы үздік дипломмен бітіреді. 1994-1997 жылдары осы институттың аспирантурасын қазақ әдебиеті мамандығы бойынша күндізгі бөлімін бітіреді.

1992-2002 жылдары Шымкент педагогика институтының қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, Қазақ-араб институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. 2002-2004 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасында аға оқытушы, доцент 2004-2006 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, 2006-2009 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының доценті қызметтерін атқарады.

2009 жылдан бастап М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ «Абайтану» ғылыми-оқу орталығының және «Қазығұрт» ҒЗО ЖШС директоры. Зерттеу бағыты: Оңтүстік өлкесінің әдебиет тарихы. Түлкібас ауданында өмір сүрген бұрынғы Түркістан өлкесінің атақты ақыны Мәди Меркішұлының өмірі мен шығармашылығын зерттеп, жүйеге түсіріп, 2002 жылы «Мәди Меркішұлының әдеби мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтті қорғайды. Бірнеше жылдан бері ХІХ ғасырдағы «Қоқан хандығы дәуіріндегі қазақ әдебиеті» тақырыбын зерттеп келеді. Осы тақырыпта 46 ғылыми мақаласы жарық көрді. Ол өлкеміздегі қоғамдық-саяси мәселелерге де араласып, баспасөз беттерінде, теледидарда, радиода бірнеше хабарлар жасады. Оның 90-нан астам публицистикалық мақалалары республикалық, облыстық газеттерде жарияланды. Осының нәтижесінде ол 2010 жылы ҚР Журналистер одағының мүшесі болып сайланды.  1 оқу құралы, 14 көмекші оқу құралдары жарық көрген.

Ол өлкеміздің тарихи, рухани мұраларын жинастырып, жариялау бағытында да облыс әкімі мен облыстық мәслихат шешімімен құрылған «ОҚО тарихи, рухани мұраларына арналған көптомдықдың» жауапты редакторы ретінде де күрделі әрі қиын жұмыстарды басқарып келеді. Бүгінде бұл көптомдықтың 130 томы жарық көрді.

Облысымыздағы соғыс ардагерлері мен ауған соғысы ардагерлеріне тигізген қолқабысы мен қызметі үшін Ауғанстан ардагерлер ұйымының «қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың қолынан 2012 жылы «қайырымдылығы үшін «сауап» медалімен марапатталған.

 

                   

                           ЛЕУБАЕВА АҚМАРАЛ ПЕРНЕБЕКҚЫЗЫ

айтыскер ақын

филология ғылымдарының кандидаты

 

Леубаева Ақмарал Пернебекқызы 1969 жылы Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1986 жылы Ақмешіт ауылындағы Қ.Спатаев атындағы орта мектепті бітіріп, сол ауылда механизатор болып жұмыс істейді.

  1987 жылы М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының филология факультетіне түсіп, оны 1992 жылы үздік дипломмен бітіріп, осы оқу орнына осы оқу орнына оқытушылық қызметке қабылданды.

  А.Леубаева 1988 жылдан бастап өнер саласында, республикалық, облыстық, көлемде өтіп жатқан мәдени көпшілік іс-шараларға қатыса жүріп, өзінің талантымен жұртшылыққа таныла білді. Институт көлеміндегі іс-шараларға белсене араласқаны үшін бірнеше мақтау грамоталарымен марапатталып, 1989-1990 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы Дзержинский аудандық кеңесіне депутат болып сайланды. Тұңғыш рет Ордабасы аудандық оқу бөліміне қарасты Бадам елді мекенінен аудандық ақындар мектеп-интернатын ашып, басшылық жасады.

1992 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтында оқытушы қызметін атқара жүріп, ғылыми жұмыстарымен айналысты, осы бағытта «Қазақ шешендік өнерінің көркемдік-тағылымдық мәні» атты кітабы жарық көрді. Облыстық, республикалық, халықаралық айтыстарға қатысып, жұртшылыққа танылды.

2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармада бас маман, 2006-2007 жылдары ҚР Техникалық реттеу және метрология басқарамасы комитетінің ОҚО бойынша бас маманы қызметін атқарды. 2007 жылдың  желтоқсан айынан №33 «Ақбота» бөбекжай балабақшасының меңгеруші қызметін атқаруда. 

2001 жылы Елбасының «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы», 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалімен марапатталған. 2006 жылдың наурызында өзі туып өскен Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы атанды.

2007 жылы 26 сәуірде Алматы қаласы ҚАЗҰУ–де «Қазақ шешендік өнерінің көркемдік тағылымдық мәні» деген тақырыпта кандидаттық дисертациясын қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

 

                       

 

 

 

 

 

 

ЕСЖАНОВА МАРЖАН БЕКЖАНҚЫЗЫ

айтыскер ақын

 

Есжанова Маржан 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келді. 1995 жылы ХҚТУ Шымкент институтының филология факультетін бітірген. Мектеп қабырғасында жүргенде алғаш рет аудандық оқушылар айтысына қатысып, бас жүлдені иеленген. 1989 жылдан бастап аудандық, облыстық, республикалық айтыстарға қатысқан.

Еңбек жолын М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасында лаборант болып бастады. 1990 жылы студенттердің облыстық айтысында бас бәйгені жеңіп алды. М.Мақатаевтың 60 жылдығы, Н.Оңдасыновтың 90 жылдығы, Молда Мұсаның 150 жылдығы, Райымбек батырдың 300 жылдығы т.б. республикалық деңгейдегі айтыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленді. 2005 жылы Байқоңыр қаласында өткен “Ұшқыр ойлар” атты республикалық айтыста бас жүлдені жеңіп алған. 2006 жылы ақпан айында Ақтау қаласында өткен “Асқарға баста - Ақорда” атты республикалық айтыста бас бәйгені иеленген. 2006 жылы қазан айының 27-28 жұлдызында Жамбыл облысының  Мойынқұм ауданында өткен Ж.Қуанышбаевтың 110 жылдығы мен желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған халықаралық айтыста жүлделі 1-орынды жеңіп алған.

М.Есжанова 1997 жылдан бастап «Қазақ поэзиясындағы желтоқсан оқиғасының көрінісі» атты ғылыми жұмыспен айналысып келеді. Ғылыми жұмысына қатысты халықаралық конференцияларда, республикалық ғылыми басылымдарда бірнеше мақалалары шыққан. 2006 жылы облыс әкімінің шешімімен «Жылдың ең үздік ақыны» атанды. 2007 жылы бастап дарынды балаларға арналған Б.Өтеп атындағы «Өнер» мектеп-интернатының директоры қызметін атқаруда.

2007 жылы облыстық мәслихаттың алғыс хатымен марапатталған. 2009 ж. І,ІІ том «Айтыс» жинағының І, ІІ томының авторларының бірі. 2011 жылдан бастап М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің магистранты.

 

 

 

 

                                            БАҚЫТЖАН  АЛДИЯР

ақын

 

Описание: http://nurastana.kz/wp-content/uploads/2011/10/10-bakytjan-1.jpgБақытжан  Алдияр 1974 жылы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында дүниеге келген. 1981-1991 жылдары орта мектепте оқыды. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ мектеп аралық, ауданаралық түрлі байқауларға, жарыстарға қатысып                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     , шығармашыл жастар өміріне белсене араласады. Өнерге деген қызығушылық Бақытжанды әдебиетші болуға итермелейді. 1992-1996 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімінің филология факультетінде оқып, оны қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіреді. Студент кезінде қазақ әдебиеті кафедрасы жанындағы «Сыр» әдебиет және өнер бірлестігінің жұмысына белсене қатысады. Ақындықтың алғашқы  қадамын айтыс өнерінен  бастайды. Қалалық, аудандық, облыстық айтыстарда жеңімпаз атанады. Институтты бітіргеннен бері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бас маманы болып қызмет етіп келеді.

Б.Алдияр – Мәлік Ғабдуллин атындағы сыйлықтың иегері. Жазба ақындық өнерге біржола бет бұрған Бақытжан Алдияр жазба ақындардың мүшайраларына қатысып, республикалық, Халықаралық жарыстарда топжарып, бірнеше рет бас жүлдеге ие болған. Қазақстан Республикасының  әдебиет саласындағы арнаулы стипендиясының екі дүркін иегері, өлеңдері төрт ұжымдық жинаққа енген. Қазақ лирикасында өзіндік қолтаңбасы бар ақын ретінде тарихи-философиялық тақырыптарды батыл көтеріп жүр. Өлеңдері ұлттық рухани дүниетаным, жауанмәрттілік, қазақи болмыс тақырыптарына жазылған.

Б.Алдиярдың «Көзайым», «Сезім кілті», «Құбыла» атты жыр  жинақтары жарыққа шыққан.      

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАППАРҚҰЛОВА АНАР ӘБУСАЙЫЛҚЫЗЫ

филология ғылымдарының кандидаты

айтыскер ақын 

 

Жаппарқұлова Анар Әбусайылқызы 1977 жылы Отырар ауданында дүниеге келген. 1998 жылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтының филология факультетін бітірді. Мектеп қабырғасында жүргеннен бастап аудандық, облыстық, республикалық ақындар айтысына қатысып келеді. 1992-1994 жылдары аралығында халық ақыны Әселхан Қалыбекова жүргізген ақындар мектебінен тәлім алған.  Ол І.Жансүгіровтің 90 жылдығына, Қырғызстанда өткізілген Манас батыр дастанының 1000 жылдығына, Алпамыс батыр дастанының 1000 жылдығына, Оралхан Бөкейдің 60 жылдығына орай өткізілген республикалық, халықаралық айтыстардың бас жүлдегері болды. С.Ерубаевтың 80 жылдығына, Н.Оңдасыновтың 90 жылдығына, Молда Мұса Байзақұлының 150 жылдығына, Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына т.б. арналған айтыстардың жүлдегері.

«1999 жылдың ең үздік ақыны» атанып, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталған. Облыс әкімі тағайындаған «Зерде» стипендиясының иегері. 1998 жылдан бастап Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтында, Академиялық инновациялық университетінде қызмет істеді, қазір Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтта қазақ тілі және қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушылық  қызмет атқарып келді. 2011 жылдан бері ОҚМПИ қазақ тілі және қазақ әдебиет кафедрасында аға оқытушы болып қызмет етеді.

2000 жылдан Майлықожа шығармашылығы бойынша ғылыми жұмыспен айналысып, 2010 жылы ф.ғ.д., профессор Р.Бердібаевтың жетекшілігімен ҚР ҒА әдебиет және өнер институтының диссертациялық кеңесінде «Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармашылық мұрасы»  деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми тақырыбына байланысты республикалық конференцияларда «Майлықожаның айтыстары», «Майлы шығармаларындағы әлеуметтік мәселелер», «Майлы шығармаларындағы сопылық сарынның көрінісі» атты тақырыптарда баяндама жасаған. Республикалық басылымдарда бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрген.

