Психология кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Кафедрада  1 білім беру бағдарламасы бойынша  білім бакалаврлары  дайындалады:

  • 6В01101  - Педагогика және психология

Талапкер назарына: Психология мамандығы

Психология – бүгінгі ғасырдың мамандығы. Қазіргі таңда кез келген мекеме психологты қажет етеді. Адамдар тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түскен шақта қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсете алатын мықты психолог маман болам деуші талапкерлер саны жылдан-жылға көбеюде. Ал, бұдан біраз жыл бұрын бұл мамандық беделді деп есептелмейтін, тіптен сұранысқа көп ие бола бермейтін мамандықтар қатарында еді.

Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді екен. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда. Олар: білім, бизнез, саясат, басқару, медицина, жарнама т.б. салалар. Ғалымдардың болжауы бойынша XXI ғасыр – психология ғасыры болмақ.

Психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына – болашақ психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып, кеңейе түсуі әсер етсе керек. Болашақ психолог бүгінгі күні адам өмірінің барлық саласына қатысты өндірістер мен кәсіп орындарда қызмет етеді. Яғни, балалар бақшасынан бастап, аса ірі коммерциялық ұйымдарға дейін жұмыс істей алады. Бұл жерде психологияның ғылым екендігін және оның айтарлықтай жас ғылым екендігін айта кету қажет. Психологияның зерттеу пәні – адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екеніне еш күмән тудыра алмаймыз. Сондықтан да психология мамандығының болашағы зор екенін бүгінгі уақыттың талап-тілегінен туындап отыр. Қай заманда да сұранысқа ие және сұраныстан шығатын мамандық болған және бола бермек. 

Психолог маманы болып шығу адам жанын түсініп қана қоймай оларды дұрыс жолға салуда және тәрбиелеуде игілікті жұмыстарға қол жеткізеді.

Төрт жылдық білімнен кейін психология бөлімінің түлектері мына салаларда қызмет ете алады:

·      Жоғарғы және орта оқу орындарында психология пәнінің оқытушысы;

·      Ғылыми қызметкер;

·      Фирмалар мен банктерде психолог-кеңесші;

·      Практик психолог;

·      Денсаулық сақтау және білім беру жүйесінде, отбасы қызметтерінде практик психолог;

·      Мемлекеттік басқару органдарында және қоғамдық ұйымдарда кеңесші-психолог;

·      Заң мекемелерінде және соттық-психологиялық сараптамада психолог-сарапшы;

·      Әскери және құқықтық мекемелерде тәрбиеші-психолог;

·      Әртүрлі ұйымдардың кадр таңдау қызметінде персонал бойынша менеджер;

·      Ішкі істер министрлігі органдарында психолог;

·      Имиджмейкер, саяси психолог;

·      Әртүрлі әлеуметтік саладағы психолог.

 

6В01101 «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Берілетін біліктілік туралы ақпарат

 

Білім беру саласының коды және атауы:

6В01 Педагогикалық ғылымдар

Даярлау бағытының коды және атауы

6В011 «Педагогика және психология»

Берілетін дәрежесі:

6В01101 «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

 

Бағдарламаның типі

Бакалавриат, 6 деңгей

ҰБШ/СБШ/ХСБЖ

 

Жалпы кредит көлемі

240 академиялық кредит

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КҮТІЛЕТІН ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

   

ББ бойынша оқу нәтижелері: Осы ББ-ны табысты аяқтағаннан кейін студентер төмендегі қабілеттерге ие болуы тиіс:

ОN1 – мета-пәндік идеяларға негізделген педагогика, психология, физиология бағыттарындағы түсініктері мен білімдерін көрсетеді;     

ОN2 – педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық  тұжырымдардың қорытындылары мен дәлелдемелерінде, міндеттерді шешуде жүйелі ойлау мен сыни көзқарасқа негізделген білімді практикада қолданады;            

ОN3 – кәсіптік мәселелерді шешуде зерттеудің ғылыми танымдық, шығармашылық әдістерін, академиялық хатты меңгерген және шешу жолдарын талдайды;

ОN4 – оқытуда ЦБР мен АКТ-ны тиімді  пайдалану  мен инклюзивті білім беру тәжірибесінде туындаған проблемалар шешімдерінің креативтілігін бағалай алады, оқу практикалық және кәсіби міндеттерді шешуде білімін қолданады;   

ОN5 – оқушының тұлғалық және кәсіби дамуын қалыптастыруда өмір бойы білім алуға және пәнаралық білімді  интеграциялай біледі;

ОN6  тұлғааралық қарым-қатынаста және кәсіби бағдар беруде коммуникативтік, командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетеді және академиялық адалдық принциптері мен ақпараттық мәдениеттің маңызын ұғынады;

ОN7– кәсіби бағдар беруде психологиялық инновациялық технологияларды қолданудың мақсат-міндеттеріне және оқушылардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолдана біледі;

ОN8 – педагогикалық-психологиялық жағдаяттар мен суицидологияның негізгі мәселелерін шешуде принциптер мен заңдылықтарды, кәсіби бағдар берудің психодиагностикалық, психопрофилактикалық, психокоррекциялық және психологиялық кеңес берудің әдістемелерін тиімді қолданады;

ОN9 – жеке тұлғаның бағыттылығы мен мектептік кезеңде оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығы мен суицидке бейімділігін диагностикалаудың әлеуметтік психологиялық құрылымдық моделін жасайды және психикалық денсаулық деңгейін бағалайды; 

ОN10 – білім беру мекемелерінде психологиялық қызмет көрсетудің бағыттары мен қағидаларын, әдістері мен формаларын оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарында қолданады және техникалары мен технологияларын талдайды.

 

 ·      6В01101  - Педагогика және психология БББ                                                        Оқу жоспары бойынша білім траекториялары:

Білім траекториясы - 1: Арнайы психология 

Білім траекториясы - 2: Практикалық психология

Білім траекториясы - 18 кредит (білім алушы траекторияның біріуін таңдайды)

Білім траекториясы - 1: Арнайы психология 

Әлеуметтік психолог модулі

 TP 4339

Түзету  психологиясы

ПП

ТК

6

 

Е

180

60

30

30

 

30

90

 

 

 

 

 

 

6

 

EKBBZhAZh 4340

Ерекше қажеттілігі бар балалармен жүргізілетін арттерапиялық жұмыстар

ПП

ТК

6

 

Е

180

60

30

30

 

30

90

 

 

 

 

 

 

6

 

AT 4341

АВА терапиясы

ПП

ТК

6

 

Е

180

60

15

45

 

30

90

 

 

 

 

 

 

6

 

Барлығы траектория бойынша

 

 

18

 

 

540

180

75

105

0

90

270

0

0

0

0

0

0

18

0

Білім траекториясы - 2:  Практикалық психология

Практик психолог  модулі

ZhTP 4242

Жеке тұлға психологиясы

ПП

ТК

6

 

Е

180

60

30

30

 

30

90

 

 

 

 

 

 

6

 

ZhTKB 4243

Жеке және топтық кеңес беру

ПП

ТК

6

 

Е

180

60

30

30

 

30

90

 

 

 

 

 

 

6

 

KP 4244

Қолданбалы психология

ПП

ТК

6

 

Е

180

60

15

45

 

30

90

 

 

 

 

 

 

6

 

Барлығы траектория бойынша

 

 

18

 

 

540

180

75

105

0

90

270

0

0

0

0

0

0

18

0