Психология кафедрасы
Практикалық база және еңбекпен қамту
1. Кәсіптік практика түрлері, мақсат-міндеттері
1.1 Оқу практикасы
6В01101- Педагогика және психология білім беру бағдарламасын даярлауға оқу практикасы оқу-танысу практикасы деп аталады және ол 2 аптаға созылады.
Оқу практикасы жалпы білім беретін мекемелер мен кафедраға тиесілі дәрісханаларда ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Мақсаты – кәсіби педагогикалық процесс пен оның субьектілері жөнінде көзқарастарын қалыптастыру.
Міндеті
- кәсіби білім беру бағдарламаларымен танысу;
- болашақ кәсіптің обьектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу;
-таңдаған кәсібіне қызығушылықты тәрбиелеу және теориялық білімдерді саналық игеруіне талаптану.
- ғылыми-педагогикалық әдіс процестерінің жай-күйін, оқушы тұлғасын зерделеп қабілетін қалыптастыру;
- жаңа әдістемелеремен танысу;
- оқытудың жаңа инновациялық түрлерімен танысу;
- сабаққа қажетті көрнекіліктермен жұмыс атқару және оларды сабақ үстінде орынды және тиімді пайдалануды меңгеру;
- білім алушыларды кәсіби шыңдалуға, өзін-өзі жүзеге асыруға ынталандырға білім беру сапасының деңгейін ұлттық және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендіру;
- білім алушылардың кәсіби білімі мен тәжірибелік дағдыларын жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес қалыптастыру;
- тіл үштұғырлығы, функционалдық сауаттылық және салауатты өмір сүру негізінде қоғамды жаңартуда белсенділік танытатын жоғары білімді маман даярлауды қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелері:
- мектептің немесе мекеменің ішкі тәртіп ережесі және білім беру бағдарламаларымен танысады.
- тәрбие жұмысын жоспарлап және ұйымдастырып жұмыс істеудің өзіне тән ерекшеліктерін меңгеріп, әртүрлі әдістемелік жұмыстарын талдайды.
- болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін және ұжымдық бақылаудың психологиялық функцияларын және міндеттерін зерттейді;
- басқару және үйлестіру қағидаларын қолданады;
- оқу іс-әрекетіндегі талдау нәтижелерін көрсетіп есеп беру құжаттамасында нақты дидактикалық материалдарды іріктеп қорытындылайды.
1.2 Психологиялық-педагогикалық практика
2-курста ұйымдастырылатын психологиялық-педагогикалық практика болашақ мұғалімдерді кәсібіне сәйкес педагогикалық және психологиялық тұрғыдан даярлауға, студенттердің практикалық іс-әрекет түрі ретінде маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталады және ол екі аптаға созылады. Студенттер алғашқы аптасында педагогикалық тапсырмаларды орындаса, екінші аптасында психологиялық тапсырмаларды орындап бағаланады.
Мақсаты: білім алушылар психолог қызметінің ғылыми негіздерімен және білім беру жүйесінде қызмет атқаратын психолог жұмыстарының ерекшеліктерімен танысу.
Міндеті:
-мектеп немесе білім беру мекемесінің негізгі жұмыстарымен танысу;
- сынып жетекшісімен, сынып ұжымымен танысып және талдау жасау;
-сынып ұжымына зерттеу жұмысын жүргізіп сипаттама беру;
-сынып сағаттары мен сыныптан тыс шараларға қатысып талдау жасау;
-сынып сағатын ұйымдастыруын бақылау;
-сыныпқа және оқушыға мінездеме берудің жолдарын оқып-үйрену;
2 курста ұйымдастырылатын 2 апталық оқу-тәрбиелік педагогикалық практика мектеп психологінің, сынып жетекшісінің қызметін атқаруға бағытталады. Білім беру бағдарламасының оқу жұмыс жоспарына сәйкес меңгерген пәндеріне орай білім алушыларға сыныптар бөлінеді, яғни бөлінген сыныпта психологиялық зерттеу жұмысын жүргізеді және сынып жетекшілік қызметті қоса алып жүреді.
Күтілетін нәтиже:
- мектепте өткізілетін педагогикалық кеңеске директордың және орынбасарлардың қызметтік нұсқауларымен қатысады;
- мектеп ұжымы, әлеуметтік педагог, пән мұғалімі және мектеп оқушыларымен сұхбаттасады;
- педагогикалық және психологиялық пәндер бойынша сабақтарды жоспарлайды.