 

ТОҒЫСБАЕВ НҰРЛАН ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ

 

Оңтүстік Қазақстан мемилекеттік педагогикалық университеті филология факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 1988-95 жылдары оқыған түлегі.

1967 жылы 1-ақпанда Ленгір ауданында дүниеге келген Н.Торғысбаевтың «Большевик» орта мектебінде оқып жүріп жазған мақалалары республикалық «Қазақстан  пионері», аудандық, облыстық газеттерге жиі жарияланған.

Оқушы кезінен аудандық газеттің штаттан тыс тілшісі болған ол мектепті, Шымкеттегі гидромелиоративті-құрылыс техникумын үздік бітірді.

Жазушы болам деген асыл арманын анасының қамқор көңілі тежеді. КазГУ-дің журналистика факультетіне жібермеген ана көңілінен асып кете алмаған Н.Тоғысбаев әскери борышын өтеп келісімен 1988 жылы сол кездегі Шымкент педагогикалық институтының дайындық бөліміне түсті.

Дайындық бөлімінде жүріп филология факультетінің қоғамдық жұмыстарына белсене араласып, шығармашылықпен айналысатын студенттердің әдеби бірлестігінің «Сыр» қабырға газетінің редакторы болды. Талай қызықты мақалалар жазды.

2-курта қалалық «Шымкент келбеті» газетінің штаттағы тілшісі болған оның газеттегі ең алғашқы «Торғай екеш торғай да балапанын қорғайды» мақаласы оқырмандар арасында үлкен резонанс тудырды.

Еңбек жолын баспагерліктен бастаған Н.Тоғысбаев шығармашылықпен айналысып, редакторлықты шебер меңгерді.

Оның жетекшілігіндегі «Нұрлы Бейне» баспасында жүздеген ғылыми, көркем-әдеби шығармалар мен кітаптар жарық көріп, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТІЛЕУБЕРДИЕВ ҚАНАТБЕК МАҚҰЛБЕКҰЛЫ

филология ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі

          

Тілеубердиев Қанатбек Мақұлбекұлы 1970 жылы 14                          маусымда ОҚО Бәйдібек ауданы Жиенқұм елді мекенінде ұстаздар отбасында дүниеге келген. 1993 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті М. Әуезов атындағы пединститутын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша  үздік белгімен, 2000 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай заң институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1988-1989 ж.ж. әскери борышын Эстон Республикасының Таллин қаласында өтеген. 1993 жылдан құқық қорғау органдарында қызмет атқаруда. 1993-2005 жж. Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы Шымкент заң колледжінде оқытушы, аға оқытушы, методист, бөлім бастығы,  факультет басшысы қызметтерін атқарған.

2005-2012 жж. ОҚО ІІД-де Хатшылық бөлімінің бастығы, Кадр жұмысы басқармасының бастығы, Тылмен қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары, 2012-2019 жж. ОҚО Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, Шымкент қаласының және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының бастығы қызметтерін атқарды.

2019 жылдың 5 тамызынан бастап, Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығының бастығы қызметін атқаруда.

2004 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің ғылыми кеңесінде «Қадыр Мырзалиев шығармаларындағы табиғат және экология мәселелерінің көркемдік шешімі» деген тақырыпта ф.ғ.д. профессор Құлбек Ергөбектің жетекшілігімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

Тілеубердиев Қанатбек Мақұлбекұлы  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл және 25 жыл» медалімен, «ОҚО-на сіңірген еңбегі үшін» ОҚО әкімінің медалімен, «Ішкі істер органдарында мінсіз қызметі үшін» І, ІІ, ІІІ дәрежелі медальдарымен, «Үздік қызметі үшін» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің медалімен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған.

 

 

САҒЫНДЫҚОВА КҮЛПАШ ТҰРҒЫНБЕКҚЫЗЫ

Шымкент қаласы №27 «Мәртөбе» ЖОББМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі, санаты жоғары, педагог-зерттеуші.

Описание: C:\Users\sulpa\Desktop\001.jpeg

 

       М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтының 1992 жылғы түлегі. Институтты үздік белгімен бітірді. Еңбек жолын «Ақмарал» бала бақшасында тәрбиеші болып бастап, 1994-1997 жылдары Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтында, кейін М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетінде оқытушы қызметінде жалғастырды. 2000 жылдан бері №27 «Мәртөбе» жалпы орта білім беретін мектебінде қызмет етеді. Осы мектептегі еңбек жолын  қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып бастап, әдістемелік бірлестік жетекшісі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директор, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметтерін  атқарды. «Тәжірибедегі рефлексия» бағдарламасы бойынша мектеп тренері.

       «Үйірлі мүшелер» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдың, «Жас отау» кітабының авторы. Оқушылардың мектепішілік «Жас қалам», «Жастар үні» газеттеріне жетекшілік еткен.  Ашық сабақтар жоспарлары, ОМЖ, ҚМЖ, ғылыми жұмыс жобалары, коучинг жоспарлары, көркем әдеби шығармалары, ғылыми мақалалары «Шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағында, «Аудитория», «Болашақ» газеттерінде, «Жас қалам» журналында, «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі» атты әдістемелік құралда, «Педагог құзыреттілігі» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналда, «Ашық сабақтар» web-сайтында, ust.kz ұстаздар сайтында,  www.zharar.com  ақпараттық-танымдық сайтында,  bilim-shini.kz сайтында жарияланған.

        Мұғалімдердің ОҚО Сайрам аудандық пән олимпиадасының І орын, облыстық пән олимпиадасының І орын, республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің «Жүзден жүйрік» байқауының «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясының, филологтардың Республикалық съезалды конференциясының Сайрам аудандық кезеңінің І орын, Шымкент қалалық мұғалімдер олимпиадасының ІІІ орын, аудандық «Ең үздік бейнеролик» байқауының «Мемлекеттік тіл – барлық халықты біріктіретін тіл» тақырыбы бойынша ІІ орын, қалалық «Жарқ ете қалсам, найзағай болып...» шығармашылық байқауының проза жанры бойынша Бас жүлде, ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» республикалық байқау сайысының қалалық кезеңінде Бас жүлде, республикалық кезеңінде ІІ орын иегері, республикалық «Қазақстанның білім беру ісінің қайраткері» байқауының І дәрежелі дипломымен марапатталды.

         ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, Оңтүстік Қазақстан облысы «Qurmet-AB» Қоғамдық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалімен,  «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы директорының,  www.tio.kzwww.rio.kz Республикалық Дәстүрлі Интернет Олимпиада порталы ұйымдастыру комитетінің, ҚР ҚК Десанттық-шабуылдаушы әскерлері 61993 әскери бөлімі командирінің, Облыстық білім департаментінің, Оңтүстік Қазақстан облысы Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының, ОҚО, Түркістан облысы кәсіподақ комитеті төрағаларының, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының, ОҚО Әзірбайжан қоғамы төрағасының, ОҚО Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы директорының, Шымкент қалалық кәсіподақ ұйымы төрағасының, Шымкент қалалық білім бөлімінің, білім басқармасының, «ALTYN QYRAN – ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасы ұйымдастыру комитетінің, BILGE ONTUSTIK инновациялық шешімдер орталығы директорының,  ОҚО, ОҚО Сайрам ауданы, ОҚО Сайрам ауданы Қарасу ауыл әкімдерінің, аудандық мәдениет және тіл дамыту бөлімі бастығының, Сайрам аудандық білім беру бөлімінің, мектеп әкімшілігінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен, дипломдарымен,  мадақтамаларымен марапатталған.  

        Шәкірттері – республикалық «Мен нашаға қарсымын», «Жас қаламгер», «Алтын күз» байқауларының, «Алтын тобылғы» зияткерлік олимпиадасының, «Үш бәйтерек» онлайн байқауының, «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының, «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты республикалық қашықтық олимпиадасының, республикалық  КІО, ТІО онлайн олимпиадаларының, «Менің елімнің көшбасшысы» тақырыбындағы сырттай байқауының, «BILGEN ALAMAN» олимпиадасының қалалық, облыстық, республикалық кезеңдерінің,  облыстық «Ақ қауырсын», «Тәуелсіздік аруы», «Әл-Фараби – Қазақстан» байқауларының, облыстық, қалалық, аудандық пән олимпиадаларының, қалалық «Мағжан оқулары» сайысының, облыстық «ALTYN QYRAN – ерекше дарын иесі» зияткерлік олимпиадасының, аудандық «Оралхан Бөкей оқуларының, «Полиглот», «Өмір тамшысы», «Ең үздік жүргізуші» байқауларының, «Тіл – халықтар алтын көпірі» атты олимпиадаларының жеңімпаздары.

 

 

ЗАКИМБАЕВА ЭЛЬМИРА ТҰРЫСҚЫЗЫ

 

 

Описание: C:\Users\User\Desktop\Изображение 054.jpgЗакимбаева Эльмира Тұрысқызы 1968 жылы Жамбыл облысы  Т.Рысқұлов ауданы  Тереңөзек ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті мектепті бітірген соң, 1987 жылға дейін Өзбекстан Республикасы Жызақ облысы Мырзашөл  ауданы «Ташкент» совхозында «Балдырған» балалар бақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеді.

1987-1992 жылдары М.О.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институты филология факультетін қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1993 жылы Т.Рысқұлов ауданы Жамбыл орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмысын бастады. 2004 жылы  аталған мектепке психолог қызметіне, 2011 жылы  директор қызметіне тағайындалып, бүгінгі күні директорлық қызметті абыроймен атқарып келеді.

Закимбаева Эльмира Тұрысқызы 2016-2021 жылдар аралығында Т.Рысқұлов аудандық маслихатының депутаты болып сайланып, қызмет атқарды. Аманат партиясының белсенді мүшесі. Директорлық қызметінде көптеген жетістіктерге жетті. 2017 жылы Республикалық «Қазақ ұстазы» журналына «Қазіргі білім беру жүйесіндегі үштұғырлы тіл» мәселесі» тақырыбында, 2018 жылы «Рухани жаңғыру: ХХІ ғасырдағы заманауи білім беру кеңістігінің парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда, 2019 жылы «Мектеп жұмысын жоспарлаудың педагогикалық негіздері» тақырыбындағы облыстық семинар-тренингке, 2020 жылы А.Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Руханият және тарихтану орталығының» ұйымдастыруымен өткен «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы - Абай» атты дөңгелек үстелге, 2020 жылы «Қашықтықтан оқыту жағдайында мектептегі оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» деген тақырыпта «Білім және ғылым-2020» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, ғылыми-теориялық баяндамалар жасап, өз іс-тәжірибесімен бөліскені үшін көптеген марапаттар берілді.

