- Сапаны бақылау және білімді бағалау орталығы
-
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Сапаны бақылау және білімді бағалау орталығы» алғаш рет 2016 жылы білім беру, кәсіби маман даярлауда озық технологияларды іскерлікпен оқыту процесіне ендіру мақсатында құрылды.
Сапаны бақылау және білімді бағалау орталығының мамандары университеттің Сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын негізге ала отырып, барлық құжаттарды Сапа менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкес жүйелі түрде жүргізіп отырады.
Университеттің білім алушыларының білімін бақылау, бағалауға арналған тест тапсырмалары мен сұрақтарының сапасын арттыру, мазмұнын жаңарту, формасын күрделендіріп түрлендіріп отыру, соның негізінде білім алушы студенттердің білімдерін компьютерлік тестілеу арқылы бағалау жұмыстарын ұйымдастырады.
Орталықтың жұмыс мазмұны - «Платонус» - Автоматтандырылған ақпаратты жүйенің (бұдан әрі - ААЖ) барлық мүмкіншілігін білім беру, оқыту, білімді бағалауда пайдалануды жүзеге асыру, оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оқу үдерісіне қатысты мәліметтерді енгізу, білім алушылардың емтихан тапсыратын пәндерден дайындалатын тест сұрақтарының кредит санына және тест мазмұнының маман даярлау моделінің құзыреттілік талаптарына сәйкес келуін талап ету, қадағалау, кредиттік оқыту жүйесі бойынша білімді бағалауды оқу үрдісінің кестесіне сай ұйымдастырып өткізу, білім процесіне қатысты барлық деректер мен мәліметтер қорының электрондық нұсқасын сақтау, өңдеу, жинақтау, есеп беру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.
Студенттер мен ата-аналарға (жеке логин-парольдері арқылы) үлгерім сапасы мен деңгейлері жайлы мәліметтер алуға мүмкіншілік жасалған.
Студенттердің білімін бақылауда ААЖ-нің мүмкіншілігін пайдалана отырып, студенттердің бақылау, емтихан тапсыруларын автоматтандыру механизмі іске қосылды. Бұның маңыздылығы сол − студенттер білімін сарапқа салғанда, яғни өз білім деңгейлерін анықтауда ешқандай келеңсіз оқиғаға жол берілмейді.
Тест тапсырмаларын құрастыру және жаңарту, білімді бағалауда педагогикалық инновация элементтерін жүйелі түрде енгізу Сапаны бақылау және білімді бағалау орталығы мамандарының басты мақсаттарының бірі болып табылады.
Сапаны бақылау және білімді бағалау орталығын жоғары оқу орындарында студент жастар арасында сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында ширек ғасырдан астам педагогикалық шеберлікпен жемісті еңбек етіп, бірнеше жауапты қызметте болған, бір монография, екі оқу құралдарының авторы, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалдерімен марапатталған Мамраймов Серік Дәулетұлы басқарады.
- Қызметкерлер
-
Мамраймов Серік Дәулетұлы
Сапаны бақылау және білімді бағалау орталығының басшысы,
тарих ғылымдарының кандидаты
Тел: 8 701 353 52 66
«Қазына» ғимараты, 2 қабат 204 кабинет
Еmail: s_dauletuly@mail.ruСалманова Паруза Өмірзаққызы
Әдіскер
Тел : 8 777 002 95 00
«Қазына» ғимараты, 2 қабат 203 кабинет
Е-mail: paruza-74@mail.ruКубенова Зияда Максатовна
Әдіскер
Тел: 8 705 247 26 95
«Қазына» ғимараты, 2 қабат 203 кабинет
Е-mail: kubenova.ziada@gmail.comТастанбек Ерлан Сәрсенбекұлы
Жүйелік администратор
Тел: 8 747 308 64 69
«Қазына» ғимараты, 2 қабат 203 кабинет
Email: e.tastanbek00@mail.ru