- сынып оқушыларының жеке іс құжаттарымен танысып, қызметтік нұсқауы және оның жұмыстарына талдау жасайды;
-жоспар сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады;
- бекітілген сыныпқа психологиялық зерттеу жұмысын жасап сыныптан тыс жұмыстарды қорытындылайды.
1.3 Педагогикалық практика
Педагогикалық практика теориялық оқытумен қатар өткізіледі.
Мұғалім кадрларын кәсіптік тұрғыдан даярлау жүйесінде педагогикалық практика маңызды рөл атқарады. Педагогикалық практика 2, 3, 4 курста жүргізіледі. Педагогикалық практикадан өту үшін жалпы білім беру (мектепке дейінгі, негізгі орта, жалпы орта, арнаулы білім мекемелері) мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жібереді.
2-курста ұйымдастырылатын педагогикалық практика психологиялық-педагогикалық практика, ал 3-курстағы 4 апталық практика оқу-тәрбиелік педагогикалық практика, 4-курстағы педагогикалық практика 8 аптаға созылады .
Педагогикалық практиканың мақсаты - білім беру жүйесінде оқытудың оқу процесін жобалап студенттердің әлеуметтік және кәсіптік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз ететін кәсіби педагогикалық құзіреттіліктерді қалыптастыру, олардың педагогикалық білім беру бағдарламаларының нормалары мен құндылықтарын дамыту;
Педагогикалық практиканың негізгі міндеттері:
- педагогикалық қызметтің бастапқы тәжірибесін игеру;
- сабақ беру мен оқыту әдістемесін меңгеру;
- педагогикалық шеберліктің негіздерін білу;
- оқу-тәрбие және оқытушылық жұмысты өз бетінше жүргізудің машықтары мен дағдыларын үйрету;
- ғылыми-психологиялық және педагогикалық зерттеудің дағдыларын меңгеру;
- тәрбие жұмысының әдістемесін меңгеру;
- оқытудың инновациялық технологияларды білу;
- оқу және тәрбие жұмысы барысында білім алушыларға олардың даму ерекшеліктерін ескере отырып жеке тәсілді жүзеге асыру болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
- мектептің ішкі тәртіп ережесімен бекітілген педагог-психологпен, оқушылармен қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары және пән мұғалімінің, мектеп оқушыларының жеке іс құжаттарымен танысады;
- мектепте өткізілетін педагогикалық кеңеске, алдыңғы қатарлы педагог-мұғалімдердің сабақтарына қатысады;
- жоспар бойынша сыныптан тыс тәрбие сағаттарын оқушылармен пән мұғалімімен бірлесе (сабақтарына қатысу, сабақ беру, сауалнама, әңгімелесу); қазіргі жағдайдағы балалар мен жас өспірімдерге арналған тәрбие сағатындағы қиын балалармен жұмыс барысында мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдаланудың жолдары (үйірмелер, қосымша сабақтар, т.б.); мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы, ата-ана – мұғілім – оқушы қарым-қатынасын зерттейді;
- тәрбие сағаттарын ұйымдастыру және 1 ашық тәрбие сағатын өткізеді;
- сыныпқа және жеке оқушыға психологиялық мінездеме жазып педагогикалық практика есебін қорытындылайды.
3.3 Дипломалды практика
Дипломалды практика дипломдық жұмысты орындайтын білім алушылар үшін ұйымдастырылады, ұзақтығы - 4 апта.
6В01101- Педагогика және психология кадрын даярлау бойынша диплом жұмысының тақырыбы педагогика және психологиялық салалардағы өзекті мәселелерге бағытталады.
Дипломалды практикаға басшылықты дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі жүзеге асырады. Дипломалды практиканың мазмұны дипломдық жұмыстың немесе есептің тақырыбымен айқындалады.
Дипломалды практиканың қорытындылары Педагогика және психология кафедрасының мәжілістерінде дипломдық жұмысты алдын ала қорғауда шығарылады.
Дипломалды практика мақсаты – дипломдық жұмысты (жобаны) жазудың ақталуы.