2017 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті және Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті белсенді және үздік студенттер дайындауда «Алғыс хат» жариялады. 2017 жылы ТИГУ ұйымдастыруымен «EXSPO-2017» болашақ технологиялар көпірі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға белсене қатысқаны үшін І дәрежелі Диплом берілді. 2017 жылы «Taraz Fashion Day» іс-шаралары аясында өткізілген облыстық балалар сурет байқауына белсене қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды. 2017 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен болған «Жас Дарын» І Республикалық сырттай ғылыми-практикалық конференциясында оқушылардың ғылыми-шығармашылығына жетекшілік жасаудағы жемісті еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. 2017 жылы «Туған мектепке тағзым» акциясы аясында игі іс-шараларды ұйымдастыруда «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2017 жылы Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. 2018 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен туған өлкеміздің табиғатын қорғау аясында өткізілген «Қызғалдақ-табиғи құндылық» атты сурет байқауына зор үлес қосқаны үшін Дипломмен марапатталды. 2018 жылы І Республикалық «Үздік педагог» педагогика олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. 2018 жылы «күнделік» жүйесін пайдаланудағы белсенділігі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

            2020 жылы «Лидер KZ» Халықаралық интеллектуалды білім орталығының ұйымдастыруымен өткен халықаралық байқауда «Біздің директор-үздік көшбасшы» атанып, І дәрежелі Диплом иеленді.

 

 

ДУЙСЕНБЕКОВ АДИЛЬБЕК ЛЕСУЛЫ

 
 Дуйсенбеков Адильбек Лесулы 1973 жылы Төлеби ауданында дүниеге келген. 1990 жылы «Екпінді» орта мектебін бітіріп, осы жылы М.О. Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түсіп, 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шымкент бөлімін  бітірді.
1995-2003 жылдар аралығында Төлеби ауданы «Екпінді» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. 2003-2011 ж.ж аралығында Қ.Мамытов атындағы жалпы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2011-2017 жылдар аралығында «Жеңіс» жалпы орта білім беретін мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылдың қазан айынан бастап «Жеңіс» жалпы орта білім беретін мектебінде директор қызметін атқаруда. 2020 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

 

ДІЛДАБАЕВ ҚАНАТ НҰРЖАНҰЛЫ

Описание: C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\PHOTO-2022-10-03-10-15-30.jpg

1973 жылы төлеби ауданында дүниеге келген. 1989 жылы «екпінді» орта мектебін бітіріп, осы жылы м.о. Әуезов атындағы шымкент педагогикалық институтының «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түсіп, 1994 жылы қ.а. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің шымкент бөлімін үздік дипломмен бітірді.

1994-1999 жылдар аралығында осы оқу орнының «қазақ әдебиеті» кафедрасында оқытушы болып жұмыс жасады. 1999-2001 ж.ж «әулие-ата» университетінің шымкент филиалында оқытушы, 2001-2012 ж.ж. Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінде «филология» кафедрасында аға оқытушы, факультет деканының орынбасары, оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2012-2016 жылдар аралығында аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту факультетінің деканы, 2016 жылдың қараша айынан 2020 жылдың тамызына дейін аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің әлеуметтік-педагогикалық институты директоры қызметін атқарды. 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап шымкент университетінде «филология» кафедрасында аға оқытушы, қазіргі таңда осы университеттің «экономика» институты директорының оқу және тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары қызметін атқаруда.

2015 жылы «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

2017 жылы қр білім және ғылым министрінің «құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

 

КАЛИБЕКОВА САУЛЕ ЖАНТУРАЕВНА

Шымкент қаласының білім басқармасының "№ІТ 80 мектеп-лицейі " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

 

Описание: http://80.shymkent-mektebi.kz/uploads/posts/2021-12/1640171425_whatsapp-image-2021-12-22-at-11_48_16-1.jpeg№80  мектеп-лицейінің директоры Калибекова Сәуле Жантөреқызы 1974 жылы, 5 наурызда Өзбекстан Республикасы, Сырдария облысы, Сейхунабад ауданы (бұрынғы Ворошилов ауданы), Свердлов ұжымыдық шаруашылығына қарасты  Намуна (қаз.Үлгілі) ауылында дүниеге келген.

1980 жылы осы ауданға қарасты Н.Крупская атындағы 5 мектептің 1 сыныбына барып, 1990 жылы он бірінші сыныпты бітіріп, Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институты, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша студент атанып, 1995 жылы (1993 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен Түркістан қаласында жаңадан ашылған Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрамына қосылған болатын) университетті аяқтап, мұғалім мамандығын алып шығады.

1995 жылы туған ауылындағы, өзі бітірген мектепке қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып  орналасады. Отбасылық жағдайына байланысты 04.03.1995 – 11.09.1996 жылдар аралығында Жетісай қаласындағы медициналық училищеде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 11.09.1996-01.09.2003 жылдар аралығында ХҚТУ-нің Мақтарал аудандық филиалында қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы және жауапты хатшысы, 13.10.2003-03.07.2006ж Шымкент қалалық білім бөлімінде әдіскер, 04.07.2006 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласындағы №80 IT мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқаруда. Отбасылы, екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана.

Мемлекеттiк жүлделері, құрметтi атақтары және марапаттаулары:       

  • «Жалпы орта мектептердегі оқу үрдісін автоматтандыру және жетілдіру механизмдері» тақ-ы «Электронды мектеп» бағдарламасының авторы, (2011 жылғы 5 мамамырдағы №699 жазбамен тіркелген) 2011ж;
  • 2015 жылы «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталған;
  • «Қазақстанның рухани жаңғыру аясында: Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам: «IT және робот техникасы әлемі» атты «РОБОТ техникасы» бойынша халықаралық көрмеге қатысқан өнертапқыш шәкірттерге ғылыми жетекшілік жасағаны үшін» алғыс хаты, 2018ж;
  • 01.10.2018-01.12.2018ж уақыт аралығында Финляндия мемлекетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша қосымша білімін жетілдіріп, практикалық іс жүзінде тамамдады. 

 

 

САРЖАНОВА ЖАНАР ЕРЖАНҚЫЗЫ

 

Описание: E:\1 001.bmp

Саржанова Жанар Ержанқызы 1979 жылы Шымкент қаласында дүниеге келді. 1996 жылы №51 орта мектепті бітіріп, осы жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шымкент бөліміне «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға  түсіп, 2000 жылы бітірді.

Еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласы білім бөлімінің №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп-лицей коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.

2005 жылдың ақпан айында «Шымкент қаласы білім бөлімінің» №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Осы жылдың тамыз айынан 2008 жылдың желтоқсан айына дейін директордың Бастауыш сыныптар бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2017 жылдың наурыз айына дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылдың наурыз айында №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды. Қазіргі таңда осы қызметті атқаруда.

2008 жылы «Аталар жолы-жас ұрпаққа мұра», 2009 жылы «Өмірімді өнерге бейімдеймін», 2010 жылы «Қазақстан болашағы – балалар көзімен» атты өнер фестивальдерінің мақтау грамоталарымен және бірнеше рет Облыстық және Қалалық білім басқармаларының «Құрмет грамоталарымен» марапатталған.

2022 жылы «Ана тілі және отбасы – 2022» қалалық байқауында бас жүлде иеленді.

 

 

ҚОЖАНОВ СҮЙІНДІК ЖАҢБЫРҰЛЫ

Описание: C:\Users\Togatai\Downloads\WhatsApp Image 2022-10-03 at 12.15.40.jpeg

 

Қожанов Сүйіндік Жаңбырұлы 1969 жылы 05 желтоқсанда қазіргі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Жігерген ауылында дүниеге келген.  1977 жылы аталған ауылдағы Абай атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданып, 1987 жылы бітірген. 1987 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түскен.

Оқуға түскен жылы желтоқсан айында әскер қатарына шақырылып, әскери борышын Ресейдің Самара қаласында өтеп келеген. 

1989 жылы қыркүйек айында әскери борышын өтеп келіп, оқуын ары қарай жалғастырып, 1994 жылы Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімін қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтап шықтқан.

1994 жылы қыркүйек айында Абай атындағы орта мектепке қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданған. Оқушылары аудандық, облыстық пән олимпиадаларынан жүлделі орындар алған.

2008 жылдан 2018 жылға дейін мектеп директорының оқу істері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Аудандық тамыз конференциясында жасаған баяндамасы құнды деп табылып, І дәрежелі дипломмен мараппаталған.

2018 жылдан бастап «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарып келеді.

 

 

Байбосынова Гаухар Смановна

Айбек атындағы №14 жалпы орта білім беретін мектеп директоры

Байбосынова Гаухар Смановна 1973 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.1992-1996 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімінің филология факультетінде оқып, оны қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіреді.

 

 

Алғыстар,медалдар мен марапаттары:

  1. «Әль-Фараби  университетіне  80 жыл»  атты медалы,
  2. «Кәсіподақ ісінің құрметті  қызметкері» атты медалы,
  3. «Ынтымақ»  медалы,
  4. БжҒМ  Аймағамбетовтың  «Құрмет грамотасы»,
  5. Қала әкімінің,маслихаттың,білім басқармасының,кәсіподақтың, «Нұр отан» партиясының алғыс хаттары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДӘУЛЕТ ТҰРСЫНҰЛЫ

 

Дәулет Тұрсынұлы 1976 жылы 7 мамырда Созақ ауданы Созақ ауылында дүниеге келген. «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясында орта білім алып, 1998 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (бұрынғы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімшесі) филология факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Созақ ауылындағы «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2005-2008 жылдары Созақ ауылы әкімшілігінде бас маман, 2008-2014 жылдары Созақ аудандық «Молшылық» және «Созақ үні» газеттерінде жауапты хатшы, 2014-2015 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінің Бәйдібек және Созақ аудандарындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.

2015 жылы қазіргі Түркістан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне ауысып, алғашында руханият және саясат бөлімдерінің тілшісі болды. Қазір осы газеттің заң және заман бөлімінің меңгерушісі.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «2021 жылдың үздік журналисі» номинациясымен марапатталған. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

 

 

СЕЙІТМАН СЕРІК МЫҚТЫБЕКҰЛЫ

 

Сейітман Серік Мықтыбекұлы 1982 жылғы Түркістан облысы Отырар ауданында туылған. 1999 жылы Отырар ауданы Шытты ауылындағы А.Дәрібаев атындағы орта мектепті, 2003 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент бөлімінің филология факультетін, 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасын, 2021 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің докторантурасын бітірді. Алаш әдебиетіне байланысты диссертациялық еңбегін қорғау үстінде.

