«Talant» апгрейд орталығы

 

«Talant» апгрейд орталығы

«Talant» апгрейд орталығы - кәсіптік практиканы және дуальды оқытуды ұйымдастыру, білім беру мекемелерімен өзара әрекеттесу,  білім алушылардың практикалық даярлық сапасын қамтамасыз ету және жоғарғы курс білім алушылары мен түлектерге мансаптық кеңес берудің университетішілік жүйесін басқару орталығы болып табылады.
«Talant» апгрейд орталығының негізгі міндеттері:
-    ОҚПУ-дің сапа саласындағы Саясаты мен Мақсатын жүзеге асыру;
-    Сапа менеджменті жүйесінің сапа саласындағы міндеттері мен талаптарын орындау;
-    университетте кәсіптік практика мен дуальды оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру және жетілдіру;
-    кәсіптік практика мен дуальды оқытуды қамтамасыз ету бойынша факультеттердің, кафедралардың және басқа да бөлімдердің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
-    кәсіптік практика мен дуальды оқытуды ұйымдастыру және өткізу бойынша құжаттамамен қамтамасыз ету және есептік мәліметтерді дайындау;
-    кәсіптік практика мен дуальды оқытуды ұйымдастыру және өткізу бойынша кафедралардың жұмысын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету;
-    бос орындар жәрмеңкелерін, мастер-класстар, семинарлар, тренингтер және т.б. жалпы университеттік мансаптық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыру;
-    жұмысқа орналасу мәселелері бойынша, сондай-ақ еңбек нарығындағы өзекті жағдай туралы білім алушылар мен түлектерге кеңес беру;
-    түлектердің мансабын қадағалау үшін олармен байланысты орнату, қолдау және дамыту;
-    түлектерді жұмысқа орналастыруға дайындауды жүзеге асыру және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
«Talant» апгрейд орталығының негізгі қызметтері: 
-    кәсіптік практика мен дуальды оқытуды жоспарлайды, ұйымдастырады және өткізілуін қадағалайды;
-    кәсіптік практика мен дуальды оқытудың тиісті нормативтік құжаттамасын жетілдіреді, құжаттамалар сәйкестілігін қадағалайды;
-    білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік практика мен дуальды оқытуға қатысты бұйрық, өкім, нұсқаулық, басқа да нормативтік құжаттардың орындалуын бақылайды;
-    кәсіптік практика мен дуальды оқыту бойынша университет құрылымдық бөлімдеріне әдістемелік көмек көрсетеді;
-    практиканың барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу бойынша кәсіптік практика бағдарламаларын, әдістемелік нұсқаулықтарды құрастыруға және жаңартуға қатысады;
-    кәсіптік практика  базалары тізімінің жобасын құрастырады;
-    кәсіпорындармен кәсіптік практиканы өткізуге және дуальды оқыту жүйесін жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық келісім шарттарының реестрін жүргізеді;
-    университет және кәсіптік практика базалары мен кафедра филиалдары арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
-    практиканың барлық түрлеріне жетекшілік жасаған (практика базасынан тағайындалған) тұлғалардың төлеміне құжаттаманы рәсімдейді, сағаттық төлемнің орындалуын бақылайды;
-    Академиялық кеңес, Ғылыми кеңес отырысында кәсіптік практика мен дуальды оқытуды ұйымдастыру және өткізу,  жоғарғы курс білім алушылары және түлектердің жұмысқа орналасу мен мансаптық дамуы мәселелерін талқылауға қатысады;
-    практиканың барлық түрлері бойынша бұйрықтардың уақытылы дайындалуын қадағалайды;
-    білім алушылардың жұмысқа орналасуына және мансаптық дамуына жәрдемдесу мәселелері бойынша университеттің мүдделерін білдіреді;
-    университет бөлімшелерімен, мансап орталықтарымен түлектерді жұмысқа орналастыру жүйесін дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатады;
-    жоғарғы курс білім алушылары мен түлектеріне арналған мансаптық іс-шаралар (мастер-кластар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар) өткізеді;
-    орталық жұмысы туралы ақпараттық-анықтамалық және аналитикалық материалдар дайындайды;
-    кәсіптік практика және дуальды оқыту, жоғарғы курс білім алушылары мен түлектерінің жұмысқа орналасуы мен мансаптық дамуы бойынша қорытынды жасайды, Басқарманың кеңейтілген отырысы мен Ғылыми кеңесінде жылдық есепті талқылау үшін мәлімет береді;
-    өзінің құзырлық шеңберіндегі құжаттарға қол және бұрыштама қояды;
-    университеттік қызметтердің толыққанды жасақталуы мен орындалуына ұсыныстар жасайды;
-    «Talant» апгрейд орталығы барлық жұмыстарын университеттің Жарғысына, Ішкі еңбек тәртібі Ережесіне және осы құрылым Ережесіне негіздеп жүргізеді.

 

 

Қызметкерлері

 

 

Коразбекова Карлыгаш Усипхановна

Орталық басшысы, доктор PhD

Тел : 8 701 662 3483

Мекен-жайы: Шымкент қ., А.Байтұрсынов көш, 13

Қазына ғимараты, Б корпусы, 318 кабинет

Email: korazbekova.karlygash@okmpu.kz

Егембердиева Алтынай Ильясовна

Әдіскер

Тел : 8 775 928 07 17

Мекен-жайы: Шымкент қ., А.Байтұрсынов көш, 13

Қазына ғимараты, Б корпусы, 318 кабинет

Email:  akow0717@mail.ru

Қуанышбек Айнұр Берікқызы

Маман

Тел : 8 707 456 9093

Мекен-жайы: Шымкент қ., А.Байтұрсынов көш, 13

Қазына ғимараты, Б корпусы, 318 кабинет

Email: aponti.kuanyshbek@gmail.com

 

Сатымкулова Назерке Валиханқызы

Маман

Тел: 8 771 481 91 08

Мекен-жайы: Шымкент қ., А.Байтұрсынов көш, 13

Қазына ғимараты, Б корпусы, 318 кабинет

Email: Satymkulova1818@mail.ru