Дипломалды тәжірибенің негізгі міндеттері:
- дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша практикалық материалдарды жинақтау, өңдеу және жалпылау;
- дипломдық зерттеудің тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтері мен практикалық материалдарды талдау;
- дипломдық жұмыстың (жобаның) немесе есептің тақырыбы бойынша қорытындыны, заңдылықтарды, кепілдемелер мен ұсыныстарды тұжырымдау;
- дипломдық жұмысты немесе есепті білгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу болып табылады.
Педагогикалық практикада студенттің (практикант) міндеті:
- оқу-тәрбие мекемесімен танысуға;
- бойына мұғалімге тән жақсы қасиеттерді қалыптастырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізе алатындай, белгілі бір дәрежеде кәсіби дайындыққа ие болуға;
- мектептің ішкі тәртібіне бағынуға, мектеп әкімшілігі мен топ жетекшісінің талабын орындауға;
- өзіне жүктелген жұмыс түрлерін уақытылы орындауға;
- өзіне тиісті оқу-әдістемелік құжаттарын уақытында дайындап отыруға (күнділік, өзіндік жоспар, сабақ жоспарлары, т.б.);
-мектептегі педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша өткізілетін педагогикалық кеңеске, университеттегі конференцияға қатысуға;
-педагогикалық практикадан кейінгі тапсырылуға тиісті құжаттар мен сынық кітапшасын топ жетекшісіне белгілінген мірзімде тапсыруға;
- ББ сәйкес пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстарын жүргізуге;
- сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуге;
- әдістемелік және өздігінен істейтін жұмыс;
- оқушылармен барлық бағытта оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге (оқушыны және ұжымды психологиялық, педагогикалық зерттеу, жұмысты жоспарлау, сабақтар беру, пән бойынша сыныптан тыс жұмыс, сынып жетекшісі ретіндегі жұмысы, белсенділермен жұмыс);
- жеке оқушылармен және сынып ұжымымен жұмыс жасай білу;
-олардың жеке, жас және өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмыстарының нақты міндеттерін анықтау;
-оқушылар ұжымы мен жеке оқушыға педагогикалық бақылау жүргізіп зерттеу;
-оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, яғни сабақтың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсатын дұрыс қойып, оның орындалуын жүзеге асыру;
-балалар ұжымына қойылған міндеттерді орындауға жұмылдыру (пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, оны орындаудың әдістерін үйрету, өзін-өзі тәрбиелеуге жетекшілік ету);
- мектеп ұжымы мен ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеу;
- оқу-тәрбие жұмысын бақылау, оған талдау жасау;
- диплом, курстық жұмыстарға мағлұматтар жинақтау;
Педагогикалық практика әдіскерінің міндеттері:
- студенттердің педагогикалық практика міндеттері мен болашақ мұғалім міндеттерінің бағдарламаға сай келуін тексеру;
- педагогикалық практиканың оқу жоспарына сай болуын тексеру;
-педагогикалық практика өткізетін мектептегі уақытты анықтап, олармен байланыста болу;
-студенттерді практика өткізілетін мектептерге бөліп, олардың педагогикалық практиға шығатыны жөнінде факультет деканына мәлімдеме (қызмет хат) дайындап, әдіскерлер тағайындау;
-педагогикалық практика алдындағы ұйымдастырушы және қорытынды тәжірибелі конференция ұйымдастырып, әдістемелік жадығаттар негізінде көрмелер ұйымдастыру;
-әдіскерлерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, басшылық жасау, семинарлар мен кеңестер өткізу;
-әдіскер-оқытушылардың және мектеп әкімшілігімен пән мұғалімдерінің практика барысында өз міндеттерін жауапты орындауын қадағалау;
-студенттердің кейбір сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарына қатысу;
-топ жетекшілерінің тапсырған құжаттарының негізінде мектеп қызметкерлерінің ақысын, өзге құжаттарын уақтылы тапсыру;
-педагогикалық практика жұмысының аяқталуымен байланысты есеп дайындап, оны факультет кеңесі мен ғылыми-әдістемелік кеңесте талқылауға ұсыну;
Әлеуметтік педагогтың міндеттері:
-әлеуметтік-педагог практикант-студентке өзінің функционалдық қызметімен таныстыру;
-әлеуметтік-педагог жүргізетін құжаттармен (жылдық жоспар, тоқсандық жоспар) және мектептегі әлеуметтік жұмыстарға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстыру;
- арнайы тіркеуде тұрған оқушылардың құжаттарымен таныстыру және олармен жұмыс жүргізу әдісін меңгерту, үйрету, кеңес беріп отыру;
-оқушылардың әлеуметтік жағдайын анықтау мақсатында зерттеу жұмысын жүргізуге көмектесу, ата-аналармен байланыс орнату;
-әрбір студент-практиканттың зерттеу сабағына қатысып, талдау жасап, өз бағасын беріп отыру;
-студенттердің тәжірибе мерзімінде атқарған ісі бойынша жасаған жұмысын бағалап, мінездеме беру;
-мектептегі педагогикалық практиканың аяқталуымен байланысты кеңеске қатысу, сонымен қоса, мүмкіндігі болса, институттағы конференцияға қатысу.