2006-2018 жылдар аралығында Қазақ радиосында редактор-жүргізуші, шолушы, «Руханият» бас редакциясы Бас редакторының орынбасары, «Шалқар» ұлттық радиосының Бас редакторы, Қазақ радиосының директоры, «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2018-2021 жылдары докторантурада оқи жүріп, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған «Тұлпар мініп, Ту алған» ұлттық жобасының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театрында Әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды. Қазір ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы.

Серік Мықтыбекұлы көптеген радиобағдарламалар мен мегажобалардың авторы, жетекшісі. Атап айтқанда, 2014-2017 жылдар аралығында «Шалқар» ұлттық радиосының Бас редакторы ретінде жасаған имидждік роликтері көркемдік сапасы жоғары, ұлттық бояуы қанық дүниелер болды. «Жаншуақ», «Жерұйық», «Темірқазық» этноэнциклопедиясы, «Ән-ғұмыр», «Күй-ғұмыр», «Отанды сүю», «Сөз патшасы», «Тәуелсіздік шежіресі», «Өнегелі отбасы», «Шабыт» радиотеатры, «Отырар кітапханасы», «Қазақ хандығы» сынды жаңа хабарлар мен «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Теңге ілу», «Арқан тартыс» секілді ұлттық ойындардың атымен аталған радиоойындар, сондай-ақ «Дәстүр», «Бесігіңді түзе», «Күй-шежіре», «Наридірген», «Назқоңыр», «Әлқисса», «Біздің елдің жігіттері», «Бастаңғы» секілді ұлттық маңызы бар хабарлар қайта жаңғырды.

Басшылық қызметте жүріп, «Қазақты сүю», «Зиялы қауым», «Мәдени мұра», «Парыз», «Көркемдік кеңес», «Тамшы», «Айдында жүзген ай сәуле» бағдарламалары бүгінде «Алтын қордың» қазынасына айналды. Бірнеше қоғамдық ұйымдарға, Қазақ радиосы көркемдік кеңесінің  (2012-2018 жж), Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Авторлар қоғамының мүшесі, Халықаралық «Қазақ Тілі» қоғамының Құрметті мүшесі бола жүріп, «Қырсық қызға қолтаңба», «Қазақтың қаны», «Қарашаңырақ», «Домбыра», «Қамшының сабы» атты жыр жинақтары жарық көрген. Оның ішінде «Домбыра», «Қамшының сабы» кітаптары мемлекеттік тапсырыспен шыққан. Бірнеше өлеңіне әндер жазылған ақын Серіктің 2018 жылы ел астанасындағы Бейбітшілік және келісім сарайында авторлық кеші өтіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Сейітман Серік Мықтыбекұлы «Жас тұлпар-2014» Республикалық сыйлығының иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы, Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, «Қазақ Хандығына - 550 жыл» мерекелік медалінің, «Қазақстан Тәуелсіздігіне - 25 жыл» мерекелік медалінің, Қазақстан Авторлар қоғамының лауреаты  сынды марапаттардың иегері.

 

САРСЕНБАЕВА ЖАНАР ПЕРНЕХАНОВНА

 

 

Сарсенбаева Жанар Пернехановна 1972 жылы 16 желтоқсанда Оңтүстік Қазақсатан облысы, Бөген ауданы Төрткөл ауылында дүниеге келген. Кейінірек Отырар ауданына қоңыс аударып, 1979 жылы А.Дәрібаев бастауыш мектебінің 1 сыныбына барып, 1989 жылы Ильич орта мектебінің 10 сыныбын аяқтаған. Сол 1989 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1994 жылы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімін бітірген.

1995-2004  жылдар аралығында №32 М.Әуезов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып, 2004-2019 жылдар аралығында №78  орта мектепте  директордың оқу-тәрбие  жұмысы  жөніндегі орынбасары, 2019 – 2021 жылдар аралығында №52 мектеп-лицейде директордың оқу-әдістеме жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылдың 12 ақпанынан бастап Шымкент қаласы А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясына директор қызметіне тағайындалып, қазіргі таңда осы мекеме басшысы ретінде жұмысын жалғастыруда.

 

 

АХМЕТ АҚМОНШАҚ БАТЫРҚЫЗЫ

 

Нет описания.         Ахмет Ақмоншақ Батырқызы –   1982 жылы 23-қыркүйекте қазіргі Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Ақмешіт елді мекенінде дүниеге келген. 1988 жылы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, 1999 жылы аяқтаған ол 2000-2004 жылдары қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика университетінің (бұрынғы Қ.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті) «Филология» факультетінде оқып, «Қазақ тілі, әдебиеті және шет тілі пәндерінің мұғалімі» біліктілігін алған.

2004-2006 жылдары Шымкент үздіксіз білім беру колледжінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған.

         2007 жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық Өнер академиясы, «Өнертану» факультетіне оқуға қабылданып, «Кинотеледраматургия» мамандығы бойынша 2011 жылы Д.Исабековтің шеберханасында оқып, оны үздік дипломмен бітірген.

2011 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Қорының арнайы шәкіртақысының иегері атанған.

2011-2013 ж.ж. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Өнертану» магистратурасындада оқып, «Өнертану магистрі» атанды. 

2011 жылдан бері осы оқу орнының «Өнертану» факультетінде «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарып келеді.

Ахмет Ақмоншақ 2008 жылдан бері республикалық мәдени-сараптамалық «Мәдениет» журналының редакторы. Ол театр, кино, бейнелеу өнері, жалпы қазақ мәдениетіне қатысты тақырыптарда жазылған 100-ден аса публицистикалық және бірнеше ғылыми мақаланың авторы. Отанрдық, республикалық баспасөз беттерінде кино мен театр салаларына қатысты көптеген мақаласы жарияланып жүр.

2019-2022 жылдары Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның докторанты атанып, білімін толықтырды.

Ахмет Ақмоншақ «Исабеков әлемі», «Қайран, Шәмші», «Роза Бағланова», «Жасын ғұмыр», «Қазақ шығармасы Шекспир елінде» т.б. көптеген деректі фильмдер мен «Әпке», «Қаламгер» сериалдарының сценарий авторы.

Д.Исабековтің «Қарғын» романы мен 7 томдық таңдамалы шығармалар жинағының редакторы, «Балуан Шолақ» тарихи көркем суретті фильмінің редакторы қызметін атқарған.

М.О.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Бейтаныс таныстар» атты монодрамасы 2022 жылы сахналанды.

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының арнайы дипломымен марапатталған;

2019 жылы М.О.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры ұйымдастырған «Монодрама» байқауында «Бейтаныс таныстар» атты монодрамасы «Заманауи монодрама» номинациясының жеңімпазы атанған.

Қосымша сілтемелер:

  1. «Хабар» арнасының тапсырысмен түсірілген «Қаламгер» сериалының сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=_4Szp8e3fqY; https://www.youtube.com/watch?v=Tv03n5kw5Yg т.б.
  2. «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысымен түсірілген «Әпке» телехикаясы: https://www.youtube.com/watch?v=HNGKHzCcVxY

    

 

 

МУСЛИМОВА ЖАЗИРА РУСТЕМҚЫЗЫ

 

Описание: Нет описания фото. Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары  Муслимова Жазира Рустемқызы 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1999 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (бұрынғы Қ.А.Ясауи атындағы ШИ) филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Қосымша Шымкент университетінде оқып, дене шынықтыру және спорт оқытушысы біліктілігін алған.

Еңбек жолын қарапайым тілші, редактор болып бастаған ол, университет оқытушысы, спорт басқармасында тіл маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Түркістан облыстық спорт басқармаларында түрлі деңгейдегі лауазымды қызметтер  атқарған Жазираның басты  ерекшелігі оның еңбекқорлығында.

 

ПЕРДЕШОВА САНДУҒАШ ЕСЕНБЕКҚЫЗЫ

 

                   Есенбекова Сандуғаш 1983 жылы 21 қарашада  Мақтаарал ауданы, Атакент ауылында дүниеге келген.  Қасым Қайсенов атындағы мектепті үздік бітіріп, қазіргі ОҚМПУ, бұрынғы ХҚТУ ШИ-ның филология факультетіне білім гранты негізінде оқуға қабылданған.

Университет қабырғасында жүріп, көптеген көркемсөз оқу шеберлерінің жарыстарында жүлделі орындар иеленген. Іс-шараларға белсенді түрде қатысатын Сандуғаш облыстық ОРАЛХАН БӨКЕЙ атындағы көркемсөз оқу жарысынан бас бәйгені алып, Астанада өткен республикалық байқаудан 3 орын алған. Сол уақытта оған жергілікті телеарнадан ұсыныс түсіп, алғашында «ҚАЗАҚСТАН-ШЫМКЕНТ» телеарнасында ауа-райы және «Қайырлы күн» бағдарламаларының жүргізушісі болды. Содан соң Дина Төлепбергеннің шақыруымен Отырар телеарнасында «Шымқаланың жаңа күні» бағдарламасының продюсері болып жұмыс атқарды.

Екі сағат бойы тікелей эфирде таңғы бағдарламаны жүргізген. «Ән шашу» атты бағдарлама мен спорт жаңалықтарын жүргізе отырып, жұмыс тәжірибесін арттырды.  Мәдени салада тілші болды.

2010 жылдан бастап Алматы қаласында «31» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің тілшісі болды. Сол арнада «Теңге бокс» бағдарламасының редакторы, кейіннен «Кино+сериал» журналында редактор болды. «Өнеге» журналының авторы және редкорректоры, одан соң «Балапан» арнасында «Шарайна», «Он саусақ», «Дәрумен», «Әдемі-ай», т.б. бағдарламаларының продюсері, жетекшісі қызметін атқарды. «KAZmedia mobile» компаниясының дубляж бөлімінде және «Алматы» арнасында «Таңғы студио» бағдарламасының бас редакторы болып, «Таңғы серуен» айдарының жүргізушісі болды. Кейіннен «Евразия» телеарнасының «Әйел сыры» бағдарламасының шығарушы редакторы болып еңбек еткен ол қазіргі таңда  5 жылдан бері «КТК» телеарнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасының  және  «АҚ МАМА» бағдарламасының шеф редактор–продюсері болып қызмет етуде.

Сонымен қатар психология саласының маманы. «Халықаралық коуч» мәртебесі бар. 2 жылдан бері психология-коучинг саласында халыққа қызмет етуде. Одан бөлек жеке «АДИНА» деп аталатын кәсібін дөңгелетіп отыр.

 

 

НҰРМАТ БАҒДӘУЛЕТ АСАНҰЛЫ

 

Описание: Возможно, это изображение 1 человек Нұрмат Бағдаулет Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Мектепті үздік бітіргеннен кейін 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түсті.

