Факультетаралық дебат
2023 жылдың 20 сәуірінде Филология факультетінде өтетін декаданың бағдарламасына сай Шетел тілдері кафедрасының ұйымдастырумен Карл Поппер форматында " жоғары оқу орындарының студенттері қоңырау қисығы (медиана)бойынша бағалануы"атты тақырыпта факультетаралық дебат өтті .
Пікірсайыс форматы саяси стильге жақын, онда спикерлер мәселені талқылап, деректерді әртүрлі көзқарастардан талдап, шешудің мүмкін жолдарын (стратегияларын) ұсынады. Студенттер топтық өзара әрекеттесу техникасын көрсетті. Пікірталастың негізі-еркін сөйлеу, ұсынылған тезис бойынша пікір алмасу. Қатысушылар өз идеяларын қолдау үшін дәлелді дәлелдер келтірді, фактілерді растады, түсіндірді, қорытындылады.
Пікірталас студенттерді көпшілік алдында ауызша сөйлеу мәдениетіне, басқаларды тыңдау және есту қабілетіне, өз мүмкіндіктерін бағалауға және де қатысушыларға өз көзқарастарының лайықты дәлелі бола алатын дәлелдерді іздеуге үйретті. Сондай-ақ, қатысушылар пікірталастарды дайындау және өткізу барысын, ішкі тәртіп пен өзін-өзі бақылауды дамытып, нақты регламентті ұстануды үйренді. 1703-12-3 топтың білім алушылары Әлқуатова Дильназ,Жамбыл Аида және 1503-21аМәдіхан Дінасыл Пікірсайыс жеңімпаздары және үздік спикерлер атанды.