Пән бойынша әдіскер оқытушының міндеттері:
-ұйымдастыру және қорытынды конференцияға қатысу;
-студент-практикант өткізетін пәндік сабақтың және факультатив сабақтың, сыныптан тыс жұмыстардың жоспарлы кестесін жасау;
-студент-практиканттардың сабаққа, пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарға қатынасып, оған талдау жасауларын ұйымдастыру;
-студенттермен концультациялар ұйымдастырып, оның сабақ жоспары мен конспектісін дағдылы тексеріп, бекітіп отыру;
-оқушылардың танымдық қабілетін, белсенділігін арттыруда түрлі әдістерді пайдалана отырып, қазіргі сабақ үлгілерін өткізуді ұйымдастыру, әр сабақтың танымдық, дамытушылық, тәрбиелік мақсатына көңіл бөлуге үйрету;
-студенттермен мектепте өткізілетін семинарлар мен әдістемелік кеңеске қатысу;
-студент-практикант өткізетін сабаққа қатысып, оған талдау жасау;
-студент-практиканттың оқу-тәрбие жұмыстарын педагогика-психология, лингводидак-тика кафедраларының оқытушылармен, мектеп мұғалімдерімен келісе отырып бақылау;
-мектеп мұғалімдеріне студент-практиканттармен жұмыс жасау барысында ғылыми-әдістемелік көмектер ұйымдастыру.
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің міндеттері:
Мектеп директоры мен оқу-ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері:
а)педагогикалық практиканың көңілдегідей өтуіне жағдай жасау, кезекті практиканың өтуі туралы мектеп мұғалімдерімен өзге қызметкерлерімен, оқушылармен жұмыс жүргізу;
ә)студент-практиканттың педагогикалық кеңес жұмысына пән бірлестігінің, ана-аналар комитетінің отырысына қатысуына мүмкіндік жасап, олардың жұмыс жоспарларымен танысу;
б)студент-практиканттың кейбір сабағына, тәрбие жұмысының біріне қатысып, оған талдау жасау;
в)педагогикалық кеңесте практика жұмысын жақсарту, оқыту тәсілдерін жетілдіру туралы пікірін айту;
г)педагогикалық практиканың аяқталуымен байланысты мектепте педагогикалық кеңес өткізіп, мүмкіндік болса институттағы қорытынды конференцияға қатысу.
Пән мұғалімінің міндеттері:
а)мұғалім студент-практикантқа өзінің педагогикалық қызметі, жұмыс жасау стилі туралы айтып, оқу-тәрбие жұмысының жоспарларымен таныстыру, өзі сабақ беретін сыныптарда сабақтар өткізіп, оны студентпен бірге талдау;
ә)студент-практикант өткізетін сабақ тақырыбы мен сыныптан тыс жұмыстарды студенттерге бөлуде топ жетекшісімен бірлесе шешу;
б)сабаққа даярлану үстінде студент-практикантқа көмектесіп, кеңес беріп отыру, кезекті сабақ жоспарын тексеріп бекіту;
в) әрбір студент-практиканттың сабағына қатысып, талдау жасап, өз бағасын беріп отыру;
г) студенттерге жеке оқушылармен жұмыс жасауды үйірме жұмысын, дәптер тексеру, көрнекі құралдар жасау, техникалық құралдарды пайдалану т.б. жұмыстарды ұйымдастыруды міндеттеп, оның жолдарын үйретіп отыру;
ғ) студенттердің оқу ісі бойынша жасаған жұмысын бағалап, мінездеме беру;
д) мектептегі педагогикалық практиканың аяқталуымен байланысты кеңеске қатысу, сонымен қоса, мүмкіндігі болса, институттағы конференцияға қатысу.