2015 жылы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алды.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенттік стипендиясын жеңіп алған.

Еңбек жолын Павлодар облыстық білім беру басқармасынында баспасөз қызметінің жетекшісі ретінде бастады. Екі жылдан аса басқармада жемісті жұмыс жасайды. Қазіргі таңда Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияға директор орынбасары ретінде қызмет атқарады.

Нұрмат Бағдәулет Асанұлы педагогикалық еңбек өтілі жолында халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі байқауларда топ жарып, шәкірттері де толағай табысқа жетіп жүр.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, Павлодар облысының Білім беру басқармасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық Музей Алғыс хаттарымен марапатталған.

Төмендегі жетістіктері Бағдәулет Асанұлының кәсіби біліктілігін көрсетеді:

· Мәскеу басқару және әлеуметтік-экономикалық даму институты, халықаралық ғылыми жобалар байқауы (тіл білімі бағыты) І дәрежелі диплом, 2019

· «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» конкурсы ., І дәрежелі диплом, 2019

· Республикалық «Білімді ел» қоғамдық газеті., Алғыс хат, 2019

· А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абайтану» пәнінен бейнесабақтар түсіру облыстық байқауы., 1 дәрежелі диплом, 2020

· С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті., Алғыс хат.2019

· Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Зәки Ахметов және қазіргі әдебиеттанудың даму бағыттары» жас ғалымдардың республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясы, 1 дәрежелі диплом.

· Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті «Исаев оқулары» атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясы, ІІ дәрежелі диплом.

· Халықаралық «ХХ Сәтбаев оқулары» конференциясы, Алғыс хат.

· Шәкірттерінің жетістіктері:

· Имантай Мағзұм-ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Алтын адам – тәуелсіз Қазақстанның символы» республикалық ең үздік эссе байқауы, ІІ дәрежелі диплом.,2019

· Сүйеніш Жасқанат-халықаралық «Сәтбаев оқулары» ғылыми конференциясы І дәрежелі диплом., 2020

· Дәуренбекұлы Рамазан - Облыстық «Әбіш оқулары» байқауы ІІ дәрежелі диплом., 2020

· Дәуренбекұлы Рамазан - Халықаралық «Сәтбаев оқулары» байқауы ІІ дәрежелі диплом., 2019

· Бекнияз Раиса-республикалық «Жас ғалым» ғылыми жұмыстар сайысы., ІІ дәрежелі диплом, 2020

· Досмагамбетова Айым-жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы ІІІ дәрежелі диплом, 2019

 

· Жас ғалымдар, магистранттар мен студенттердің ғылыми тәжірибелік конференциясының жинағы, «Эколингвситика тілге жаңа көзқарас» мақаласы, Павлодар-2020

· «Исаев оқулары» ғылыми мақалалар жинағы, 2019

· «Абревиатуралар плеоназмы» мақаласы, Алматы-2019

· Республикалық «Білімді ел» қоғамдық газеті «Каким должен быть современный образователный процесс?» мақаласы, Нұр-Сұлтан-2019

· Edunews.kz республикалық ақпараттық агенттігі, «Инклюзивті білім беру саласында әдістемелік ұсынымдар әзірлеу маңызды» мақаласы, Нұр-Сұлтан-2020

· «Қазақстан»газеті, «Дәстүр жалғасын тапты» атты мақала 2018

· International conference «Innovation management and tehnology in the era of globalization» Sharjah, United Arab Emirates-2016

· «Қазақ ұланы» республикалық газеті., «Тіл туралы тәулсіздік мінберінен» атты мақала., 2018

БАҚ жарияланымдары

· «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Павлодар облысындағы филиалы «Ертіс» телеарнасы

· «Ирбис» телеарнасы

· Халықаралық «KazINFORM» ақпарат агенттігі, 2019 жылғы 18 ақпан, «Әлемге ортақ 100 сөз жинақтаған павлодарлық оқушы Мәскеуге шақырту алды» атты мақала.

· Республикалық «AINЕWS» порталы, 6.06.2020 ж, «Павлодарский школьник: мир говорит на одном языке» атты мақала

· Республикалық «Білімді ел» газеті 31.01.2020 ж., «Конкурс знатков художстенного слова» атты мақала

· Республикалық «AINЕWS» порталы, 12.12.2019 ж., «Павлодарлық оқушы жазған эссе республикалық байқауда үздік деп танылды» атты мақала

· RUH.KZ жаңалықтар сайты 8.06.2020 ж., «Мир говорит на одном языке» атты мақала

 

СЫДЫҚОВА ДАНА НҰРМҰХАМБЕТҚЫЗЫ

 

    Сайрам аудандық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Сыдықова Дана Нұрмұхамбетқызы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан), Отырар ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары. №93 Абылай хан атындағы орта мектепті «Үздік» аттестатпен аяқтап, қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне (бұрынғы А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті Шымкент институты) мемлекеттік грант негізінде оқуға қабылданған.                     

 2003-2007 жылдары аталмыш университеттің филология факультетін Үздік» дипломмен аяқтап, «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» біліктілігін иеленген.

2007-2020 жылдары аралығында Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, 2020 жылдың 26 қазанынан бастап, қазірге дейін Сайрам  аудандық ОКЖ-ның директоры қызметін атқарып келеді.

  ҚР Мәдени   саясатының дамуына үлес қосу мақсатында:

- Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша (қазіргі Түркістан) 2010-2013 жылдар аралығында  «Тіл үйренейік» телебағдарламасын ұйымдастырып, «Elnur TV» телеарнасы арқылы 40 көрсетілімін әзірлеген (арна Сайрам ауданы, Бәйдібек, Ордабасы, Шымкент қаласының кейбір аймақтарын қамтыды);

     -  Сайрам ауданында Тіл оқыту орталығының ашылуына ұйытқы болды;

     - «Тіл үйренейік» телебағдарламасының идея авторы («Elnur TV» телеарнасымен расталған), осы бағдарлама гимні «Тіл үйренейік» әнінің авторы.

 2. Елбасының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында, ұлттық код, ұлттық мәдениет ұғымын ұстана отырып, ұлттық болмыстың өзегін сақтау үшін ономастика саласында  1 мектепке жаңадан атау беру (№97 Сұраншы батыр ат.ЖОМ), 2 мектепті қайта атау (№23 Тұран ЖОМ, №64 С.Базарбаев ат.ЖОМ), 5 елді мекенге жаңадан атау беру және қайта атау,  300-ге жуық көше атауын жаңадан атау және қайта атау беру бойынша  жұмыстарды атқарды;

 3. «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына жолдауында  көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға  үлес қосу мақсатында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында:

   1) Мемлекеттік тілді дамыту үшін 1000-ға жуық жарнама жазулары «Тіл туралы» Заңның талаптарына сәйкестендірді (жұмыс нәтижелері  жыл сайын Мәдениет басқармасына тапсырылды, бейнетүсірілімдері, есебі сақталған);

   2) Зияткерлік әлеуетті дамыту үшін «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру үшін аудан меценаттарымен іскерлік қарым-қатынас орнатып, 2 (екі) кітапхана ашты (Қарасу, Низамабат ауылдық кітапханалары), қолайсыз ғимараттарда орналасқан 3 кітапхананы жаңа ғимараттарға көшірді (Қожақорған, Аққала, Қарабұлақ ауылдық кітапханалары);

  3) ҚР Мәдениет саласындағы қызметкерлердің имиджін көтеру мақсатында кітапханашыларға қолайлы мүмкіндіктер жасап, қоғамға кеңінен насихаттап келеді.

4. 2020 жылы Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен бастау алған «Балалардың кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Ертегілер еліне ертеміз» жобасын ұйымдастырып, балалар үнімен дыбысталған  аудио, видео жинақ шығарды.

5. Фейсбук әлеуметтік желісінде 2020 жылы «Сайрам ауданы Абай -175» челленджінің концепциясын жүзеге асырып, жыл көлемінде 500-ге жуық  адамның Абай өлеңдерін, қарасөздерін жатқа оқып, бейнетүсірілімін түсіруді ұйымдастырды. Челлендж өз аясында  мемлекеттік қызметкерлер (оның ішінде мекеме, дербес бөлім, ауыл әкімдері, қызметкерлері), этнос өкілдері, білім саласы қызметкерлері, бақ өкілдері, оқушылар, балабақша бүлдіршіндері, зейнеткерлер т.б. контингентті қамтыды.

6. 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы  қарсаңында «Тәуелсіздік - тұғырым» өлеңдер жинағын  жинақтап шығарды.

7. БАҚ-пен үздіксіз байланыста жұмыс атқарады: Қазақстан Шымкент,Түркістан, Отырар, Elnur TV арналарына, Жанубий Қазақстан, Мәртөбе, Пульс Сайрама, Сайрам садоси газеттеріне  тұрақты  сұхбаттар беріп, салаға қатысты мәліметтерді ұсынып отырады.

   Марапаттары: ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №10794 Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, «Сайрам ауданының 90 жылдығы» мерекелік медалімен, «Мінсіз қызметі үшін» Құрмет қоғамдық ұйымының медалімен, ҚР Білім және Ғылым Министрі  А.Сәрінжіповтің Алғыс хатымен (12.08.2015ж.), ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың (2020 ж.) грамотасымен, облыс әкімдері  Б.Атамқұлов, Ж.Түймебаевтың алғыс хаттарымен, Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Б.Көмекбаева, аудан әкімдерінің, бөлім басшыларының, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ басшыларының алғыс хаттарымен марапатталған.

 

СҮЛЕЙМЕНОВ СҰЛТАН ӘБІЛҚАЙҰЛЫ

 

 Сүлейменов Сұлтан ӘбілқайұлыСарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер, «Үздік педагог-2021» атағының иегері.

2003 жылы Сарыағаш ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепті үздік аттестатпен бітірген С.Сүлейменов осы жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика университетіне (бұрынғы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ  ШИ) Филология факультетіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығына мемлекеттік грант негізінде күндізгі оқу бөліміне оқуға қабылданады.

Аталған оқу орнын 2007 жылы қызыл дипломмен бітіріп, Сарыағаш ауданындағы «Дарын» мектеп-интернатына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметіне орналасты. Қазіргі таңда аталған мектеп-интернатта педагог-шебер қызметін жалғастыруда.

Сүлейменов Сұлтан ӘбілқайұлыРеспубликалық «Үздік педагог-2021», «Үздік авторлық бағдарлама», облыстық мұғалімдер арасындағы пән олимпиадасы сайыстарының жеңімпазы. 2019 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігі А.Аймағамбетовтің, 2014-2022 жылдары Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының, 2009-2022 жылдары Түркістан облыстық білім басқармасы басшысының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Облыстық, республикалық ғылыми-практикалық семинарларда баяндама оқып, облыстық, республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдарда мақалалары жарияланған. Аудандық, облыстық түрлі семинарларда іс-тәжірибесі таратылған.

