Тәрбие жұмыстары
- БІЛІМГЕРЛЕР ЖЕТІСТІГІ!
-
https://www.facebook.com/100086377834708/videos/174827618201434/
- 8 НАУРЫЗ!
-
https://www.facebook.com/profile.php?id=100086377834708
- ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ – ИГІ ІСТІҢ БАСТАМАСЫ!
-
https://www.facebook.com/profile.php?id=100086377834708
- ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК – ОҚМПУ-да!
-
https://www.facebook.com/profile.php?id=100086377834708
- Іс-шара
-
02.10.2022 жылы «Қазынаға қош келдің,білімгер» атты Тарих және педагогика факультетінің ұйымдастыруымен 1-ші курс білімгерлерін күтіп алу кеші аталып өтілді.
- Іс-шаралар
-
2022 жыл – Балалар жылына орай факультеттің белсенді топ студенттері 09.11.2022 ж. ШҚ ББ «Қосалқы мектеп-интернаты» КММ-не барып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
- Tab title 2
-
Tab content 2.
- Іс-шаралар
-
Факультетіміздің белсенді топ студенттері демалыс күндерінде көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші Арыстан баб кесенесі мен
аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен Отырар қалашығына барып, тарихымен тереңінен танысып қайтты.
- Ұстаздар күні
-
05.10.2021ж Тарих және Педагогика факультеті, Факультетіміздің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен “Ұстаз аты-биік әрі мәңгілік” атты мерекелік кешіміз болып өтті. Іс-шарамызды факультетіміздің деканы Таутаева Гүлдариға Батыршақызы ашып берді. Студенттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға деген жүрек-жарды ақ тілектерін арнады. Кештің соңы студенттердің әдемі сый тартуымен аяқталды.
- Іс-шаралар
-
1 желтоқсан ҚР тұңғыш президенті күніне орай 07.12.2021ж Тарих және педагогика факультетінде «Ел тірегі – Елбасы тақырыбында» жас ақындар жыр мүшәйрасы болып өтті. Мүшәйраға қатысушы білімгерлеріміз өз шығармаларында Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолын жырға қосты. Мүшәйраның басты мақсаты – еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігін, жетістіктері мен жарқын болашағы, бірлігі мен берекесін Мемлекет басшысының еңбегімен байланыстырған жас ақындардың өлеңдерін көркемдеп оқу ғана емес, олардың қабілет-қарымын анықтау.
Осы салтанатты іс- шара факультет деканы Г.Батыршақызының құттықтау сөзімен ашылды. «Тарих тұрғысынан қарағанда қас қағым сәт, соған қарамастан бұл мереке нағыз халықтық сипатқа ие болды» -дей отырып, мерейлі мерекемен құттықтады. “Өлең жазғанның бәрі ақын болуы міндетті емес. Дегенмен, «Бұлақ көрсең көзін аш» деуші еді ғой, атам қазақ. Біз де жастарға “Талаптарыңа нұр жаусын!” – дей отырып, жас ақындарымызға сәттілік тілейміз! – деп, өзінің құттықтау сөзін аяқтады.
Қазылар алқасы ақындардың өлеңдерін іріктеу барысында шығарманың тақырыбына мән беріп, мазмұны мен көркемдік сапасына назар аударды.
Әділқазы мүшелерінің шешімі бойынша:
1 орын иегері «Тарих мұғалімін даярлау» мамандығының 4курс білімгері Мәлік Айдосбек марапатталды.
2 орын иегері «Тарих және дінтану мұғалімін даярлау» мамандығының 1курс білімгері Тұрсынбек Ержігіт марапатталды
3 орын иегері «Арнайы педагогика маманын даярлау» мамандығының 2 курс білімгері Мүслім Әсел мараппатталды.