Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Кафедра тарихы
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы кафедрасына қарасты 6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы, 7M01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы білім беру бағдарламалары бойынша білім берудің ұлттық үлгісіне, нәтижеге бағытталған, жаңа формация маманын, еуропалық полимәдениетті, коммуникативті, технократты, педагогикалық іс-әрекет аясындағы міндеттерді қазіргі ғылыми және практикалық деңгейде жоғары кәсіби және шығармашылық қабілеттілікпен шеше алатын жаһандық бәсекеге қабілетті мамандар дайындалады.
Кафедраның миссиясы – Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай мектепке дейінгі білім беру мекемелердің педагог-тәрбиешісін даярлау.
Кафедраның келешектегі көрінісі – білім беру қызметінің барлық бағыттарында алдыңғы қатарлы, білім берудің жаңа форматын меңгерген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті бакалавр, магистрларды дайындайды.
Кафедраның басты мақсаты – ортаның ішкі бәсекелестігі мен бірлескен мәдениетін қалыптастыра отырып, педагогикалық кадрлар мен жоғары білімді мамандарды даярлайтын, білімдік-педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыратын, сыртқы ортаның тұтынушылық сұранысын қанағаттандыратын ғылыми-білім беру кешенін дамыту, инновациялық білім беру ордасын құру.
Кафедраның білім беру үрдерісінің басты мақсаттары:
- бүгінгі қоғам дамуында қалыпты тұжырымға негізделген білім беру әдістері мен ұстанымдарының қалыптастыру, дамуы және жүзеге асыру;
- жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және мәдени, интеллектуалды қажеттіліктерін өтуге жағдай жасау;
- отандық және шетелдік тәжірибені негізге ала отырып, мемлекеттің қажеттілігіне, сұранысына жауап беретін білім беру мен тәрбие жүйесін қалыптастыратын мамандар даярлау;
- ғылыми-тәжірибелік талдамалармен, бағдарламамен қамтамасыз етуді жүзеге асыру
Кафедраның міндеттері:
Кафедраның стратегиялық мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ғылым мен практика жетістіктерін кәсіби тұлғаның қалыптасуы мен өсуіне бағытталған, жоғары кәсіби білім беру бағдарламасын іске асыру
Кафедраның басым міндеттері:
- кәсіби жоғары білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасау;
- азаматтық пен ұлтжандылыққа, Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, ұлттық салт-дәстүрді қастерлеуге, Конституция мен қоғамға, заңға қайшы келетін пікірлермен күресуге баулу;
- республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттілігін қалыптастыру, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне сауатты қарау;
- әлемдік және отандық мәдени құндылықтарды игерту, ел тарихын, қазақтың және республикадағы өзге ұлттардың әдет-ғұрыптарын, тілдерін меңгерту;
- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
- инновациялық білім беруді педагогикалық проблемалық-ақпараттық, пәнаралық технологияларын қолдана отырып дамыту;
- институттың сыртқы отандық және шетелдік тиімді орталарымен өзара байланысының инфрақұрылымын дамыту;
- өзекті мәселелерді шешуге бағытталған пәнаралық және интегративті жолдармен негізгі ғылыми бағыттарды зерттеу;
1. Ағымдағы жағдайды және тиісті басым бағыттардың даму үрдісін талдау (соңғы 3 жылда)
6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы білім беру бағдарламалары бойынша 2011 жылдан бакалаврлар даярланып келеді. Қазіргі таңда 6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы ББ бойынша 164 студент білім алуда.
7М01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы ББ бойынша магистратурада 10 магистрант білім алады. Кафедрада даярланатын білім беру бағдарламалары АРТА (НААР) тәуелсіз агенттігінің «Жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде» 5 орындарды иеленді. Студенттерді даярлау жүйесінің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін беделді халықаралық аккредиттеу агенттігі IQAA 2020 (институционалдық және білім беру бакалавриат бағдарламалары) бакалавриат, 2022 жылы магистратура деңгейінде растады.
2021-2022 оқу жылында штат кестесі бойынша – 33 оқытушы-профессор қызмет атқарды. Оның ішінде:, 17 кандидат доцент, 1 философия (PhD) докторы, 2 аға оқытушы, 13 магистр оқытушылар. Кафедраның ғылыми әлеуеті – 60% құрады.
2022-2023 оқу жылында штат кестесі бойынша – 27 оқытушы-профессор қызмет атқарды. Оның ішінде: 12 кандидат доцент, 2 философия (PhD) докторы, 2 аға оқытушы, 11 магистр оқытушы. Кафедраның ғылыми әлеуеті – 51,8% құрады.