Сынып жетекшісінің міндеттері:
а) студент-практикантқа сынып оқушылары, олардың оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы, мінез-құлқы туралы мәлімет беріп, тәрбие жұмысындағы негізгі міндеттермен, өз жұмыс жоспарымен таныстыру;
ә) тәрбие жұмысының жоспарын жасауға көмектесіп, оны бекіту және тәрбие жұмысының орындалуын қадағалап, ақыл-кеңес беру;
б) студент-практикант ұйымдастырған мәдени шараларға қатысып, оған талдау жасау, бағалау;
в) педагогикалық практиканың аяқталуына байланысты болатын педагогикалық кеңес пен конференцияға қатысу.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндеттері:
а) студент-практиканттарды мектептің тәрбие жұмысының жоспарымен таныстыру;
ә) студент-практиканттарды мектеп көлемінде өтетін мәдени шараларды өткізуге тартып, соны жоспарлау;
б) студент-практиканттың тәрбие сағатына қатысып, оны талдау;
в) сынып жетекшісіне студент-практикантпен жұмыс жасауға көмек көрсетіп отыру;
г) педагогикалық практиканың аяқталуына байланысты болатын педагогикалық кеңес пен конференцияға қатысу.
. КӘСІПТІК ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Мерзімі |
Іс-әрекет мазмұны |
ұйымдастыру әдістері |
1. Оқу практикасы |
||
1-күн |
- орнықтыру конференциясына қатысу; - кәсіптік тәжірибе бағдарламасымен танысу; - мектептің немесе мекеменің ішкі тәртіп ережесімен танысу. |
конференция ұйымдастыру, танысу |
2-4күн |
- білім беру бағдарламаларымен танысу; -болашақ кәсіптің объектісі болып табылатын ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымымен, басқару жүйесімен және т.б. жалпы танысу. |
Танысу, зерттеу, зерделеу |
5-7күн |
-болашақ кәсіптік қызметінің түрлерін, функцияларын және міндеттерін зерделеу; -жекелік және ұжымдық бақылаудың психологиялық негіздері бойынша жұмыстар атқару; -тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, мұндағы балалармен жұмыс істеудің өзіне тән ерекшеліктерін меңгеру, әртүрлі әдістемелік жұмыстарға қатысу. |
Сұхбаттасу, сауалнама жүргізу, бақылау, материалдар жинақтау |
8-10күн |
- басқару және үйлестіру қағидаларын үйрену; - болашақ ББ туралы түсініктеме беру, әңгіме жазу. - күнделік толтыруды аяқтайды, практика есебін жазу
|
Зерттеу, әңгімелеу |
2. Педагогикалық практика |
||
2.1 Психологиялық-педагогикалық практика |
||
2-курс 1-апта |
|
Танысу, зерттеу, талдау |
2-апта |
- сынып жетекшісінің киын балалармен жұмыс жүйесінің барысын бақылау және талдау жасау; - алдыңғы қатарлы педагог-мұғалімдердің сабақтарына қатысу; -қазіргі жағдайдағы балалар мен жас өспірімдерге арналған тәрбие сағатының тақырыптары мен ұйымдастырылуын бақылау, талдау жасау; -мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару жүйесінің барысы туралы ақпарат жинау, -мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдаланудың жолдары (үйірмелер, қосымша сабақтар, т.б.); - мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы, ата-ана – мұғілім – оқушы қарым-қатынасын зерттеу; -шағын топтағы психологиялық қарым-қатынас; -педагогикалық практика есебін әзірлеу. |
Талдау, зерттеу, бақылау, қорытындылау |
2.2 Педагогикалық практика |
||
3-курс 1-апта |
- мектепте өткізілетін педагогикалық кеңеске қатысу; - мектеп ұжымы, әлеуметтік педагог, пән мұғалімі және мектеп оқушыларымен танысу; -мектептің ішкі тәртіп ережесімен танысу; - бекітілген педагог әлеуметтанушының және пән мұғалімінің құжаттарымен танысу; - мектеп оқушыларының жеке іс құжаттарымен танысу, талдау жүргізу. |
Танысу, әңгімелесу, сұхбаттасу, талдау |
