"Бозбала мен Бойжеткен-22" байқауы

news_fak_history_images: 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде "Бозбала мен Бойжеткен-22" байқауы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын сайысқа 9 жұп қатысты. Олар сахнада өздері әзірлеген тақырыптық бейнероликтерін көрсетіп, көркем шығармалардан монолог оқыды. Ән шырқап, спектакльдерден үзінділер сахналады. Сондай-ақ байқау қатысушылары мәдениет, ұлттық салт-дәстүрлерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Өнерлі, білімді, танымы терең жастардың арасынан үздіктерін анықтау қазылар алқасына оңай болған жоқ. Сараптау мен салыстыру нәтижесінде байқаудың І орнын Сағынтай Рамазан мен Ақсезім Әділбекқызы (денешынықтыру және спорт факультеті) еншіледі. Екінші орынды Қазыгүл Аян мен Ғаниқызы Рабинұр (тарих-педагогика факультеті) иемденсе, үшінші орын Мәлік Айдосбек пен Сара Сәрсенге бұйырды.
#ОҚМПУға85жыл