2023-2024 оқу жылында штат кестесі бойынша- 12 оқытушы-профессор қызмет атқарады. Оның ішінде: 6 кандидат доцент, 1 философия (PhD) докторы, 2 аға оқытушы, 3 магистр оқытушы. Кафедраның ғылыми әлеуеті –63%;
Кафедраның басты жетістіктері
- 2022-2023 жылы ҚР ЖОО студенттерінің XV Республикалық пәндік олимпиадасында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы» ББ бойынша қатысқан студенттер «Көрермен көзайымы» номинация иегері атанды
- 2023 жылы 8D01201– «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша бітірген докторант Мамытбаева Ж.А. педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор У.Қ. Кыякбаеваның жетекшілігімен «Болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің зерттеушілік іс-әрекетін жобалап оқыту технологиясы арқылы дамыту» тақырыбына (PhD) докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
- 2022 Балажанова Жупаркул Бекназаровна Облыс маслихатының шешімімен «Білім және ғылым саласының дамуына қосқан үлесі және кадрлар даярлау» ісіндегі жоғары жетістіктері үшін марапатталады.
- 2023 жылы аға оқытушы А.А.Султанбекова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәріс оқуға шақыртылған визитинг-профессорлар
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәріс оқуға шақыртылған визитинг-профессорлар
- Палацк Университетінің профессорлары Tomas Cech, Jaromir Mastalir (11.09-12.09.2023).
Мария Гжегожевский атындағы (Варшава, Польша) Арнайы педагогика академиясының PhD докторы Giazela Ariadna Dominika (02.10-29.10.2023).
-Южел Гелишли PhD, профессор, Гази университеті, Турция ( 21.11-16.12.2022)
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәріс оқуға шақыртылған ғалымдар
- Абай ат. ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.д. З.А. Мовкебаева;
- Павлодар педагогикалық университетінің аға оқытушысы, Phd А.Дүзелбаева.
Конференция, ғылыми семинар
- Петер Сзатмари, Кинг Сигизмунд университетінің профессоры, Phd (Венгрия);
- Сидхард Саксена, Кембридж орталық-азия форумы, Phd (Ұлыбритания);
- И.М. Дерижан Бургас Свободен университеті (Бургас, Болгария) профессоры.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері алыс және жақын шетелдерде біліктілігін арттырып, тағлымдамадан өтуде:
- М. Гжегожевская атындағы Арнайы педагогика академиясы (Варшава, Польша) – Г.К. Ахметова, К.М. Каипова, А. Сүлеймен.
- Түркия мемлекеті Анкара қаласы, Анкара университетінде «Педагогикалық ғылымдар» факультетінің «Түрік тілі және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы - Мамытбаева Ж. А.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы
- п.ғ.к. Р.Ж.Исманова Франциск Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университетінде (наурыз, 2019)
«Университеттің заманауи академиялық саясатында, бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын дайындауда ЖОО қызметінің жаңартылған Үлгілік ережелері жағдайында ББ жетекшілері мен орындаушылардың ғана емес, сонымен бірге оларды қалыптастыру, енгізу және қайта қарау сатысында жұмыс топтарына енгізілген жұмыс берушілердің де рөлі артады. Жұмыс берушілер өкілдері ретінде:
- Шымкент қаласының білім басқармасының әдістемелік орталығы КММ «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты үйлестіру және өзін-өзі тану», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бөлімдері (Ж.Б. Утесинова, С.Б. Утемисова);
- «Step by step» қоғамдық қоры (Б.С. Ногайбекова);
- «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты;
- Шымкент қ. Білім басқармасы №30 «Алпамыс», №39 «Інжу-маржан», №40 «Нұрлан», №65 «Балбұлақ», №68 «Балауса», №69 «Еркебұлан», №80 «Шолпан», №98 «Мерей» бөбекжай балабақшасы, ЖМ «Аруна» мектепке дейінгі шағын орталау, ЖМ «Қос Ана», ЖШС «Алдияр» бөбекжай-балабақшасы; мемлекеттік арнаулы (коррекциялық) №28 «Гаухар» балабақшасы (сөйлеу функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған) КММ; №17 «Достық», №32 «Еркін», №37 «Айгерім» балабақшасы КММ, «Өркен» тіл дамыту орталығы.
Білім беру бағдарламаларының ұзақ мерзімді бағыттарын жақсарту және түзету үшін бағалау нәтижелерін пайдаланудың тиімділігі мен жүйелілігі сапаны қамтамасыз ету процестерінде көрінеді. Осы мақсатта А.М. Жубандыкова (ҚазҚызҰПУ, Алматы), М.Б. Кудайбергенова («Өрлеу» БАҰО АҚ, Шымкент), «Оңалту орталығы» КММ оқу процесіне, аттестаттау комиссияларының жұмысына қатысады.
Оқу процесінің тиімділігін асыру мақсатында кафедрада «Арт-терапия» (406Б), «Мектепке дейінгі педагогика» (401Б), «Озық тәжірибелер» (407Б), «Мектепке дейінгі білім берудегі ұлттық-мәдени құндылықтар» (405Б) мамандандырылған аудиториялары оқу процесіне қажетті заманауи құралдармен жабдықталған.