- ТІРКЕУ ОФИСІ
-
ТІРКЕУ ОФИСІ
Тіркеу офисі – білім алушылардың барлық тарихын тіркеумен айналысып, оның академиялық рейтингісін есептейтін және білімін бақылаудың барлық түрлерінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін академиялық қызмет.
Негізгі міндеттері:
- білім алушының жолсiлтеуішін әзiрлеу;
- университет академиялық күнтізбесі негізінде пән айырмашылықтары мен пән қарыздарын қосымша игеретін білім алушылар үшін академиялық күнтізбе дайындау;
- бiлiм беру бағдарламаларының оқу жұмыс жоспарларына сәйкес білім алушыларды пәндерге тiркеудi және қайта тіркеудi жүргiзу;
- тiркеу нәтижелерi негiзiнде бiлiм алушылардың академиялық топтарын қалыптастыру;
- білім алушылардың жеке білім беру траекториясын жүзеге асыруы бойынша білім беру бағдарламалары эдвайзерлерінің жұмысын үйлестіру;
- факультет деканаттарымен бірлесіп, бiлiм алушылардың жеке оқу жоспарларының қағаздағы нұсқаларын дайындау;
- оқыту нысандары бойынша аралық және қорытынды аттестаттау кестелерiн дайындау;
- аралық, қорытынды аттестаттауларды ұйымдастыру, аралық аттестаттау нәтижесі бойынша жинақ ведомостарын дайындау және оның көшірмелерін факультет деканаттарына ұсыну;
- бақылау апталарының, емтихан сессияларының нәтижелеріне талдау жасап, жақсарту бойынша ұсыныстар беру;
- білім алушылардың академиялық рейтингісін есептеуді жүзеге асыру;
- бітіруші курс білім алушылардың бiлiм беру бағдарламалары бойынша үлгерім кестелерін дайындап, Аттестаттау комиссиясына ұсыну;
- білім алушылардың қосымша оқу түрлеріне қажеттіліктерін қанағаттандыруы және академиялық қарыздарын жоюы мақсатында факультет деканаттары ұсынған білім алушылар үшін жазғы семестрді ұйымдастыру;
- білім алушылардың өтінішімен транскриптінен үзінді ұсыну;
- бітіруші курс білім алушылары үшін міндетті түрде және өткен жылдардағы түлектердің сұраныстарына қарай жыл бойы қатаң есептегі құжаттарды (диплом қосымшаларын) дайындау.
ЖОО-да босаған білім гранттарын беру туралы ереже
1. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары оқытудың білім беру бағдарламалары бөлінісінде осы білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріле отырып өткізіледі.
Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек A, A- ("өте жақсы"), содан кейін A, A- ("өте жақсы") бастап B+, B, B-, C+ ("жақсы") дейінгі бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады оқу кезеңі.
2. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы демалыс кезеңінде, конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ақылы негізде білім алушы одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға университет ректорының атына өтініш береді;
2) ЖОО осы өтінішті конкурстық негізде қарап, Ғылыми кеңестің шешімімен бірге ағымдағы жылдың 5 тамызы мен 25 қаңтарына дейінгі мерзімде оны шешім қабылдау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Білім алушының өтінішіне Ғылыми кеңестің шешімімен бірге білім алушының транскрипті, оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және ЖОО-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқасы) қоса беріледі;
3) нақты білім беру бағдарламасы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары жазғы және қысқы емтихан сессиясының қорытындылары бойынша даярлау бағыты ішінде конкурстық негізде беріледі;
4) білім беру саласындағы уәкілетті орган келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламалары, оқу нысандары мен мерзімдері бөлінісінде оқуға түскен жылын ескере отырып қарайды және мәселе оң шешілген кезде білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;
5) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;
6) білім беру грантын беру туралы берілген куәліктің негізінде университет ректоры білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады.
- Қызметкерлері
-
Мамаев Кайрат Серикбаевич
Тіркеу офисінің басшысы
Филология ғылымдарының кандидаты
e-mail: mamayev.kairat@okmpu.kz
Берикбосын Бексултан
Тіркеу офисінің офис-тіркеушісі
e-mail: beksultan.berikbosyn@mail.ru
Еркожаева Перизат Нурсайыновна
Тіркеу офисінің офис-тіркеушісі
e-mail: Perizat-82@mail.ru
Сайлаубай Седеп Еркінбайқызы
Тіркеу офисінің офис-тіркеушісі
e-mail: sedep-96@mail.ru
Әбубәкір Фариза Басымбекқызы
Тіркеу офисінің офис-тіркеушісі
e-mail: abubakirf@bk.ru
Турумбетова Айман Жанболатовна
Тіркеу офисінің офис-тіркеушісі
e-mail: turumbetova.87@mail.ru
Тұрсынғали Нурилла Ережепқызы
Тіркеу офисінің офис-тіркеушісі
e-mail: nurilla.tursyngali@bk.ru
Тұрлыбай Нұрай Әбсаматқызы
Тіркеу офисінің іс-жүргізушісі
e-mail: newray.14@mail.ru
Қаржанбай Азиза Сұлтан-қазықызы
Тіркеу офисінің офис-тіркеушісі
e-mail: karzanbajaziza@gmail.com
Кенжебекова Әсем Кеңесқызы
Тіркеу офисінің офис-тіркеушісі
e-mail: kenesovnaasem@gmail.com
- Межелік, ағымдық бақылаулар және емтихан сессиясы қорытындылары
-
202-2024 оқу жылындағы қысқы сессияның мониторингі
2022-2023 оқу жылының жылдық есебі
1-межелік бақылау есебі (2023-2024 оқу жылы күзгі семестр)
2-межелік бақылау есебі (2023-2024 оқу жылы күзгі семестр)
2022-2023 оқу жылының көктемгі семестріндегі 3-ағымдық бақылау есебі
2022-2023 оқу жылының көктемгі семестріндегі 2-ағымдық бақылау есебі
2022-2023 оқу жылының көктемгі семестріндегі 1-ағымдық бақылау есебі
2022-2023 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының есебі
2022-2023 оқу жылының күзгі семестріндегі 3-ағымдық бақылау есебі
2022-2023 оқу жылының күзгі семестріндегі 2-ағымдық бақылау есебі
2022-2023 оқу жылының күзгі семестріндегі 1-ағымдық бақылау есебі
2021-2022 оқу жылының жылдық есебі
2-ағымдық бақылау есебі (2021-2022 оқу жылы көктемгі семестр)
1-межелік бақылау есебі (2021-2022 оқу жылы күзгі семестр)
2-межелік бақылау есебі (2021-2022 оқу жылы күзгі семестр)
1-ағымдық бақылау есебі (2021-2022 оқу жылы көктемгі семестр)
2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының есебі