Кәсіби бағдар

«ОҚМПУ-ға 85 ЖЫЛ»: 2022 ЖЫЛҒЫ ТАЛАПКЕРЛЕР ҰСТАЗДАР ҰСТАХАНАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

         Шымкент қалалық Білім басқармасы мен ОҚМПУ арасындағы 2020 жылы 11 қарашада түзілген Ынтымақтастық меморандум аясында болашақ педагог мамандар даярлайтын ЖОО-ның 85 жылдығына орай 2021 жылы 22-29 қазан аралығында «Мен 85 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнын таңдаймын» апталық- акция өткізілуде. Бекітілген кестеге сәйкес, апталық-акцияның алғашқы күнін Тарих және педагогика факультеті бастап, шараға 600-ден астам оқушылар қатысты.
    Акция барысында қала метептерінің бітіруші сынып оқушылары мен колледж студенттері университет базасымен, профессор-оқытушылар құрамымен, ғалымдармен, студенттермен танысып, университеттің жетістіктері мен заманауи мүмкіндіктері туралы ақпараттармен алмасты. Факультетке қарасты БББ бейне-ролик арқылы таныстырылып, факультеттің студент деканы 1- курс студенті Әмірәлі Берік оқушыларға өзі таңдап түскен ОҚМПУ-дың ерекшеліктері мен білімгерлерге жасалған ерекше жағдайлар жайлы әсерімен бөлісті. Талапкерлерге университетіміздің нұсқаулық журналы, буклеттер үлестірілді.

 

 

 

«БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2022»

 

2022 жылдың 20 мамырында оңтүстік өңірдегі «Ұстазар ұстаханасы» атанған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде бітіруші түлектерді жұмысқа бөлу мақсатында «БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2022» Республикалық жұмыс берушілер форумы жоғарғы деңгейде өтті. Іс-шарада факультетіміздің түлектері мектептер мен балабақшаларға жолдама алды.

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы, 102-18 тобы студенттері Әбдімүтәліп Ақнұр Арыс қаласы, №367 бастауыш мектебіне; Амангелді Озодахан Созақ ауданы, Көктөбе елдімекені «Суындық» жалпы орта мектебіне, Мәдімар Нүрбүбі Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылы Ә.Ақабаев атындағы бастауыш мектебіне; Тұрдалы Әсемай Келес ауданы, Абай ауылы №6 бастауыш мектебіне жолдама алды.

Тарих мамандығы, 114-18 тобының студенті Сәдір Айдын Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта мектепке;

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы, 123-18 оқу тобы Арысбай Ұлжан А.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектепке жолдама алды.

Дефектология мамандығы, 105-18 тобының студенттері Қалыбай (Абдурасулова) Сулу Шымкен қаласы, №89 IT мектеп-лицейіне, Файзулла Назгул Шымкент қаласы, №98 Мерей бөбекжай балабақшасы  жолдама алды.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мамандығы студенттері  Құлымбет Зарина Қызылорда обл., Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылы №16 «Жадыра»бөбекжай бақшасына; Ташходжаева Шохсанам Шымкент қаласы,  ЖШС «Гүл Астана» балабақшасы жолдама алды.

Форумға Түркістан облысы және Шымкент қаласындағы 130-ға тарта білім беру мекемелерінен 160 тан астам жұмыс берушілер кадр бөлімінің мамандарымен бірге келіп, іс-шараға портфолиомен келген ОҚМПУ түлектеріне жұмысқа қабылдауға ұсыныстар жасады.