Оқушылары түрлі облыстық, республикалық сайыстарда жеңімпаз атанған:

 Оқушылар арасындағы республикалық ғылыми жобалар сайысында оқушылары І.Сапар Алғыс хат (2015-2016 оқу жылы), Н.Бекембай, А.Жақсылық ІІІ орын (2017-2018 оқу жылы), М.Орынбай І орын (2017-2018 оқу жылы), Б.Анарбек І орын (2018-2019 оқу жылы) алған.

Республикалық Абай олимпиадасында оқушылары А.Абдуохапова ІІ орын (2019-2020 оқу жылы), А.Ендібай Алғыс хат (2020-2021 оқу жылы) алған.

Оқушысы А.Жақсылық облыстық «Махамбет оқуларында» І орын (2015-2016 оқу жылы), «І.Жансүгіров оқуларында» ІІ орын (2016-2017 оқу жылы), «Жарқын болашақ» олимпиадасында ІІ орын (2016-2017 оқу жылы) алған.

Оқушысы Н.Уразалиева облыстық «Мұқағали оқуларында» І орын (2016-2017 оқу жылы), «Мағжан оқуларында» І орын (2016-2017 оқу жылы) алған.

Оқушысы З.Орынбай облыстық «Яссауи оқуларында» ІІІ орын (2016-2017 оқу жылы) алған.

Облыстық оқушылар арасындағы ғылыми жобалар сайысында оқушылары Н.Уразалиева ІІ орын, А.Жақсылық пен Н.Бекембай ІІІ орын (2017-2018 оқу жылы), М.Орынбай ІІ орын (2018-2019 оқу жылы), А.Егенберді мен Л.Анарбай І орын, Б.Анарбек ІІ орын, Н.Алипбек пен М.Орынқожа ІІІ орын (2019-2020 оқу жылы), А.Орынбай І орын, Қ.Қаппар ІІІ орын, Н.Әліпбек ІІ орын, М.Орынқожа ІІІ орын (2020-2021 оқу жылы), А.Орынбай мен А,Рахман ІІ орын, Ә.Ален ІІ орын, Қ.Қаппар ІІІ орын (2021-2022 оқу жылы) алған.

Оқушылар арасындағы облыстық пән олимпиадасында оқушысы Ә.Әліпбек І орын (2021-2022 оқу жылы) алған.

Жетекшілігіндегі «Сыр-Сахна» үйірмесі Облыстық өнер фестивалінің 2015-2020 жылдардағы дипломанты. 

 

 

ТАДЖИБАЕВ ХАМИДУЛЛА ХАБИБУЛЛАҰЛЫ

Описание: Возможно, это изображение 1 человек

 Түркістан облысы Сайрам Ауданы Манкент ауылында 1986 жылдың тамыздың 19 жұлдызында дүниеге келген Таджибаев Хамидулла Хабибуллаұлы Ш.Рашидов мектебінде орта білім алып, 2004-2008 жылдары қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогика университеті (бұрынғы ХҚТУ ШИ) Филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ тілі мен әдебиетінің дамуына, ұлт татулығының нығаюына өлшеусіз үлес қосып  жүрген Х.Таджибаев – PhD,  философия ғылымдарының докторы

2008-2010 жылдары Академиялық-инновациялық университеттің сол мамандық бойынша магистр дәрежесін алды.

2010-2016 жылдарыОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қазығұрт» ҒЗО-да аға ғылыми қызметкер;

2016-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» МКҚК-ның бөлім меңгерушісі;

2017-2018 жылдары – М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Түркология ҒЗО-ның кіші ғылыми қызметкері сынды қызметтерде жұмыс жасады.

2018-2021 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының докторанты.

«Қазақ және өзбек әдебиеттерінде діни-ағартушылық идеялардың көркем бейнеленуі (ХІХ ғасыр - ХХ ғасыр басы)» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Қазіргі таңда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы.

Ғылым жолында 40 тан астам ғылыми мақалалар мен зерттеу еңбектерін жариялаған.

Халықаралық SCOPUS базасында индекстелген журналдарда жарияланған мақалалар - 2

Шетелдік конференция, симпозиум немесе ғылыми жинақтарда жарияланған мақалалар саны – 3;

Отандық ККСОН журналдарында жарияланған мақалалар саны – 3;

Халықаралық немесе отандық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағында жарияланған мақалалар саны – 3;

Ғылыми-танымдық мақалалар саны – 1.

Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық ағым өкілдерінің 30 томға жуық шығармаларын қазіргі қазақ тілінде жариялады.

 

ТІЛЕНШИНА БАЯН КЕРІМҚЫЗЫ

Описание: Возможно, это изображение 1 человек

 Түркі әлемі жазушылар одағын құрушы, әрі төрайымы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, "ОҚО еңбек сіңіргені үшін", "Білім беру ісінің үздігі" мадальдарының, А.Фадеев атындағы және Халықаралық "Лучшие люди" төсбелгісінің иегері, Сайрам Ауданы Құрметті азаматы Тіленшина Баян Керімқызы  Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ Ауылдық Округі, Көмешбұлақ ауылында дүниеге келген.

 Шымкент  педагогикалық  институтының  физика-математика факультетін үздік бітірген.

 1976-1979  жылдары  "Физиканы оқытудағы аналогия", "Электромагниттік толқындар шкаласытақырыбын оқыту әдістері жүлдегер атаныпҚР  мектептеріне  үлгі  ретінде  таратылды.

   1984 жылы тұңғыш рет "Қарлығаш" жыр жинағы  жарық көрді. Кейін "Қанат қақты",  "Ғашықнама", "Шабыт шашуы",  "Жыр додасы"  "Жұлдыз жүрек" атты жыр жинақтарымен және "Қиямет қайым", "Ғибрат", "Сұрқия", "Арман дүние" романдарымен,  "Әріп-әліп" секілді балаларға арналған кітаппен  ұласты.

     Ол 1986 жылы  ОҚО атқару комитетіндегі бақылау тобында қызмет атқарады және сол жылдары  тұңғыш  компьютерлік  бақылау  жүйесінің  жобасын жасады. 1986-1989 жылдарда  СВЦМС   тресі  жанынан   "Рауан" атты  қазақ  балабақшасын  ашыпнәтижелі еңбек еткені   үшін  тресс   жеңіл  автомобиль  құнымен тең  сый  сыйлады.   

1995-1999 жылдар аралығында ҚР Жазушылар одағының ОҚО  бөлімшесінде  әдеби  кеңесші, 1999 - 2009 жылдары  Сайрам  ауданындағы   № 29  әкесінің есімі берілген  Керім  Тіленшин  атындағы  қазақ- орыс  орта  мектебінде  директорлық  қызметін  атқарды.

2006  жылы әкесі Керім Тіленшиннің 100 жылдық мерейтойына орай,  кикбоксингтен халықаралық турнир, облыстық ақындық сайыс, суретшілер мен үздік шығарма, мүшайра және өнер конкурсын, "Үздік мұғалім"   байқауын өткізеді. Керім Тіленшин туралы деректі фильм түсіреді, "100 жылдық" аллеясында шыршалар отырғызып, ғылыми-практикалық конференция өткізеді.    

 Сайрам ауданының 75 жылдығына сол кездегі аудан әкімі Қуаныш Айтахановтың  тапсырмасымен  "Сайрам - елім" атты  ауданның  гимнін шығарды. Бұл гимн және "Оңтүстік маршы"  облыстық  фестивальде  хор  жанрынан   бас  жүлдені  иеленді. Сонымен қатар, Түркістан Облыстық Мәдениет Басқармасы тарапынан  өткізілген  "Мәдениетім -мерейім"  атты облыстық фестивальдарда да «Сайрам - елім» әні ауданымыздың гимні ретінде шырқалды. Халық арасында үлкен қолдауға ие болған "Тұран туы - Түркістан ",  "Оңтүстік  маршы", "Хош бол, балабақша", "Тұрар аға",  "Жеңісті Қазақстан",  "Балақандар биі" т.б.әндердің әні мен сөзін   Баян Тленшина ның өзі   жазған!

Баянның  Керімқызының өмірі  мен шығармашылық жолы  2004  жылы ОҚО әкімдігі  құрастырған   "Аяулы, ардақты..." аналар жинағына, "Қалдырған ізің мәңгілік", "Қызыр қыдырған түн", "Ұлағат", "Мектеп директоры" жинақтары мен  "Ордабасы"  энциклопедиясына, "Лучшие люди" энциклопедиясына және 2021 жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Сайрам Мәдениет бөлімінің "Тәуелсіздік- тұғырым" атты жинағына  енген.

   Сонымен қатар, 2021 жылы шілде айында Баян Керімқызы Түркі әлемі Жазушылар одағын құрып, төрайы болды және "Тұран үні", "Тұран әуендері" атты екі томдық жинақтың шығуына ұйытқы болды.

  Жан-жақты  Баян Керімқызы "Қайнарбұлақ" ауылдық  әжелер тобына да   жетекшілік етеді.

 

 

ШЫҢҒЫС ДАРХАН  ЕСЕНҒАРАҰЛЫ

Описание: Нет описания фото.

 «Тұран» мектебінің директоры Шыңғыс Дархан  Есенғараұлы 1994 жылы  10 мамырда Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылында дүниеге келген.

2012 жылы Мақтарал ауданы Жетісай қаласы Абай атындағы №4 жалпы орта мектебін тәмамдап, осы жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Филология фаакультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына мемлекеттік грант негізінде оқуға қабылданған. Үздік студенттер қатарынан көрініп, студенттік ректорат құрамында факультет деканы, студенттік проректор болды.

2016 жылы аталған жоғары оқу орнын аяқтап, 2017 жылға дейін Алматы қаласында «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебінде менеджер болып жұмыс істеген.

 2017 жылдан бастап Шымкент қаласы химия-биология бағытындығы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мамандығына сай ұстаздық еңбек жолын бастады.

2020 жылдың қараша айынан бастап Шымкент қаласындағы «Тұран» ЖШС мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.

Үйленген, жұбайы – Тенгебаева Әсел Сыпабекқызы Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде педагог-ұйымдастырушы куратор қызметінде.

 Ұл-қыз тәрбиелеп отырған ұлағатты әке.

