Декан
Жаратылыстану факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Алимкулова Акмарал Садуакасовна
Жаратылыстану факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін құқық магистрі, аға оқытушы Алимкулова Акмарал Садуакасовна атқарады. 2000-2004 жылдар аралығында Халықаралық Қазақ-Араб университетін "Құқық және экономика" факультетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша үздік оқып бітірген. 2006-2008 жылдары Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде " құқықтану" мамандығы бойынша үздік оқып, "құқық магистрі" дәрежесін алған. 2004-2006 жылдары Халықаралық Қазақ-Араб университетінің құқықтану кафедрасында оқытушы, 2006-2018 жылдар аралығында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде құқықтану кафедрасында аға оқытушы. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Жаратылыстану факультеті, География кафедрасында аға оқытушы. 2021жылдың 01 қыркүйегінен бастап Жаратылыстану факультетінің декан орынбасары қызметін атқаруда. Жанұялы, 5 ұл-қыз тәрбиелеуде.