2-апта |
- жоспар бойынша бекітілген сыныпта немесе оқушылармен жұмыс жүргізу (сауалнама, әңгімелесу); - педагог-психологпен бірлесе жұмыс жүргізу; -жоспар бойынша тәрбие сағаттарын ұйымдастыру; -ата-аналармен бірлесіп жұмыс жасау; - сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. |
Зерттеу жұмысын жүргізу, тәрбие сағатын ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру |
3-апта |
-жоспар бойынша психолог жұмысын жүргізу (отбасы мүшелерімен байланыс жасау, рухани көмек көрсету); - тәрбие сағаттарын ұйымдастыру және 1 ашық тәрбие сағатын өткізу; - сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру;
|
Ашық сабақтар өткізу, зерттеу жұмысын жүргізу |
4-апта |
- бекітілген сыныпқа және жеке оқушыға психологиялық зерттеу жұмысын жүргізуді аяқтайды, сыныпқа, жеке оқушыға психологиялық мінездеме беру; -педагогикалық тәжірибе есебін әзірлеу. |
Зерттеу жұмысын жүргізу, есеп әзірлеу |
2.3 Педагогикалық практика |
||
4-курс 1-2 апта |
- мектепте өткізілетін педагогикалық кеңеске қатысу; - мектеп ұжымы, әлеуметтік педагог, пән мұғалімі және мектеп оқушыларымен танысу; -алдыңғы қатарлы педагог-мұғалімдердің сабақтарына қатысу; - бекітілген пән мұғалімі мен сынып жетекшісінің құжаттарымен танысу; - сынып оқушыларының жеке іс құжаттарымен танысу, талдау жүргізу. |
Танысу, әңгімелесу, сұхбаттасу, талдау |
3-4 апта |
- жоспар бойынша бекітілген сыныпта өзін-өзі тану сабағын өткізу; -жоспар бойынша тәрбие сағаттарын ұйымдастыру; -сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру; - бекітілген сыныпқа психологиялық зерттеу жұмысын жүргізу. |
Сабақ жүргізу, тәрбие сағатын ұйымдастыру, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, зерттеу жұмысын жүргізу |
5-6 апта |
- жоспар бойынша бекітілген педагог-психологпен өзекті мәселелерді талқылау; -жоспар бойынша тәрбие сағаттарын ұйымдастыру және 1 ашық тәрбие сағатын өткізу; - сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру; - бекітілген сыныпқа және жеке оқушыға психологиялық зерттеу жұмысын жүргізуді аяқтау, сыныпқа, жеке оқушыға психологиялық мінездеме беру; -педагогикалық тәжірибе есебін әзірлеу. |
Ашық сабақтар өткізу, зерттеу жұмысын жүргізу, есеп әзірлеу |
7апта |
-мектеп директорының және орынбасарларының қызметтік нұсқауларымен танысу; - педагогикалық және психологиялық пәндер бойынша сабақтарды жоспарлау және өткізу. |
Танысу, ұйымдастыру |
8 апта |
- педагог-психологтың қызметтік нұсқауымен танысу және оның жұмыстарына талдау жасау; -жоспар бойынша бекітілген сыныпта пән бойынша сабақ өткізу және тәрбие сағаттарын ұйымдастыру; -жүргізілетін пән бойынша сыныпаралық немесе мектепішілік пәндік сайыстар, байқаулар, олимпиадалар, т.б. іс-шаралар ұйымдастыру; - мектеп көлемінде тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру; -өндірістік тәжірибе есебін әзірлеу. |
Танысу, зерттеу, ұйымдастыру, қорытындылау |
4. Дипломалды практика (дипломдық жұмысты жазатындар үшін) |
||
1-апта |
Бекітілген тақырыбы бойынша материалдарды жинақтау, өңдеу және жалпылау |
Жинақтау, өңдеу |
2-апта |
дипломдық зерттеудің тақырыбы бойынша статистикалық мәліметтері мен практикалық материалдарды талдау |
талдау |
3-апта |
дипломдық жұмыстың (жобаның) немесе есептің тақырыбы бойынша қорытындыны, заңдылықтарды, кепілдемелер мен ұсыныстарды тұжырымдау |
қорытындылау |
4-апта |
дипломдық жұмысты немесе есепті білгіленген талаптарға сәйкес ресімдеу, алдын ала қорғау |
алдын ала қорғау |