Студенттік деканат
Тарих және педагогика факультетінің Студенттік деканы "6В01602-Тарих-Дінтану мұғалімін даярлау" ББ 2 курс студенті Әмірәлі Берік Нұрлыбекұлы
Студенттік декан орынбасары "6В01602-Тарих-Дінтану мұғалімін даярлау" ББ 2 курс студенті Смайылов Бекболат Нұрланбекұлы
Тарих және педагогика факультетінің белсенді топ студенттері білімгерлерді 17-қараша - Халықаралық студенттер күні мерекесімен құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара барысында ОҚМПУ ректоры Гүлжан Сүгірбаева Тарих және педагогика факультетінің білімгерлерін Халықаралық студенттер күнімен құттықтады. Университет басшысы университетіміздің 1982 жылғы түлегі ретінде білімгерлермен қызықты естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар ОҚМПУ жанашыры, кәсіпкер азамат (есімі өз өтініші бойынша жарияланбады) тарапынан берілген қаржылай сыйақыны оқу және тәрбие істерінде белсенділігімен ерекшеленіп жүрген 6 студентке табыстап, білімгерлерге оқуда озат болып, шығармашылық ізденістерінің толастамауын тіледі.
Факультет деканы Г.Б.Таутаева факультетішілік іс-шараларда топ жарып жүрген студенттерді жүлделі орындарымен құттықтай отырып, дипломдар мен алғыс хаттар табыстады.
Мерекелік сағаттың мазмұнын келтірген күмбірлеген күй мен әсем әуен, жастар арасындағы қызықты ойындар, студенттер күніне арналған безендірулер атаулы күнді тағы да бір ерекшелендірді.
Шымкент қалалық Білім басқармасы мен ОҚМПУ арасындағы 2020 жылы 11 қарашада түзілген Ынтымақтастық меморандум аясында болашақ педагог мамандар даярлайтын ЖОО-ның 85 жылдығына орай 2021 жылы 22-29 қазан аралығында «Мен 85 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнын таңдаймын» апталық- акция өткізілген болатын, сонда факультетке қарасты БББ бейне-ролик арқылы таныстырылып, факультеттің студент деканы 1- курс студенті Әмірәлі Берік оқушыларға өзі таңдап түскен ОҚМПУ-дың ерекшеліктері мен білімгерлерге жасалған ерекше жағдайлар жайлы әсерімен бөлісті.