Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Білім беру бағдарламалары
6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасы
Білім беру саласының коды және сыныптамасы: 6В01 Педагогикалық Ғылымдар
Даярлау бағытының коды және сыныптамасы:
6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог-тәрбиешісін даярлау.
6В01201-Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін келесі білім беру салаларында атқарады:
- білім беру (мектепке дейінгі, жалпы, инклюзивті);
- ғылым (ғылыми-зерттеу институттары);
- әлеуметтік сала (үйде оқыту);
- мәдени-ағарту, мәдени-демалыс орны (қосымша білім беру).
6В01901-Арнайы педагогика мамандарын даярлау (Логопед) білім беру бағдарламасы
Білім беру саласының коды және сыныптамасы: 6В01 Педагогикалық Ғылымдар
Даярлау бағытының коды және сыныптамасы:
6В01901-Арнайы педагогика мамандарын даярлау (Логопед)
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Ұлттық біліктілік жүйесі мен еңбек нарығы талаптарына сай арнайы педагогика мамандарын даярлау.
Арнайы педагогика (Логопед) білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші дамуында кемістіктері бар тұлғаларға білім беру саласында, әлеуметтік қорғау және қайырымдылық жасау, денсаулық сақтау, мәдениет салаларында кәсіби қызмет атқарады.