 

 

 

СЫДЫҚОВА ДАНА НҰРМҰХАМБЕТҚЫЗЫ

Сайрам аудандық  орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры

 

Сайрам аудандық ОКЖ-ның директоры Дана Нұрмұхамбетқызы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан), Отырар ауданында дүниеге келген. Білімі: жоғары. №93 Абылай хан атындағы орта мектепті «Үздік» аттестатпен аяқтап, ЖОО-ның мемлекеттік грант иегері атанған: 2003-2007 ж.ж. аралығында А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университеті филология факультетінің «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын «Үздік» дипломмен аяқтаған. 2007-2020 ж.ж. аралығында Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, 2020 жылдың 26 қазанынан бастап, қазірге дейін Сайрам  аудандық ОКЖ-ның директоры қызметін атқарып келеді.

  1. ҚР Мәдени   саясатының дамуына үлес қосу мақсатында:

     1) Оңтүстүстік Қазақстан облысы бойынша (қазіргі Түркістан) 2010-2013 жылдар аралығында  «Тіл үйренейік» телебағдарламасын ұйымдастырып, «Elnur TV» телеарнасы арқылы 40 көрсетілімін әзірлеген (арна Сайрам ауданы, Бәйдібек, Ордабасы, Шымкент қаласының кейбір аймақтарын қамтыды);

     2) Сайрам ауданында Тіл оқыту орталығының ашылуына ұйытқы болды;

     3) «Тіл үйренейік» телебағдарламасының идея авторы («Elnur TV» телеарнасымен расталған), осы бағдарлама гимні «Тіл үйренейік» әнінің авторы.

 2. Елбасының  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында, ұлттық код, ұлттық мәдениет ұғымын ұстана отырып, ұлттық болмыстың өзегін сақтау үшін ономастика саласында  1 мектепке жаңадан атау беру (№97 Сұраншы батыр ат.ЖОМ), 2 мектепті қайта атау (№23 Тұран ЖОМ, №64 С.Базарбаев ат.ЖОМ), 5 елді мекенге жаңадан атау беру және қайта атау,  300-ге жуық көше атауын жаңадан атау және қайта атау беру бойынша  жұмыстарды атқарды;

 3. «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына жолдауында  көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға  үлес қосу мақсатында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында:

   1) Мемлекеттік тілді дамыту үшін 1000-ға жуық жарнама жазулары «Тіл туралы» Заңның талаптарына сәйкестендірді (жұмыс нәтижелері  жыл сайын Мәдениет басқармасына тапсырылды, бейнетүсірілімдері, есебі сақталған);

   2) Зияткерлік әлеуетті дамыту үшін «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру үшін аудан меценаттарымен іскерлік қарым-қатынас орнатып, 2 (екі) кітапхана ашты (Қарасу, Низамабат ауылдық кітапханалары), қолайсыз ғимараттарда орналасқан 3 кітапхананы жаңа ғимараттарға көшірді (Қожақорған, Аққала, Қарабұлақ ауылдық кітапханалары);

  3) ҚР Мәдениет саласындағы қызметкерлердің имиджін көтеру мақсатында кітапханашыларға қолайлы мүмкіндіктер жасап, қоғамға кеңінен насихаттап келеді.

4. 2020 жылы Ұлттық академиялық кітапхананың бастамасымен бастау алған «Балалардың кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Ертегілер еліне ертеміз» жобасын ұйымдастырып, балалар үнімен дыбысталған  аудио, видео жинақ шығарды.

5. ФБ әлеуметтік желісінде 2020 жылы «Сайрам ауданы Абай -175» челленджінің концепциясын жүзеге асырып, жыл көлемінде 500-ге жуық  адамның Абай өлеңдерін, қарасөздерін жатқа оқып, бейнетүсірілімін түсіруді ұйымдастырды. Челлендж өз аясында  мемлекеттік қызметкерлер (оның ішінде мекемеле, дербес бөлім, ауыл әкімдері, қызметкерлері), этнос өкілдері, білім саласы қызметкерлері, бақ өкілдері, оқушылар, балабақша бүлдіршіндері, зейнеткерлер т.б. контингентті қамтыды.

6. 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы  қарсаңында «Тәуелсіздік - тұғырым» өлеңдер жинағын  жинақтап шығарды.

7. БАҚ-пен үздіксіз байланыста жұмыс атқарады: Қазақстан Шымкент,Түркістан, Отырар, Elnur TV арналарына, Жанубий Қазақстан, Мәртөбе, Пульс Сайрама, Сайрам садоси газеттеріне  тұрақты  сұхбаттар беріп, салаға қатысты мәліметтерді ұсынып отырады.

   Марапаттары: ҚР Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен (10794)  «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, «Сайрам ауданының 90 жылдығы» мерекелік медалімен, «Мінсіз қызметі үшін» Құрмет қоғамдық ұйымының медалімен, ҚР Білім және Ғылым Министрі  А.Сәрінжіповтің Алғыс хатымен (12.08.2015ж.), ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың (2020 ж.) грамотасымен, облыс әкімдері  Б.Атамқұлов, Ж.Түймебаевтың алғыс хаттарымен, Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Б.Көмекбаева, аудан әкімдерінің, бөлім басшыларының, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ басшыларының алғыс хаттарымен марапатталған.

 

 

 

ҚАСЫМ ХАБИБУЛЛАҰЛЫ

 

 Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылында 1993 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген Қасым Хабибуллаұлы 1999 жылы С.Әшіров атындағы жалпы орта мектепке қабылданып, оны 2010 жылы үздік аттестатпен бітірген.

Сол жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Филология факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға түсіп, 2014 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бакалвры» біліктілігін иеленген.

Еңбек жолын М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ-дың «Парасат» колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған Қ.Хабибуллаұлы 2016 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Графика» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсіп, 2018 жылы «Өнертану ғылымдарының магистрі» атанды.

2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің «Ақпараттық-комуникациялық орталығында» маман болып жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары «Еуразия» бірінші арнасының Түркістан облысындағы тілшісі, 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Түркістан» телеарнасының АСБД шеф-редакторы қызметін атқаруда.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мәслихатының Грамоталарымен марапатталған.

 

 

 

 

 

 

 

АҚСАҚАЛОВ ДӘУРЕН УӘЛИХАНҰЛЫ

 

 

Айтыскер ақын Дәурен Ақсақалов  10.10.1993 жылы Отырар ауданында дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын 2015 жылы үздік бітірген.

Осы жылы ОҚМПИ Музыкалық білім кафедрасының лаборанты, 2016-2017 жылдары – ОҚМПИ Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі, 2018 жылы  Түркістан облысы, Отырар ауданы «Отырар өнер және саз» мектебінің ақындар сыныбының оқытушысы, 2019-2020 жылы наурыз – Түркістан облысы, Отырар ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директорыһ, 2020-2021 шілде – Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары,

2021 шілде айынан бастап Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшы кеңесшісі қызметін атқаруда.

Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының мүшесі, «Аманат» партиясының мүшесі.

 Облыстық, республикалық айтыстардың жүлдегері.

Астана қаласы «Мың жылдықтар тоғысындағы Астана» республикалық ақындар айтысының ІІ орын,

Орал қаласында өткен «Азаттықтың ақ таңы» республикалық ақындар айтысының І орын,

Шымкент қаласы «Көк тудың желбірегені» республикалық ақындар айтысының  Бас жүлде иегері.

Қызылорда қаласы «Мәңгілік ел - мұратым» республикалық жас ақындар айтысының  І орын жүлдегері.

Түркістан облысының құрылғанына үш жыл және ҚР халық ақыны Ә.Қалыбекованың 70 жас мерейтойына арналған «Гүлденген, түрленген - Түркістан» атты республикалық айтыстың бас жүлдесі мен темір тұлпар иегері;

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтөбе қаласында өткен «Тұғырлы Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысының ІІІ орын иегері;

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұрсұлтан қаласында өткен «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім» республикалық «Алтын домбыра» айтысына қатысушы .

 

АЛИМБАЕВА ҚАЛДЫКҮЛ ТӨЛЕУҚЫЗЫ

 

 Алимбаева Қалдыкүл Төлеуқызы қазіргі Түркістан облысы Шардара ауданы «Достық» орта мектебін тәмамдаған соң,  Шымкенттегі ұстаздар  ұстаханасы аталған Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде (бұрынғы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ) қазақ тілі мен әдебиеті және шет тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша  білім алады.

Қалдыкүл   мектеп қабырғасында  жүріп-ақ аудандық өнер және білім сайыстарында ерекше көзге түсіп,  талай додаларда топ  жарған  ақын қыз.

2006 жылы облыстық «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты мүшайраның жүлдегері, ІХ Халықаралық «Шабыт» фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша диплом иегері.

2008 жылдың «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты жыр мүшайрасының Қасым Аманжолов атындағы арнайы жүлдесінің иегері.

2009 жылы ОҚО Білім Басқармасының Мақтау Грамотасымен марапатталған.  

«Адамдар аман жүрсін деп...» атты өлеңдер жинағының және бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы.

2016 жылы Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталған.

2019 жылғы кәсіптік және техникалық білім мекемелері арасында өткен облыстық «Үздік авторлық жоба» байқауының жеңімпазы.

2020 жылы Кәсіпқор Холдингі ұйымдастырған кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің «Үздік инновациялық жобалар» Республикалық байқауында 2-орын иеленген.

Бүгінде біздің түлек шәкірт тәрбиелеп отырған білікті ұстаз.

 

БОЛАТБЕКОВА АЙГҮЛ БАЛТАШҚЫЗЫ

 

Описание: Нет описания фото.1976 жылы 4 желтоқсанда Қызылорда облысы Шиелі кентінде дүниеге келген Айгүл Болатбекова орта мектепті үздік тәмамдап, 1994 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне (бұрынғы ХҚТУ ШБ) филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға түскен. 1998 жылы аталған жоғары оқу орнын аяқтап,  «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» біліктілігін иеленген.

Еңбек жолын 1998 жылдың тамызында Шиелі кентіндегі № 47 М.В.Ломоносов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

  2001 жылы Ы.Алтынсаринның туғанына 200 жыл толуына орай аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері арасында өткен «Жүзден жүйрік» пәндік олимпидасында І орын иеленеді.

2000-2004 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті тереңдетіле оқытылатын арнайы сыныптарда сабақ жүргізіп, оқушылары облыстық, республикалық шығармалар байқауында жеңімпаз атанады. Оқушыларының төл туындылары басылым беттерінде жүйелі жарық көреді.

2002 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері арасында өткізілген кәсіби байқаудың облыстық кезеңінде І орын иеленіп, іс- тәжірибесі республикалық «Отты жырдың өрен жүйрігі» атты жинаққа енеді. «Орхон Енисей ескерткіштері- әдебиет сабағында» әдістемелік оқулығы аудан көлемінде тәжірибе алмасу мақсатында таратылды.

2002 жылдың тамызында № 47 М.В.Ломоносов атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2003 жылы облыстық шығармашыл мұғалімдердің «Шығармашылық алаңында» педагогтік ізденісі мен шеберлігін танытып  рестубликалық ББЖКБАРИ Құрмет грамотасымен марапатталды.

