Студенттік деканат

Құрметті студенттер Жаратылыстану факультетінің студенттік декан сайлауын ашық деп жариялаймыз!

Үміткерлер :

1.Молдабекова Береке Байбекқызы,

2.Сайлау Элянора Наурызбайқызы,

3.Бектұрсынова Балнұр Бауыржанқызы.

1 :2 курс студенті Молдабекова Береке .

Береке студенттердің арасында өз ісіне тиянақтылығымен , жауапкершілігімен дара. Мінезі ашық,өз жұмысына ынталы. Тағылған сынды дұрыс түсінеді,кемшіліктері кездессе тез жөндетуге тырысады. Үнемі күліп,позитивті жүруді ұнатады.

2: 2 курс студенті,Сайлау Элянора.

Элянора жарқын жүзді,жан-жақты қыз! Ойларын нық жеткізе біледі. Кез-келген ортамен өте тез тіл табысып кетеді, ақылына көркі сай бойжеткен!

3: 2 курс студенті,Бектұрсынова Балнұр.

Балнұр мінезі ашық,ойы ұшқыр. Оның ұшқырлығы сөзбен емес,іспен орындау. Ұйымдастырушылық қабілеті ең жоғарғы деңгейде , үлгі болатындай сұлу бойжеткеннің бірі!

Дауыс беру реттік сан бойынша жүреді.

Сіздердің ойларыңыз біз үшін өте маңызды. Жай көріп кетпеулеріңізді сұранамыз. Барлық үміткер сіздердің сенімдеріңізді ақтайды. Студенттік деканды бірге таңдайық!

3.10.2021 сағат 15:00 студенттік деканды жариялаймыз!

Үміткерлерге сәттілік!

 

Сәлем достар!!!

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің "ЖасОтан"ЖҚ-ның ұйымдастыруымен  “САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ” атты эстафеталық жарыста, өзіміздің факультетіміздің намысын қорғап шыққан <<Бірлік>> командасы жарыстан 2-орын иеленіп қайтты, сіздерді бүгінгі жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.