Факультет тарихы

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ОҚМПУ заман талабына сай Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауындағы ел алдындағы болашақ стратегиялық жоспарларды іске асыру мақсатында түрлі деңгейдегі іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Соңғы жылдары ауқымды, болашақ үшін аса маңызды жұмыстар атқарылды.

Келешекте университетті халықаралық деңгейде танымал ету мақсатында шетелдік университеттерімен тығыз байланыс орнатып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Оқу ордасы жақын болашақта автономиялы білім беру мекемесіне айналуды өзінің басты мақсаты етіп қойды.

Сол мақсатты жүзеге асырудың алғашқы іс-шараларының бірі ретінде Назарбаев университеті моделі негізінде университеттің дербестігін кеңейту үшін ішкі құрылымдық өзгерістер жасалды.

Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңес шешімімен және институт ректоры Оңалбай Аяшұлы Аяшевтың институт құрылымына өзгерістер енгізу туралы 2016 жылдың 29 тамызындағы №4-32 бұйрығы негізінде «Физика және математика» факультеті мен «Жаратылыстану» факультетінің студенттер контингентіне байланысты,  «Жаратылыстану» факультеті болып қайта құрылды. Факультеттің деканы қызметін 2021 жылдан бастап география ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Саулембаев Алтынбай Тагайбаевич атқаруда.

Қазіргі уақытта  «Жаратылыстану» факультетінде 3 кафедра жұмыс жасайды. Олар: «Химия», «Биология» және «География».

Бүгінде факультеттің профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 56, оның ішінде ғылым докторлары мен профессорлары – 6, ғылым кандидаттары мен доценттер – 30, аға оқытушылар, ғылым магистрлері мен оқытушылар саны – 20. Жаратылыстану факультетінің кадрлық әлеуеті- 64,3 пайыз.

Жаратылыстану факультетінің құрамына төмендегі мамандықтар кіреді:

Бакалавриат

1. 5В011200-«Химия»;

2. 6В01504-«Химия мұғалімін даярлау»;

3. 5В011300-«Биология»;

4. 6В01505-«Биология мұғалімін даярлау» ;

5. 5В011500-«Құқық және экономика негіздері»;

6. 6В01405-«Құқық және экономика негіздері мұғалімін даярлау»;

7. 5В011600-«География»;

8. 6В01506-«География мұғалімін даярлау» ;

9. 5В012500-«Химия-Биология»;

10. 6В01507-«Химия-Биология мұғалімін даярлау»;

11. 5В012900-«География-Тарих»;

12. 6В01511-«География-Тарих мұғалімін даярлау»

13. 5В060700-«Биология»;

14. 6В01501-«Биология».

Магистратура

1. 7М01504-«Химия педагогін даярлау»;

2. 7М01505-«Биология педагогін даярлау»;

3. 7М01506-«География педагогін даярлау».

Докторантура

1. 8D011300-«Биология педагогін даярлау».

2. 8D01504-«Химия педагогін даярлау».