Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Студенттердің жетістіктері
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы ББ бойынша 1201-31 тобының студенті Байғөбек Нұрай «Елбасы Медалі» жобасының жеті бағыты бойынша: спорт, дағды мен дарын, кітап оқу, ұлттық мұра, туристік саяхаттар және еңбек тәжірибе кезеңдеріне қатысып, «Күміс» медаль иегері атанды. Нурай оқу озаты, студент жастардың қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Топ тәлімгері : Танабаева Г.Т
Халықаралық студенттер ассоциясының (Қазақстан, Астана) «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын, еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған халықаралық «Үздік студент» жобасы аясында: Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы ББ бойынша 1201-12 тобының студенттері: Султонова Нурсая Шерали кизи, Турабекова Жансая Данабекқызы қатысып марапатталды.
Топ тәлімгері: Мустафаева Б.А.
2023 жылдың 1 желтоқсан күні сағат 10.00-де Ө.Жәнібековтің өмір жолымен еңбектерін таныстыруға арналған Өнер және білім факультеті, Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Өнегелі өмір» атты іс-шара өткізлді.
29 желтоқсан 2023 жылы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің 6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасы бойынша 3-курс студенттері мен топ тәлімгерлері Шымкент қаласындағы "Қуғын-сүргін құрбандарына" арналған мұражайға экскурсияға барып, қазақ халқының тарихындағы қаралы оқиғалардың дерек көздерімен танысты. Білім алушылар қазақ зиялыларының қазақ халқының мәдениетіне қосқан үлесімен, еңбегімен танысып, өзара пікір алысты.
2023 жылы 28 сәуір күні өткен Петропавл қаласы, М.Қозыбаев атындағы солтүстік Қазақстан унверситетінде Арнайы педагогика бағыты бойынша Жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХV Республикалық пәндік олимпиадаға Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік педагогикалық университетінің "6B01901-Арнайы педагогика" білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушылары қатысып, 9 команданың ішінен 3- орынды иеленді. Топ жетекшісі қауымдастырылған проессор м.а. Боранбаева Ақтолқын Раисбекқызы. Топ мүшелері: Мүсілім Әсел Өмірбекқызы, Утеш Нұрсила Ғалымжанқызы, Нүрділда Жансая Нұралықызы, Максутова Аружан Ерқанатқызы. Жүлделі орын құтты болсын!
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының 6В01201 - "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" білім беру бағдарламасы бойынша "ЖЕТІСТІК ПЕДАГОГИКАСЫ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕДЕ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ПРАКТИКАСЫ" тақырыбында XV Республикалық пәндік олимпиадасына белсенді қатысқаны үшін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен студенттеріне алғыс хат берілді
2023 жылғы 14 сәуірде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде
«7M01-педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша магистранттардың Республикалық олимпиадасы өтті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 7M01901- Арнайы педагогика, 7M01201 – Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасының магистранттары бақ сынап, "Креативті топ" номинациясын жеңіп алды. Жетекшісі мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасының доцент м.а., философия докторы (PhD) Боранбаева Актолкын Раисбекқызы
Профессор Ш.Т.Таубаеваның 75 жылдығына арналған “Үздіксіз білім білім беру жүйесіндегі педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту: тәжірибе және инновациялар” атты Халықаралық ғылыми - практикалық конференцияға аға оқытушы, ф.ә.к Г.Танабаева мен 4-курс білім алушысы Г.Әбдікерімқызы 17.02.2023 жылы қатысты.
Арнайы педагогика ББ түлегі Әнибекова Шолпан республикалық "Үздік логопед" сайысының 1-орын иегері
" ТМД Үздік студенті"
Нұр-Сұлтан қаласында өткен Халықаралық студенттер ассоциациясының "Бөбек" Жалпы ұлттық қозғалысы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен шығарылатын, еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған халықаралық Үздік стундент жобасы аясында "ТМД Үздік студенті" атты талантты жастар кітап жинағының IV-ші шығарылымына құжаттарын жинақтап, жүлдегер атанған Тарих және педагогика факультетінің, Мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафердасының 5В010500 - Дефектология мамандығының 4-курс студенті Мәлік Жанеркені құттықтаймыз!
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің 6В01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасының 2 курс 1201-21 оқу тобының студенттері «Мектепке дейінгі және арнайы педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Мамытбаева Жанат Абдиманаповнамен бірге «Бал-Айбике» балабақшасы және «Педагог» – мектепке дейінгі тәрбие әдістемелік кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен практикалық тәжірбие алмасу мақсатында өткізілген «Қазақ елі-Ұлы дала» атты облыстық семинарда шеберлік сыныптарына белсенді қатысып, марапаттарға ие болды
Магистранттардың жетістіктері