Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

Профессор-оқытушылардың жетістіктері

 

 

Университетішілік ұйымдастырылған "Үздік әдіскер" байқауында мектепке дейінгі және арнайы педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., философия докторы (PhD) Боранбаева Актолкын Раисбековна ІІІ- орынмен марапатталды.

 

​​​​​​

Профессор Ш.Т.Таубаеваның 75 жылдығына арналған “Үздіксіз білім білім беру жүйесіндегі педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту: тәжірибе және инновациялар” атты Халықаралық ғылыми - практикалық конференцияға аға оқытушы, ф.ә.к Г.Танабаева  17.02.2023 жылы қатысты.

Ж.А. Масалиева, К.Н. Даркулова ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінде (02.02.2022-09.05.2022 аралығында) 1 семестр көлемінде дәріс оқыды. 
М.Х.Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің аға оқытушысы, п.ғ.к. И.Ю.Мордвинцева «Дифференциальная диагностика детей с различными нарушениями развития» пәнінен 1-курс білім алушыларына, аға оқытушысы Л.И. Бекембетова «Логопедиялық технологиялар» пәнінен 3-курс білім алушыларына (02.02.2022-09.05.2022) аралығында дәріс оқыды.