2005, 2007 жылдары аудандық, облыстық «Үздік оқу ісінің меңгерушісі» байқауларының жеңімпазы атанады.

2003 жылы Ақтөбе, 2004 жылы Қостанай қалаларында өткен республикалық семинарларда педагогикалық ізденістерін қорғап, жұмыстары жинақтарға енгізіледі.

2011жылы облыстық аттестаттау комиссия шешімен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі біліктігі берілген.

2015 жылы Қызылорда қаласында өткізілген республикалық конференцияда «Мұстафа Шоқайдың журналистік қыры» тақырыбында баяндама жасап, Мұстафа Шоқай медалінің иегері атанады.

Республикалық ғылыми әдістемелік баспасөзде мақалалалары жарияланып, «Абай шығармаларындағы адамгершілік сабақтары», «Қазтуған шығармашылығын оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру» әдістемелік жинақ кітаптары баспадан жарық көруде.

2017 жылы облыстық мектеп директорларының «Шығармашылық алаңында» жұмыс көрсетіп, І дәрежелі дипломымен, республикалық байқау қорытындысымен «Үздік директор» медалімен марапатталған.

2012 жылдың қыркүйегінен Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Мұстафа Шоқай атындағы орта мектептің директоры.

 

 

 

МҰРАТ ДӘНЕ СЕЙІТЖАНҰЛЫ

 

Описание: Возможно, это изображение 1 человекМұрат Дәне - Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты «Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының» директоры

Мұрат Сейтжанұлы 1987 жылы Түркістан облысы, Созақ ауданы, Көктөбе елді мекенінде дүниеге келді. 2005 жылы «Суындық» жалпы орта мектебін бітіріп, 2005 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Филология Факультеті  қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына  мемлекеттік білім гранты негізінде оқуға қабылданды.  2009 жылы  бакалаврды үздік дипломға бітіріп, осы жылы магистратураға оқуға түсті.

 2011 жылы қазақ тілі мен әдебиеті магистрі ғылыми дәрежесін иеленді.

  Еңбек жолын 2009 жылы Шымкент қаласындағы №1 қазақ-түрік ер балалар лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастап, аталған лицейде дарынды балаларға сапалы білім беру мен тәрбие ісі саласында еңбекқорлығымен, қажырлығымен, жаңашылдығымен әрі шығармашылық ізденістерімен ерекшелене білген үшін  2013 жылдың қыркүйек айынан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметін атқарды.

 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап 2019 жылдың тамыз айына дейін Кентау қаласының №3 «Білім-инновация» ер балалар лицей-интернатында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметін атқарды.

2019 жылдың 28 тамызынан бері Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатытернатының» директоры қызметін атқарып келеді.

 Өз жұмысына қызығушылықпен әрі жауапкершілікпен қарайтын, тынбай еңбек ететін мұғалімнің шәкірттері жеңіс тұғырынан әрқашанда танылып келеді. Оның жетекшілік еткен оқушылары пән олимпиадаларында жоғары көрсеткіштер көрсетуде.

Облыстық деңгейдегі пән олимпиадалары мен ғылыми жоба конкурсынан 27 оқушысы, республикалық деңгейдегі жарыстарда 14 оқушысы жүлделі орын салған.

Оқу-тәрбие жүйесінде жеке тұлғаның қабілетін дамытуға зор ықпал ете білген, мұғалім мен оқушының өз қабілетін толық таныта білуіне қолайлы орта туғызу мақсатында Дәне Мұрат Сейтжанұлы әрқашан игі істердің ұйытқысы.

  Дәне Мұрат лицей оқушыларының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға да ерекше көңіл бөледі, балаларды жан-жақты дамытуды ұйымдастыру мақсатында түрлі шараларды өткізіп, тынбай еңбектеніп келеді. Мұндай шаралардан лицей ата-аналарын да тыс қалдырған емес.

          Дәне Мұрат Сейтжанұлы нәтижелі еңбегінің арқасында облыстық, республикалық деңгейде бірнеше Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталармен, дипломдармен марапатталған.  ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» табыс етілген. Ол «USTAZ» білім беру орталығының тренері. Біліктілік санаты – жоғары.

 

 

ИБРАЕВА РАДАГУЛЬ МАХМУДХАНОВНА

Ибраева Радагуль Махмудхановна Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кеншарында 1970 жылы 26 қарашада дүниеге келген. Радагуль Махмудхановна  педагогтар отбасында тәрбиеленген. Әкесі Махмудхан  сауатты кісі болған, мектеп  директоры қызметін атқарған. Елданалығы дариясында еркін жүзіп, асыл байлықты бойына сіңіре білген Радагуль Махмудхановна жастайынан күш-қайратын, ой-санасын, ақылын, бүкіл талант дүниесінің  жалынын қазақ әдебиетіне, кітап оқуға арнаған.

1978 жылы Радагуль Махмудхановна алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Мектеп қабырғасында өзінің сауаттылығымен дарындылығымен  ерекше көзге түсіп, мектептегі Дружина Кеңесінің председателі болған. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде, көкірегі ояу, көзі қарақты, кітап оқу өнерін ұстанған жас Радагуль Махмудхановна ауыл кітапханасына үздіксіз барып,  кітапты сүйіп оқыған.

1988 жылы мақсатпен жас түлек Шымкент педагогикалық институтының   филология факультетіне оқуға түседі. Табиғатынан дарынды жаратылған зерек жас студент, аудандық «Өркен» газетінде жастық қиял, арман толқулар, ауыл көріністерін оның жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып,  штаттан тыс тілші қызметін атқарады.

1993 жылы Қазақ Түрік университетін  үздік үлгідегі дипломмен  бітірген.

Сол жылы Облыстық білім басқармасының ұйғарымымен  педагогикалық  еңбек жолын  қара шаңырақ  атанған  К.Сыпатаев атындағы №7 мектеп – лицейіне  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып  қабылданды.  Жоғары оқу орнын үздік үлгідегі дипломмен тамамдап, еңбек өтілінің алғашқы жылынан бастап, қалалық семинарда түрлі жарыстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иемденіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісуге ұмтылған маман ретінде көзге түсті. Өзінің үздік педагог ретінде дәлелдеп қана қоймай, сонымен қатар дарынды оқушылардың да бойындағы қабілет-дарынын дамытуға әсерін тигізген тәлімгер ұстаз ретінді алғыс алып, 1997 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі қызметін атқарды. 

2018 жылы «Педагог-зерттеуші»  Радагуль Махмудхановна өзінің ерен еңбегімен, шығармашылық табыстарымен ерекшеніп, аталмыш мектеп – лицейінде  директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды . Өзінің лауазымдық қызметінде ұстаздардың ғылыми-әдістемелік әлеуетін көтеру бағытында талмай еңбек етті. Мектеп-лицейдің тарихында  әдіскер ұстаздың мұрындық болуымен тұңғыш рет  100 жылдық тарихы бар білім ордасынан әдістемелік ғылыми тұрғыдағы  еңбектерді жинақтап, 4 бөлімнен тұратын  әдістемелік нұсқаулықты жарыққа шығарады.

Мұғалімнің  жетістіктері:

1) Мұғалімдердің қалалық пән олимпиадасы 1-орын, 2002 жыл.

2) Қалалық «Жыл мұғалімі» байқауының 2-орын иегері, 2004 жыл.

3) ҚББ-нің Мақтау қағазы, 2002, 2005 жыл.

4) ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің Алғыс хатымен марапатталды 2008 ж.

5) Қалалық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты, 2008ж.

6) ОҚМУ-нің Мақтау қағазы, 2009ж.

7) ҚББ-нің Мақтау грамотасы, 2010ж.

8) ОҚОББ-сының Мақтау қағазы, 2010ж.

9) ОҚО Балалар құқығын қорғау департаментінің Алғыс хаты, 2011ж.

10) ОҚОББ-сының Мақтау қағазы, 2011ж.

11) ОҚОББ-сының Мақтау қағазы, 2011ж.

12) ОҚМПИ-ның Алғыс хаты, 2011ж.

13) ОҚО  Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы, Алғыс хат, 2011ж.

14) ҚББ-нің дипломы, 2012ж.

15) ОҚМУ-нің Мақтау қағазы, 2013ж.

16) ХГТУ-нің Мақтау қағазы, 2013ж., 2014ж.

17) ОҚО Балалар құқығын қорғау департаментінің Алғыс хаты, 2013ж.

18) ОҚОББ-сының Құрмет грамотасы, 2013ж.

19) «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан», «Жаңа кәсіподақ», «Жаңа Қазақстан», «Алтын ұя» газеттерінде өзінің, шәкірттерінің мақалалары жарияланып тұрады.

20) Менің жетекшілігіммен Алишерова Айнұрдың 10-сынып «Абай өлеңдері латын қарпінде» атты аударма жинақ шықты (2014 жыл).

21) «Әйел құпиясы» атты республикалық газетке мен жайлы «Жаңалыққа жаны құмар жаңашыл ұстаз» атты мақала жарияланды (2015 жыл)

22) «Шығарма – ой еңбегі» тақырыбында бірлескен әдістемелік нұсқаулық жарық көрді (2014 жыл).

23) «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Өрлеу-Шымкент» республикалық әдістемелік-педагогикалық журналға «Ұстаздық еткен жалықпас...» деген тақырыпта мақала жарияланды (2015 жыл).

24) М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Алғыс хаты, 2014 жыл.

25) «XXI ғасырдағы педагогика және психология: теория, әдіснама және тәжірибе» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік Конгресіне қатысып, «Кері байланыстың күші» деген тақырыпта мақалам жинаққа енді және Алғыс хатпен марапатталдым, сертификатына ие болдым, 2016 жыл. ҚР ОҚО әкімдігінің алғыс хатымен марапатталдым 2018 жыл. ШҚББ Әдістемелік орталығының алғыс хатымен 2019 жыл марапатталдым. Almaty рухани жаңғыру Алғыс хатпен марапатталдым 2019 жыл, 2019-2020 оқу жылы «ALTYN TOBYLGY» ғылым мен білімді қолдау орталығының Алғыс хатымен марапатталдым, 2019 жылы «Мұғалім бейнесі-Ұлт мәртебесі» атты жинақ кітабының I бөлімі жарық көрді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  Құрмет грамотасымен 2020 жылы марапатталдым, Шымкент қаласы педагогтарының кәсіби шеберлігін шындау, біліктілігін дамыту, талант педагогтарды анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Пән олимпидасының үздік педагогі-2020» олимпиадасының бас жүлдесімен марапатталдым.

26) «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні магистрі дәрежесін иелендім.