- Кітапхана
-
Кітапхана 2011 жылдың қыркүйек айында құрылған және университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Университет кітапханасының басты мақсаты – білім алушылардың және оқытушы-профессорлар құрамының оқу процесін және ғылыми зерттеулерін оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету.
Кітапхананың міндеттері:
- ОҚМПУ-дің сапа саласындағы Саясаты мен Мақсатын жүзеге асыру;
- Сапа менеджменті жүйесінің сапа саласындағы міндеттері мен талаптарын орындау;
- университет оқырмандарына кітапханалық, анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету;
кітапхана қорын насихаттау, кітап көрмелерін, конференциялар, семинарлар және т.б. іс-шаралар ұйымдастыру;
құжаттарды ғылыми өңдеу және жүйелеу;
кітапхана қорын, университеттің оқу және ғылыми-зерттеу процестерін қамтамасыз ететін құжаттармен қалыптастыру;
алынған басылымдардың саны мен сапасын, олардың қозғалысын, есебін, кітапхана қорының құжаттарын есептен шығаруды басқару;
кітапхана қорына түсетін және шығатын құжаттарды есепке алу;
кафедралардың оқу жоспары мен жұмыс бағдарламаларына сәйкес кітаппен қамтамасыз ету картотекасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу: жүйелеу (КБЖ, ӘОЖ, ОЖ кестелері, Хавкинаның авторлық кестесі бойынша), пәндестіру;
- университет студенттері мен оқытушыларына, білім беру және ғылыми жұмыс бағыттарына сәйкес толық және жедел анықтамалық, библиографиялық және ақпараттық қызметтерді жүзеге асыру;
кітапханалық ақпараттық процестерді автоматтандыру негізінде ұсынатын кітапханалық қызметтердің сапасын арттыру;
кітапхана ақпараттық ресурстарды жинақтауды, сақтауды және енгізуді ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- бөлім қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру бойынша іс-шаралар өткізу.
Кітапхана қоры ақпараттық ресурстардың құрамдас бөлігі болып табылады және оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді, мерзімді басылымдарды қамтиды.
Кітапхана қорын қалыптастыру білім беру процесінің оқу пәндерінің профилін көрсететін жинақтаудың тақырыптық жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Қазіргі уақытта кітапхана үшін жинақтаудың негізгі көздері мыналар болып табылады: жоғары оқу орындарының кітапханаларына қызмет көрсетуге маманданған кітап саудасы фирмалары мен баспалары; мерзімді басылымдарға жазылу; жеке тұлғалар мен ұйымдардың сыйлықтары.
ОҚМПУ ОПҚ-ның электрондық оқулықтарынан, оқыту бағдарламалық құралдарынан, оқулықтарынан және оқу құралдарынан тұратын электрондық тасымалдағыштардағы қор қалыптастырылды.
Кітапхана қорының мазмұнын ашуға анықтамалық-библиографиялық аппарат көмектеседі. Кітапханада көлемімен, мазмұнымен және құрылымымен ерекшеленетін каталогтардың әртүрлі түрлері ұйымдастырылып, жүргізіледі: алфавиттік, жүйелі, электронды каталогтар.
Алфавиттік каталог кітапхананың барлық каталогтарымен байланыстырушы буын болып табылады. Негізгі библиографиялық жазбалары бар карточкаларда толық жіктеу индексі, пәндік айдарлар, түйінді сөздер, осы басылымның даналарының саны және олардың инвентарлық нөмірлері және кітапхананың қай бөлімшелерінде бар екені көрсетіледі. Библиографиялық жазбалар жеке авторлардың тектерінің, ұжымдық авторлардың атауларының немесе құжаттардың атауларының әліпбилік ретімен орналастырылады.
Жүйелі каталог – бұл кітапханалық каталог, онда библиографиялық жазбалар әмбебап-ондық жіктеудің (ӘОЖ) белгілі бір жүйесіне сәйкес білім салалары бойынша орналасады және ақпараттық функцияны орындайды, әртүрлі білім салалары бойынша әдебиет туралы ақпаратты ұсына отырып, кітапхана қорының мазмұнын ашады: каталог жалпы салалар, бөлік немесе жеке мәселе бойынша әдебиетке сұранысты қанағаттандырады.
Электронды каталог – бұл уақыт режимінде жұмыс істейтін және кітапхана оқырмандарының қарамағына ұсынылған машинамен оқылатын формадағы кітапханалық каталог. Электронды каталогта кітаптарды сипаттаумен қатар, кітапхана алатын газеттер мен журналдардан, сондай-ақ ғылыми жинақтар мен конференция материалдарынан алынған мақалалардың сипаттамасы ұсынылған.
Қазіргі цифрландыру заманында шетелдік және республикалық электрондық дерек қорларын пайдалану үшін студенттерге мүмкіндік жасалған. Пайдаланушылар «КАБИС» электронды каталогын университет кітапханасындағы бар кітаптардың қорын анықтау үшін пайдаланады.
Пайдаланушылар үшін қашықтықтан білім алу мақсатында "Aknurpress" цифрлық кітапханасы және "Smart Kitap" электронды онлайн кітапханасы сатып алынды.
Кітапхана штаты 11 (он бір) адамды құрайды, барлығының жоғары арнайы кітапханалық білімі бар.
Кітапхана Қазақстанның ірі кітапханаларымен және Шымкент қаласының кітапханаларымен жұмыс істейді. Кітапхана қызметкерлері біліктілікті арттыру үшін әртүрлі тақырыптар бойынша өткізілетін конференциялар мен семинарларға қатысады.
Кітапхананың барлық құрылымдық бөлімшелері қажетті кітапханалық жабдықтармен және жиһазбен, компьютерлік және көшіру-көбейту техникасымен жабдықталған.
- Қызметкерлері
-
Шамбулова Халида Камбарбековна
Кітапхана басшысынының орынбасары
e-mail: kshambulova64@mail.ru
тел.:
Оспанова Тажихан Абибуллаевна
Кітапханашы
e-mail: otazhixan@bk.ru
тел.:
Хамзина Бактыгуль Бастековна
Кітапханашы
e-mail: <baktygulh73@mail.ru
тел.:
Рагимова Сауле Казихановна
Кітапханашы
e-mail: saulie.raghimova.@mail.ru
тел.
Таубаева Акмарал Туймебаевна
Кітапханашы
e-mail: taubayeva1970@mail.ru
тел.:
Керімбаева Элеонора Мәлібекқызы
Кітапханашы
e-mail: eleonora.0707@mail.ru
тел.:
Мамыраева Ботакоз Ергешалиевна
Кітапханашы
e-mail:mamyraevabota@gmail.com
тел.:
Сатенова Карлыгаш Абдымаликовна
Кітапханашы
e-mail: Satenova_1988@mail.ru
тел.: